Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Факультет туралы

 

1. Факультет туралы қысқаша ақпарат



 

Құрылған жылы1992;

 

Ұжымы50-ден астам оқытушылар;

 

Оқушылар контингенті900-ден астам студенттер мен магистранттар; 

 

Түлектер: 1500-нан астам;

 

Мамандықтар:


  • 5В030100-Құқықтану (бакалавриат);
  • 6М030100-Құқықтану (магистратура).

 

Кафедралар:

 

  • Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
  • Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы
  • Қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасы

 

 

 

 

2. Материалдық-техникалық база

 

Заң факультетінде студенттер мен магистранттарға мамандықтың білім беру бағдарламаларын игеруге, негізгі және арнайы құқықтану пәндері бойынша теориялық білімді бекітуге және оларды практикада қолдану үшін дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дамыған материалдық-техникалық базасы бар.



 


Оқу дәрісханалары

 


Сот процесінің оқу залы

 


  

Трасология және баллистика бөлмесі

Криминалистикадан сабақ өткізуге арналған бөлме. Трасология, баллистика, жазуды танып айыру, габитоскопия (адамның сытрқы белгілері), қауіпті және оқ ататын қарудың  үлгілері, көрнекі құралдары берілген  стендтермен жабдықталған 

 

 

Тергеу әрекеттерінің бөлмесі

Кәдімгі пәтердің бөлмесіне ұқсатып жабдықталған және тергеу әрекетінен практикалық сабақ өткізуге арналған: оқиға болған жерді тексеріп қарау, тінту, мәйітті зерттеу және т.б.  

 

 


 

 

Оқу залы №2

Заң факультетінің студенттеріне құқықтанудың барлық салалары бойынша оқу және ғылыми әдебиетті, журналдар мен газеттерді қолдануға мүмкіндік береді. Оқу залының 

 компьютерлері жоғары жылдамдықты лимитсіз Интернетке шығу мүмкіндігімен бірыңғай корпоративтік желіге қосылған 

 

 

Магистранттарға арналған кабинет

Оқу дәрісханаларынан басқа факультет магистранттарының сабаққа дайындалу үшін компьютерлік техникамен жабдықталған арнайы кабинетті қолдануға мүмкіндіктері бар

 

 

 

 

Қоғамдық студенттік заңгерлік кеңесі

«Фемида»

тұтынушы құқықтарын қорғау ұйымы мен қорғаушы О.С.Оразбаевтың көмегімен құрылған.

Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы саласындағы  студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыруға арналған.

Студенттер азаматтық-құқықтық дауларды шешу үшін нақты жұмысқа қатысады. 

 

 

 

3. Құқық қорғаушы, соттық және басқа да органдар өкілдерінің оқу үрдісіне қатысуы

 

Әлеуетті жұмыс берушілермен тығыз байланыссыз заңгерлерді сапалы деңгейде оқыту мүмкін емес. Факультет студенттерінің практика өтетін базалары болып табылатын, оқу үрдісін ұйымдастыруға көмек көрсететін сот, прокуратура және құқық қорғаушы органдарымен, мемлекеттік билік органдарымен және Қостанай аймағының басқармасымен тығыз ынтымақтастық орнатылған.

Осындай ынтымақтастықтың арқасында жыл сайын 2,3,4 курс студенттері түгел оқу және өндірістік практика өтуге жіберіледі.

 

 

 

 

 

Сот және құқық қорғаушы органдары қызметкерлерінің сабақ өткізуі

 

 

 

 

 

Заң факультетінің оқыту сот процесі залында көшпелі сот мәжілісі өтуде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Факультет студенттері

Қостанай қалалық соттарында қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот мәжілістеріне үнемі қатысады

 

 

 

4. Қамқоршылар кеңесі 

 

Оқу үрдісінің тиімділігін, еңбек нарығында талап етілген мамандарды дайындауды жетілдіру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2007 жылдан бастап факультеттің Қамқоршылар кеңесі жұмыс істейді.

 

Қамқоршылар кеңесінің төрағасы

Кайбжанов М.Ж.,

Қостанай облысының прокуроры, аға заң кеңесшісі

 

Қамқоршылар кеңесінің құрамына прокуратура, сот, құқық қорғаушы органдарының, мемлекеттік билік пен басқарма органдарының бірінші жетекшілері кіреді


 

 

5. ҚР Білім және ғылым министрлігінің А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ базасындағы «Құқықтану» мамандықтар тобы бойынша оқу-әдістемелік секциясы 

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құқықтану» мамандықтар тобы бойынша оқу-әдістемелік секциясының құрамына кірген заң факультеті заңгерлік мамандықтарының білім беру бағдарламаларын жетілдіру жұмысына белсенді қатысады. 2005 жылдың қараша айында және 2009 жылдың ақпан айында факультет базасында Оқу-әдістемелік секциясының екі отырысы өтті.

 

 

 

 

2005 жылдың қараша айында және 2009 жылдың ақпан айында факультет базасында Оқу-әдістемелік секциясының екі отырысы өтті.

 


6.Түлектерді жұмысқа орналастыру

 

Түлектерді жұмысқа орналастыру – кез келген ЖОО үшін маңызды мәселелердің бірі. Университеттің жұмысқа орналастыру бойынша өткізетін іс-шаралары, әлеуетті жұмыс берушілермен тығыз жұмыс жасауы және факультеттің жақсы беделі тұрақты болымды нәтиже береді. Факультетке жұмыс берушілерден факультет түлектерін жұмысқа орналасытурға ұсыныстар жиі түседі. Факультет түлектері республикалық және аймақтық деңгейдегі заңгерлік қызметтің барлық салаларында - мемлекеттік билік пен басқарма органдарында, құқық қорғаушы және сот жүйесі органдарында, үлкен компанияларда қызмет атқарады. Біздің түлектеріміздің арасында - «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушысы, Ресей Федерациясы облыстарының бірінде губернатор орынбасары, төрешілер, қала және аудан прокурорлары, әкім орынбасарлары, ұлттық компания департаменттерінің директорлары бар.

 

 

 

 

 

Факультет түлектерінің құқық қорғаушы және сот органдары, Қостанай облысының мемлекеттік билік органдарына бөлінуі:

 

Прокуратура органдары:  100 адамнан астам;

 

Сот жүйесі органдары: 50 адамнан астам;

 

Ішкі істер департаменті:  400 адамнан астам;

 

Кеден бақылау департаменті: 40 адамнан астам;

 

Әділет департаменті: 50 адамнан астам.

 



PDF