Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

 2019 жылдың 27 қарашасында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ң аграрлық-техникалық институтының ветеринарлық медицина кафедрасында «түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері және оларды шешу жолдары» туралы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысқандар: Аграрлық-техникалық институтының директоры Исабаев Азамат Жақсыбекұлы, Ветеринарлық медицина кафедрасының меңгерушісі Аубакиров Марат Жақсылыкович, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Мансап және жұмыспен қамту орталығының жетекшісі Исмаилова Анара Сабыровна, Мансап және жұмыспен қамту орталығының аға маманы Есетаева Айгүл Мұхаметқали-евна, Ауылшаруашылық техникалық институты директорының мансап және жұмысқа орналасу жөніндегі орынбасары Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы, «Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» ҚР ВҚК және АШМ мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Абраева Алия Абуовна,  «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Жанатаева Акалтын Хакимжановна, «Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі » мемлекеттік мекемесінің бас маманы Аркаев Серик Тимошевич, сонымен қатар 5В120100 - Ветеринарлық медицина мамандығы-ның 5 курс студенттері және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Аграрлық-техникалық институтының 5В120100 – Ветери-нарлық медицина мамандығының магистранттары.           Кездесу бағдарламасында университеттің мамандарын заманауи еңбек нарығының талаптарына сай даярлау сапасы, ветеринарлық медицина департаментінің облыстық  кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелерімен серіктестіктің болашағы туралы мәселелер талқыланды; дөңгелек үстел барысында 5 баяндама тыңдалды. Ұсынылған баяндамалар ерекше  және қызығушылық тудырды және дөңгелек үстелге қатысушылармен талқылан-ды. Дөңгелек үстелдің нәтижелерін Аграрлық-техникалық институтының мансап және жұмысқа орналастыру жөніндегі орынбасары Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы қорытындылады. Олар дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығына белсенді қатысқандары және ынтымақтастықтары үшін алғыс білдірді.  
2019 ж. 22 қарашада сағат 10.00-де 121 аудиторияда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-техникалық институты ветеринарлық медицина кафедрасында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған "Жастардың Қазақстанның ветеринарлық ғылымын дамытуға қосқан үлесі" атты студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның ашылуы ветеринарлық медицина кафедрасының меңгерушісі РhD докторы М. Ж. Аубакировтың, ветеринарлық медицина кафедрасының профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы М. К. Мұстафиннің құттықтау сөзінен басталды. ветеринария және мал шаруашылығы білім беру бағдарламалары бойынша әдістемелік комиссияның төрағасы, аға оқытушы, PhD докторы Айтжанова И. Н. барлығы 5В120100 - Ветеринарлық медицина мамандығының 2-5 курс студенттерінің 15 ғылыми жұмыстары тыңдалды. Студенттердің ғылыми жұмыстарын білікті әділқазылар бағалады.   Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. І орынды 5 курс студенті Тлемис Мөлдір иеленді (ғылыми жетекшісі: Аубакиров М. Ж. - РhD докторы, доцент), сонымен қатар І орынды 4 курс студенті Зубченко Анжелика иеленді (ғылыми жетекшісі– Кулакова Л. С., в.ғ. к., профессор). Жүлделі ІІ орынды 4 және 5 курс студенттері Кравцов Илья (ғылыми жетекшісі: Кулакова Л. С. - в.ғ. к., профессор) және Тоха Дархан (ғылыми жетекшісі: Сыздыков Ж. С. –аға оқытушы) иеленді. ІІІ орынды 2 курс студенті Кушубенова Асель (ғылыми жетекшісі: Абилова З. Б – м.в. ғ. к., оқытушы) және 5 курс студенті Асанов Данияр (ғылыми жетекшісі: Жабықпаева А. Г. – м. в. ғ. к., оқытушы) иеленді.   Конференцияның қалған қатысушылары белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.   Қазылар алқасының төрағасы, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Мустафин М. К.. конференция өте жоғары деңгейде өткенін атап өтті.  
Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасына ағымдағы оқу жылының басынан бастап "Атамекен" КҰП бастамасымен ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп "Кәсіпкерлік негіздері"пәні енгізілді. Тренингті А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және құқық институтының біліктілігін арттыру курстарынан өткен оқытушылар жүргізеді: Курмангалиева А.К., Калкабаева А.Е., Бекенова А.А., Нурахметова Г.С., Алдабергенова А.И. Осы пән аясында 36 факультативтік сағат ішінде бітіруші курс студенттері бизнес-жобаларды дайындау бойынша оқудан өтеді. Курс соңында жаңа бастаған кәсіпкерлердің әзірленген бизнес идеяларының презентациясы болды. Жұмыстың сапасы мен тиімділігін бағалау үшін "Атамекен" КҰП, "Тобыл "ӘКК" АҚ және жұмыс істеп тұрған "Олжа-Агро" ЖШС жетекші мамандары шақырылды. Сарапшылар назарына 10 жоба ұсынылды, олардың ішінде ақылды суару жүйесі, қаңқасыз жиһаз өндірісі, маникюр салоны, Шина қонақ үйі, шыны өңдеу, кондитерлік, пончиктер дүңгіршегі, үйлену агенттігі және SMM агенттігі. Айта кету керек, жобаларды қорғау қорытындысы бойынша "Олжа-Агро" ЖШС "Шинный отель" жобасын қаржыландыруға келісті, ал шыны өңдейтін стартап "Тобол "ӘКК"АҚ жәрмеңкесіне шақырылды. Біздің студенттерге сәттілік тілейміз!
Жыл сайын Студенттер күніне "Өнер"студиясында танысу кешін өткізу дәстүрге айналды. Осы іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуді кезекпен белгілі ұжым: вокалистер, бишілер мен домбырашылар алады. Осы жылдың кешін домбырашылар ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты - әр түрлі сынып студенттерін таныстыру және жақындастыру, ең бастысы-студенттердің қызығушылықтары аясын кеңейту. Кеш басында жүргізуші "Өнер"студиясының қызметі туралы ақпарат береді.  Содан кейін жоғары курс студенттері өздері туралы айтады: қашан айналыса бастады, сабақ кезінде нені үйренгендері, қандай жетістіктерге жеткендері және әрине, бірінші курс студенттерін студияда сабақтарға үзбей қатысуға шақырады. Жауап ретінде жаңадан келген  бірінші курстықтар өздері туралы айтып, номинациялар  бойынша  дайындалған нөмірлерін көрсетеді.
    А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 20 қараша 2019 жылы сағат 15:00 Экономика және құқық институтының оқу залында – «Фемида+» тұтынушылар құқықтырын қорғау қоғымы» қоғамдық бірлестігі «Қостанай облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу» атты әлеуметтік жобасы аясында «Қостанай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықтың құқықтық сауаттылығын және құқықтық мәдениетін арттыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Студенттер нақты мемлекеттік органдардан тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ақпаратты алды. Бұндай шараларды ұйымдастыру азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және заңды құрметтеу дәстүрлерін қалыптастыруға ықпал етеді.
А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ бірінші қабатынада консультациялық «Кеңес орталығының» жұмысы жүргізілді. Оның басты мақсаты студенттер мен оқытушыларға маңызды, өзекті сұрақтар бойынша қызметтер мен кеңестер беру. «Біз өзіміздің ұжымымызға қараймыз. Бүгінгі күні біршама сұрақтар жиналып, ЖОО-дың аясында арнайы кеңес орталығын ұйымдастыру шешімін қаблдаған болатынбыз», - дейді экономика және құқық институты директорының орынбасары Какенов Абылай-хан. Оқу орнынан шықпай-ақ студенттер мен оқытушылар құрамы тұрғын үй, бос жұмыс орын, сақтандыру, зейнетақы мәселелері және түлектер мен студенттерді жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы ақпарат алды. Бұл үшін арнайы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Азаматтарға арналған үкімет», «ЖИТС орталығы», «Қан орталығы», «Медициналық сақтандыру қоры», Зейнетақы қоры,  әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары шақырылған болатын. Айта кетсек, орталықтың жұмыс уақыты аралығында 76 адам кеңес алды. Сонымен қатар, «Кеңес орталығы» жұмысының аясында заң және халықаралық құқық студенттері Қан және ЖИТС орталықтарының мамандарымен арнайы тренингтен өтті Қажеттілік бойынша бұндай шаралар жалғасын табады.
1 2 3 4 5