Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Факультет туралы

 

         

     Гуманитарлық-әлеуметтік факультеті күндізгі және сырттай оқу түрлері, негізгі және қысқартылған білім беру бағдарламаларында келесі мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асырады

бакалавриат:

5В020500-Филология (күндізгі, сырттай)

5В021000-Шетел филологиясы

5В020700-Аударма ісі

5В050300-Психология (күндізгі, сырттай)

5В050400-Журналистика

 

магистратура:

6М020500-Филология

6М021000-Шетел филологиясы

6М020700-Аударма ісі

6М010300-Педагогика және психология

6М050400-Журналистика

 

докторантура:

6D020500-Филология

6D021000-Шетел филологиясы

6D050400-Журналистика.

     Факультетте 500-ден астам студенттер, магистранттар мен доктаранттар оқиды. Соның ішінде 115-і мемлекеттік білім грантының иегерлері.

     Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің құрамына 7 кафедра кіреді:

 

  • тіл және әдебиет теориясы,
  • журналистика және коммуникациялық менеджмент,
  • шетел филологиясы,
  • психологии және педагогика,
  • философия,
  • практикалық лингвистика,
  • шет тілдер.

 

     Кафедра құрамында жоғары білікті профессор-оқытушылар жұмыс жасайды. Соның ішінде 4 ғылым докторы, 2 PhD докторы, 28 ғылым кандидаты мен 49 магистрлер. Сонымен қатар, шетелдік ғалымдар тәжірибесі бар:

-  Вилимек Витезслав (Острава Университеті, Чехия) Филология мамандығының студенттері мен магистранттарына дәріс оқыды.

-  Солдатова Л.Е., психология ғылымдарының докторы, профессор, Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті психология факультетінің деканы, студент-психологтарға мастер-класс өткізді.

- Дзялошинский И.М., филология ғылымдарының докторы, профессор ЭЖМ ҒЗУ (медиакоммуникация және дизайн факультетінің медиа департаменті), «Барлығына арналған ақпарат» ЮНЕСКО бағдарламасының Ресей комитеті төрағасының орынбасары, Еуразия телевидение және радио академиясының корреспондент-мүшесі болашақ журналистерге семинар өткізді.

                                    

                 И.М. Дзялошинский, профессор НИУ ВШЭ                                     Миненгулов Х.Ю., профессор КФУ (г.Казань)

                  со студентами кафедры журналистики                                            на кафедре теории языков и литературы

     

 

       Кафедраларда қазіргі заманғы зертханалар жұмыс істейді: лингвистикалық ғылыми - зерттеу зертханасы, инновациялық білім беру технологиялары зертханасы, практикалық психология зертханасы, заманауи медиажерттеу зертханасы, барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған оқу медиа студиясы.

          

     Лингвистикалық ғылыми-зерттеу зертханасы (ЛҒЗЗ) ғылыми зерттеулердің теориялық-әдістемелік деңгейін және нәтижелілігін арттырады. Осы мақсатта ЛҒЗЗ базасында оқыту ғылыми және ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізіледі. Зертхана Лингвистика және лингводидактика мәселелері, Аударма теориясы, әдістемесі және дидактикасы мәселелері бойынша ғылыми ізденістерді жүргізуде лингвист-ғалымдардың, докторанттардың, магистранттар мен филолог-студенттердің күш-жігерін шоғырландырады. ОҒЗЗ міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының ішінде де, шетелде де ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейту болып табылады. Сондықтан да ынтымақтастық үшін Қазақстан, жақын және алыс шетелдердің ЖОО-нан тіл үйрету әдістемесі бойынша лингвист-ғалымдар мен мамандар шақырылады.

     

 

          

     Практикалық психология кабинеті бұл студенттерге психодиагностика, психологиялық кеңес беру және түзету әдістерін, тренинг өткізу технологияларын меңгеруге мүмкіндік береді. Кабинет теледидар, DVD, музыкалық орталықпен, маркерлік тақтамен жабдықталған.  Кабинетте тренинг сабақтары, психологиялық кеңестер өткізіледі. Практикалық психология кабинеті өзекті мәселелер бойынша студенттермен мастер-кластар өткізетін практикалық психологтар үшін де ашық. Сонымен, кабинет базасында психодиагностикалық тестілердің электронды базаларының көрме-презентациялары; қазақстандық психологтар қауымдастығының өкілдерімен кездесу-семинарлар; халықаралық кәсіби психотерапиялық лигалар, психикалық денсаулықты қалыптастыру және сақтау мәселелері бойынша тренингтер; терапиялық тренингтер, психологиялық технологиялардың мастер-кластары өткізіледі, мамандардың кейінгі түсініктемелері бар оқыту және деректі фильмдерді қарау және басқа да бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

        

      Оқу медиа студиясы журналистік білім алуға ықпал етеді, студенттердің журналистік шеберлік технологиясын тануының, журналистік материалдарды жасау дағдыларын игерудің құралы болып табылады. Студия қазіргі заманғы түсірілім және монтаждық жабдықтармен, бейне және аудиоматериалдарды жазуға, сандық және бейсызық монтаждауға мүмкіндік беретін тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. Медиа студияның негізгі функционалдық мақсаты – студенттердің, болашақ журналистердің видеокамерамен жұмыс істеу, түсірілім, аудио - және бейнемонтаж жүргізу, теле және радиожурналистика және режиссура негіздерін меңгеру үшін жағдай жасау. Сонымен қатар студенттер камера алдында тележүргізуші ретінде өз күштерін сынап көреді. Мамандандырылған кабинеттердегі сабақтар журналистік білім беруді кәсіби қызмет форматтарына жақындатады, университет түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін және медиабілім сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

 

 

 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

          

     Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы гуманитарлық-әлеуметтік факультеті жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы шарттар, шәкіртақы және Халықаралық бағдарламалар шеңберінде келесі тетіктерді жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады:

- студенттік алмасу бағдарламасы бойынша оқыту;

 

- оқу және зерттеу практикасынан өту;

 

- республиканың басқа білім беру ұйымдарында Жазғы семестр ұйымдастыру.

