Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Аграрлы- техникалық институты Ветеринариялық медицина кафедрасында өткен студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы

2019 ж. 22 қарашада сағат 10.00-де 121 аудиторияда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-техникалық институты ветеринарлық медицина кафедрасында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған "Жастардың Қазақстанның ветеринарлық ғылымын дамытуға қосқан үлесі" атты студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның ашылуы ветеринарлық медицина кафедрасының меңгерушісі РhD докторы М. Ж. Аубакировтың, ветеринарлық медицина кафедрасының профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы М. К. Мұстафиннің құттықтау сөзінен басталды. ветеринария және мал шаруашылығы білім беру бағдарламалары бойынша әдістемелік комиссияның төрағасы, аға оқытушы, PhD докторы Айтжанова И. Н. барлығы 5В120100 - Ветеринарлық медицина мамандығының 2-5 курс студенттерінің 15 ғылыми жұмыстары тыңдалды. Студенттердің ғылыми жұмыстарын білікті әділқазылар бағалады.

 

Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. І орынды 5 курс студенті Тлемис Мөлдір иеленді (ғылыми жетекшісі: Аубакиров М. Ж. - РhD докторы, доцент), сонымен қатар І орынды 4 курс студенті Зубченко Анжелика иеленді (ғылыми жетекшісі– Кулакова Л. С., в.ғ. к., профессор). Жүлделі ІІ орынды 4 және 5 курс студенттері Кравцов Илья (ғылыми жетекшісі: Кулакова Л. С. - в.ғ. к., профессор) және Тоха Дархан (ғылыми жетекшісі: Сыздыков Ж. С. –аға оқытушы) иеленді. ІІІ орынды 2 курс студенті Кушубенова Асель (ғылыми жетекшісі: Абилова З. Б – м.в. ғ. к., оқытушы) және 5 курс студенті Асанов Данияр (ғылыми жетекшісі: Жабықпаева А. Г. – м. в. ғ. к., оқытушы) иеленді.

 

Конференцияның қалған қатысушылары белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

 

Қазылар алқасының төрағасы, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Мустафин М. К.. конференция өте жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

 


PDF