Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ корпустары

А.Байтұрсынов атындағы  Қостанай мемелекеттік университетінің оқу үрдісіне арналған 6 заманауи оқу корпустары бар, оның жалпы ауданы 76 226,2 ш.м., жарық және жылы дәрісханаларымен, оқу зертханалармен мұражайлар, шеберхана, акт залдар, спорт ғимараттар мен көптеген тамақтану орындары және медицина орталығымен студенттік жатаханалары бар.

 

 

 

Заманауи бәсекелесуге қабілетті мамандарды дайындау үшін оқытушылармен студенттердің пайдалануында 248 оқу дәрісхана, 53 зертхана, 450 орынға арналған  45 компьютерлік сынып, 32 мамандырылған кабинет соның ішінде 2 лингфон кабинеті, ілеспе аударма кабинеті, оқу-сот процессының залы, криминалистика полигоны, 2 павильон, ветеринариялық клиникасы бар.

 

250 орынға арналған мультимедия және проекциялық жабдықтармен қамтамасыз етілген 11 дәрісхананың бар болуы оқу үрдісінің сапасын айтарлықтай жақсартады.

 

 

 

 

Әр корпуста медециналық кабинеттер орналасқан, керек жағдайларда студенттер  жоғары деңгейлі көмек ала алады.

 

Университетте студенттермен және басқа да келушілерге қоғамдық тамақтану орындар жүйесі (екі дәмханамен және  буфеттер) құрылған. Бұл жерде дәмді және арзан тамақтануға болады, әрқашанда кең тандаулы тағамдар әзірленеді.

 

Бұдан басқа университетте хабарлау терминалдар және дүнгіршектер арқылы керек хабарламаны алуға, банктік операцияларды откізуге, қажетті құжататардың көшірмесің жасауға және кофе ішуге де болады.

 

Университеттің барлық корпустары білім мекемесінің қызметіне қойылған санитарлық нормалары мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптары, мемлекеттік жалпы міндетті стандарты мен біліктілік талаптарына сай.

 

Университеттің корпустары және факультеттердің орналасқаны туралы осы жерден қарай аласыз.


PDF