Биология
«Биология» білім беру бағдарламасы
бойынша докторантураның түлек моделі
Білім беру бағдарламасының мақсаты | |||
Ғылыми педагогикалық кадрларды бәсекеге қабілетті кәсіби және ғылыми түсініктерге ие, оларды практикалық іске асыру дағдылары мен ғылыми атақтары бар PhD доктор дәрежесінде ғылымның мұқтаждықтарын қамтамасыз ете отырып, молекулалық биология, қазіргі ботаника және өсімдіктер биохимиясы саласындағы өндірісті қалыптастыруға дайындау. |
|||
Берілетін дәреже | |||
«8D05101-Биология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) |
|||
Маман лауазымдарының тізбесі | |||
ғылыми-зерттеу институтындағы ғылыми қызметкер, генетикалық, экологиялық, геоботаникалық, биотехнологиялық, агрономиялық, молекулярлы-биохимиялық зертханалардың маманы, жоғары оқу орынның оқытушылары, ғылыми-зерттеу жобалардың жетекші, ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылық басқармасының және республикалық табиғатты қорғау агентігінің жетекші маманы. |
|||
Кәсіби қызметтерінің нысандары | |||
- жоғарғы және орта кәсіптік білім ұйымдары; - өсімдік биохимиясы мен молекулалық биологияны ғылыми-зерттеу және жобалау мекемесі; - ботаникалық ғылыми-зерттеу институты; - республикалық табиғатты қорғау агенттігі, обылыс әкімдігі және аудан жанындағы бөлімдер басқармасы; - ауыл шаруашылық өндірісі, фармацептік, әкімшілік, эксперттік, табиғатты қорғау мекемелері (ботаникалық бақ, өсімдікті қорғау станциясы, селекционерлік және сұрыптау станциялары); - дәрігерлік станция; - коммерциялық қызмет. |
|||
Кәсіби қызметтерінің функциялары | |||
- ғылыми экспериментті-зерттеу қызметі молекулалық биологияны және өсімдік биохимиясы, қазіргі ботаниканы зерттеу саласында; - табиғатты қорғау және жобалық функциялық ғылыми жұмыстарды әзірлеу кезінде табиғатты қорғау обьектісінің жобасы және биологиялық әртүрлілікті қорғау; - биологиялық өнеркәсіп өндірісінде ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметін басқару; - ғылыми жетістікке негізделген инновациялық технологияларды молекулалық биология және өсімдік биохимиясы, қазіргі ботаникада эксперттік, консультативтік, профилактикалық жұмыстарды қолдану; - білім орындарында педагогикалық қызметте білім және тәрбие ролін жүзеге асыру; |
|||
Жеке қабілеттері | |||
|
|||
Оқыту нәтижелері (Дублин дескрипторлары) |
|||
Білім беру бағдарламасын аяқтаған соң түлектер істей алады: 1) зерттеу саласын жүйелі түрде түсінгенін көрсету, осы салада қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгеру; 2) маңызды ғылыми процестерді ғылыми көзқараспен ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету; 3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылым саласының шекарасын кеңейтуге өздерінің түпнұсқа зерттеулерін енгізу; 4) жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу; 5) өздерінің білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа жеткізу; 6) білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуында академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға жәрдемдесу. |