Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Студенттік жатақхана

Жатақханаға мұқтаж барлық студенттерге университет мүмкіндік беріп отыр. Университетте 720 орынға арналған 2 студенттік жатақхана (Студенттер үйі) бар. №1 студенттер үйінде 156 тұрғын жай бөлмесі бар, олар 400 студенттің жайлы өмір сүруін қамтамасыз етеді. №2 студенттер үйінде  – 320 орындық 123 тұрғын бөлме бар. Жатақханалар кең, жалпы ауданы 4478 шаршы м. (№1 студенттер үйі) және 3962 шаршы м (№2 студенттер үйі). Бөлмелер 2-3 адамға арналған, сабаққа дайындалуға және демалуға лайық жиһаздармен жабдықталған, бәрімен қамтамасыз етілген жайлы.

 

Тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз ететін барлық әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің кешені қарастырылған. Қосымша қызметтердің де бар. Жатақханада электрлі тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілген буфет, демелыс бөлмелері, интернет, медициналық бөлмелер, тұрмыстық бөлмелер жұмыс жасайды. Сонымен қатар студенттердің бос уақытын тиімді өткізуіне және сабаққа өз беттерімен дайындалуына тиісті жағдай жасалған.


Университеттің инфрақұрылымына студенттердің тамақтану комбинаты, кафе, корпустардағы буфеттер, корпустардағы медпунктары бар медициналық-санитарлық көмек орталығы, университеттің мұражайлық кешендері де кіреді.


PDF