Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша бизнес-жобалардың презентациясы

Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасына ағымдағы оқу жылының басынан бастап "Атамекен" КҰП бастамасымен ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп "Кәсіпкерлік негіздері"пәні енгізілді.

Тренингті А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және құқық институтының біліктілігін арттыру курстарынан өткен оқытушылар жүргізеді: Курмангалиева А.К., Калкабаева А.Е., Бекенова А.А., Нурахметова Г.С., Алдабергенова А.И.

«Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша бизнес-жобалардың презентациясы

Осы пән аясында 36 факультативтік сағат ішінде бітіруші курс студенттері бизнес-жобаларды дайындау бойынша оқудан өтеді.

Курс соңында жаңа бастаған кәсіпкерлердің әзірленген бизнес идеяларының презентациясы болды. Жұмыстың сапасы мен тиімділігін бағалау үшін "Атамекен" КҰП, "Тобыл "ӘКК" АҚ және жұмыс істеп тұрған "Олжа-Агро" ЖШС жетекші мамандары шақырылды.

«Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша бизнес-жобалардың презентациясы

Сарапшылар назарына 10 жоба ұсынылды, олардың ішінде ақылды суару жүйесі, қаңқасыз жиһаз өндірісі, маникюр салоны, Шина қонақ үйі, шыны өңдеу, кондитерлік, пончиктер дүңгіршегі, үйлену агенттігі және SMM агенттігі.

Айта кету керек, жобаларды қорғау қорытындысы бойынша "Олжа-Агро" ЖШС "Шинный отель" жобасын қаржыландыруға келісті, ал шыны өңдейтін стартап "Тобол "ӘКК"АҚ жәрмеңкесіне шақырылды.

«Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша бизнес-жобалардың презентациясы

Біздің студенттерге сәттілік тілейміз!


PDF