Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ғылыми кітапхана

Университет инфрақұрылымында ғылыми кітапхана - ақпараттық-білім беру орталығы «Центр знаний - Білім орталығы» маңызды орын алады.

 

«Білім орталығы» ақпараттық-білім беру орталығы 2006 жылдың қыркүйегінде қолданысқа енгізілді. Ең заманауи талаптарға сай жобаланған және жабдықталған «Білім орталығы» АБО 4 абонемент, 2 оқу залы, Интернет-зал, дәріс залы, әдеби қонақ бөлмесі бар. Мұнда 90 орындық студенттік кафе бар. Білім орталығының жалпы ауданы 4500 ш. м. құрайды, оның 1500 ш. м. кітап сақтау қоймасына бөлінген. Кітапханада оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің жалпы саны 107 018 дананы құрайды.

 

 

 

 

«Білім орталығы» ХБК қызметін автоматтандыру үшін IRBIS 64 жүйесі енгізілген, бұл жүйеде қорларды каталогтауға арналған кең мүмкіндіктер жиынтығы, икемді интерфейс, бағдарламаларды пайдаланушыларды басқару жүйесі және деректерді сақтаудың дамыған жүйесі бар. 

 

Әдебиет және оқырман билеттерінің қорын штрих-кодтау енгізілді, бұл электронды кітап беру процесін автоматтандыруға және оқырмандармен жұмыс істеу кезінде уақыт шығынын қысқартуға мүмкіндік берді.

 

Университеттің әрбір корпусында оқу залы бар, онда осы корпуста орналасқан факультет профилі бойынша қажетті әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ұсынылған. Оқу залдары Интранет пен Интернетке қатынайтын компьютерлермен жабдықталған. Қордың сақталуын қамтамасыз ету үшін оқу залдарында "антикражды" жүйе орнатылған. Университеттің оқу залдарының жалпы сыйымдылығы-700 орындық.


PDF