Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Экономика

«Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураның түлек моделі

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Тиісті циклдарда  олардың  көлемін көрсете отырып біріктірілген пәндер мен білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері бойынша докторанттар дайындаудың мазмұнын жалпы сипаттау.

Берілетін дәреже

«8D04101 Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия (PhD) докторы

Маман лауазымдарының тізбесі

сараптама орталығының жетекші зерттеушісі, экономикалық зерттеулер тобының жетекшісі, оқу орнының желілік бөлім менгерушісі (кафедра, профессорлық-оқытушылық құрам, университеттің басқару органдары). 

Кәсіби қызметтерінің функциялары

- студенттердің пәндік белсенділігін ұйымдастыру және процесті басқару;

- мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

- тәжірибелік қызметте заманауи зерттеу әдістерін қолдануға;

- мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

- кəсіпорынның коммерциялық құпияларын сақтау жағдайында, көбінесе қолданбалы экономиканың ерекше салаларында күрделі проблемалар бойынша білікті тұжырымдар жасау, олардың идеялары мен тұжырымдарын мамандарға да тиімді хабарлау;

- экономикалық дамудың жаңа тәсілдері мен әдістерін құруға айтарлықтай үлес қосып, теориялық және қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерді жоғары деңгейде жүзеге асыру;

- ғылыми және кәсіби контекстте - технологиялық, әлеуметтік және мәдени прогреске жәрдемдесу;

- экономиканың түрлі ғылыми экономикалық теориялары мен идеяларын сыни талдау, бағалау және салыстыру дағдыларын меңгеру;

- аналитикалық және тәжірибелік зерттеулер жүргізу;

- экономикалық зерттеулердің нәтижелерін жоспарлау және болжау, оларды жүзеге асыру;

- экономикадағы таңдалған ғылыми әдіснаманың сапасы мен тиімділігін көрсету.

Жеке қабілеттері

Жалпы азаматтық қасиеті: өмірлік ұстанымы белсенділігімен айқындалатын патриотизм, азаматтылық  азаматтық сана, заңға бағынушылық, өздерінің азаматтық құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне түсінушілік таныту, азаматтық, ҚР салық заңнамасын білу.

Рухани-адамгершілік қасиеттер: адамгершілік, адалдық, ар-намыс, шыдамдылық, басқа нанымдарға, көзқарастарға, әлем мен салт-дәстүрлерге толеранттық таныту, ұқыптылық, мейірімділік.

Зияткерлік қасиеттер: үлкен ақпарат көлемін өңдеуге және жұмысқа дайындығы, мағлұматтылығы, сыни және логикалық ойлау, жақсы аналитикалық дағдылары, "суретті тұтастай" көру, стратегиялық ойлау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, Excel бағдарламасын сенімді иелену, өмір бойы білім білім алуға ұмтылу, ағылшын тілін меңгеру.

Іскерлік қасиеттер: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, икемділік, тез бейімделу, топта жұмыс істей білу қабілеті,  шұғыл жағдайларда стандартты емес шешімдерді қабылдау, деректердің құпиялылық стандарттарын түсіну, бизнес қағидаттары мен тәжірибесін терең түсіну.

Ұйымдық-еріктік қасиеттер: мақсаткерлік, өзіне талап қоя білуі, өзіне сын көзбен қараушылық, ұйымдастырушылық, қарым-қатынасқа бейімділігі, жалпы мәдениет, ерік-жігер,  қойылған мақсатқа жету үшін қабілеті, тапқырлық, бастамашылдық және идеяларды генерациялау қабілеті, ұжымда және ұжыммен жұмыс жасауға  қажеттілік, жетістік сезімі.

Ерекше қасиеттер: жоғары жұмыс қабілеттілігі,  үздік болу үшін тұрақты түрде талпыну, бәрін ең жақсы түрде істеуге ұмтылу.

Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) 

 Білім беру бағдарламасы бойынша соңында түлектер:

1) зерттеу саласын жүйелі түрде түсінгенін көрсету, осы салада қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгеру;

2) маңызды ғылыми процестерді ғылыми көзқараспен ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету;

3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылым саласының шекарасын кеңейтуге өздерінің түпнұсқа зерттеулерін енгізу;

4) жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;

5) өздерінің білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа жеткізу;

6) білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуында академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға жәрдемдесу.

 


PDF