Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Мамандық 6М072400-Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)

6М072400-Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) мамандық келесі білім беру бағдарламаларды қарастырады:

 

Ауылшаруашылық машина жасау

 Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқып-үйрену ауыл шаруашылық техникасының технологиялық процесін ұйымдастыру, ауыл шаруашылық техникасын сынақтан өткізу, технологиялық машиналардың параметрлерін бақылау, технологиялық машиналарды ғылыми негізде таңдау туралы білім береді. Жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті, ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми-зерттеу қызметті, ауылшаруашылық машина жасау кәсіпорындарында өндірістік және басқарушылық қызметті жүзеге асыруға мүнкіндік береді.

Бидай өндеу үшін технологиялық машиналар және жабдықтар

 Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқып-үйрену астықты өңдеуге арналған технологиялық машиналар мен жабдықтарды есептеу, технологиялық машиналардың параметрлерін бақылау, АЖЖ қолданып технологиялық машиналарды құрастыру, ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету, технологиялық машиналарды ғылыми негізде таңдау туралы білім береді. Жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті, ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми-зерттеу қызметті, астықты өңдеуге арналған технологиялық машиналар мен жабдықтар өндіретін кәсіпорындарда өндірістік және басқарушылық қызметті жүзеге асыруға мүнкіндік береді.

 

 

Модульді білім беру бағдарламалары

 

 Әрбір мамандық үшін модульдік білім беру бағдарламасы әзірленеді – оқу бағдарламасы оқу модульдерінің жиынтығын қамтиды білім алушыларға белгілі бір дәрежеде және / немесе біліктілікті алу үшін қажетті құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

 

 

6М072400-Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) мамандықтың түлектеріне 6М072400 - Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі (ғылыми және педагогикалық бағыт) және 6М072400 - Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) мамандығы бойынша техника және технология магистрі (бейіндік бағыт) дәрежесі беріледі.


PDF