Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Филология

«Филология» білім беру бағдарламасы

бойынша докторантура түлек моделі

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Филология саласында жүйелі білім қалыптастыру және инновациялық технологияларды қолдану, докторанттарға ғылыми-зерттеу әдістері мен лингвистикалық және әдебиеттанулық үдерістердің талдауларын меңгерту.

Берілетін дәреже

«8D02301- Филология» білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы  

Маман қызметтерің тізімі

Филолог-зерттеуші, білім беру мекемелеріндегі филолог-оқытушы, ғылыми қызметкер, шешендік өнер бойынша және тіл мәдениеті бойынша маман.

Кәсіби қызметтерінің нысандары
Білім беру, ғылыми зерттеу, әдеби шығармашылық, ұйымдастыру және басқару, баспа ісі, өндіріс және басқару және т.б.
Кәсіби қызметтерінің функциялары

- тіл білімі және әдебиеттану салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;

- білім беру, мәдениет, басқару, БАҚ, мәдениетаралық қарым-қатынас саласында, әлеуметтік-гуманитарлық салаларда филологиялық білімдерді пайдаланумен байланысты кәсіби қызметтерді жүзеге асыру;

- білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыруға қатысу;

- баспа өнімдерін түзету және өңдеу.

Жеке қабілеттері

патриотизм; тұлғааралық өзара қарым-қатынас барысында этикалық және адамгершілік құндылықтарды насихаттау;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеру;

- ізденушілік, сын тұрғысынан талдау, ғылыми ақпаратты жалпылау және жүйелендіру қабілеті;

- тез тіл табысу, өмір бойы білім алу қабілеті;

- жоғары тіл мәдениеті, эмпатия, креативтілік. 

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары)

Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады:

1) филология ғылымының өзекті проблемаларының білімдерін, дәстүрлі және заманауи әдістерін интеграциялау;

2) ғылым және білім, мәдениет, өндіріс, қоғамдық-саяси өмір және мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларында филологиялық сарапшылық және консультациялық қызметтерді жүзеге асыру;

3) әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгермелі жағдайларында филология ғылымының және де пәнаралық салалардың мәселелерін шешу, ғылыми жобалармен жұмыс істеу дағдыларын игеру;

4) студенттер мен магистранттардың зерттеушілік құзіреттілігін қалыптастыру үлгілерін құрастыру және негіздеу.

 


PDF