 

     Факультеттің 4 бітіруші кафедрасының білім алушылары академиялық ұтқырлық ресурстарын тиімді пайдаланады.

     2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін АҚШ, Еуропа, ТМД елдерінің университеттерінде академиялық ұтқырлық бойынша 70-тен астам студент және магистрант білім алды.

     Сонымен қатар, білім алушылар тілдік дағдыларды жетілдіру үшін қосымша мүмкіндіктер табады. Шетел тілі бойынша дайындалған «Шетел филологиясы», «Аударма ісі» мамандықтарының студенттері жыл сайын Герман академиялық алмасу қызметі ұйымдастыратын байқауға қатысады. DААD.kz Германияда жазғы тілдік курстарда оқуға гранттар бөледі. Мысалы, 2015 жылы осындай курстарда Тихонюк Наталья (3 курс «Аударма ісі») және Сапабек Айгерим (3 курс «Шетел филологиясы») оқыды.  2017 жылдың шілде-тамыз айларында Иен қаласы университетінде Жекебатырова Айнұр (3 курс, «Аударма ісі») білім алды.

     Бұдан басқа, Қазақстандағы АҚШ елшілігі жыл сайын Global UGRAD халықаралық студенттік алмасу бағдарламасы бойынша грант алуға конкурс өткізеді. 2016-2017 оқу жылында осы бағдарламаның сәтті финалисті «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті Замалдинова Эльмира болды. Жыл бойы ол Вайоминг штатының университетінде оқыды (University of Wyoming, city of Laramie, Wyoming,USA).

     Сондай-ақ, жыл сайын «Журналистика» мамандығының 1 курс студенттері жоғары оқу орындары арасындағы келісім-шартты жүзеге асыру аясында Челябинск қаласындағы (Ресей) Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінің қабырғасында оқу практикасынан өтеді. Студенттер Челябі облысына хабар тарататын ЮУрГУ-ТВ телеарнасында тәжірибеден өтеді. Олар өздерін репортер, жетекші, операторлар ретінде сынап, тәжірибе жетекшісінің оң бағалары мен пікірлері әкеледі.

     Біздің университет ҚР алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен де тығыз ынтымақтастық орнататыны оң сәт болып табылады. 2016 жылдан бастап факультет студенттері Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің қысқы мектебіне белсенді қатысады. Осы ЖОО-да оқыған пәндер дипломға қосымшаға енгізіледі.

 

 

 

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

 

     Көптеген түлектер оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде және халықаралық ұйымдарда өз мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асырады.

     «Журналистика» мамандығының түлектері Айгүл Мухамбетова – «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі, Алтын Меңдібаева – КТК телеарнасының тілшісі, Виталий Халевин – ИТАР-ТАСС тілшісі (Екатеринбург қ.), Диана Окремова – Солтүстік қазақстан құқықтық Медиаорталығының директоры. Түлектердің көпшілігі облыстық және аудандық БАҚ-та факультетті лайықты түрде ұсынады.

     «Филология: қазақ тілі» мамандығының түлектері әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істейді. Оразғалиұлы Нұржан «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және орта білім беру әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің басшысы, Айтмағамбетова Тоты Абдыбековна «Қостанай ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту аудандық орталығы» КММ басшысы, Халық Гүлдерай «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ бас маманы.

     «Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» мамандықтарының түлектері өз білімдері мен дағдыларын шет тілдерінде қолдана отырып, әртүрлі ірі компаниялар мен бірлескен кәсіпорындарда табысты жұмыс істейді. Вечтейн И.-retkus Technologie GmbH неміс компаниясының өкілдігінде экспорттық бөлімнің менеджері, Кирибаева А.-ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының адам ресурстарын басқару департаментінің оқыту секторының жетекшісі, Мендыбаева С.-Еуропалық Кеңестің Астана қаласындағы Өкілдігі жанындағы менеджер-аудармашы, Болбас А. - Мәскеу қаласындағы «Легпром развитие»ЖШҚ корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы, Б. Жайназаров-Алматы қаласындағы  «Қазақмыс» PLC-RK компаниясының директоры, А. Бейферт-Висмара қаласындағы жоғары мектепте жұмыс істейді, ГФР-технология, бизнес және дизайн университеті, А. Рахметова – Венгрия астанасы Будапеште қаласындағы HCLU-TASZ ҮЕҰ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі өкілі.

 

   

                                   А.Мухамбетова                               Оразғалиұлы Н.                                     А.Мендыбаева

                              

                                                                                                      В.Халевин (справа)                                         

 

 

 

     

PDF