Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

6М060200 – Информатика мамандығы

6М060200-Информатика мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:

 

Білім берудегі сандық технологиялар

Білім беру қызметінің барлық түрлерінің әдіснамасын, технологияларын және ақпараттандыру құралдарын меңгеру саласында магистранттарды дайындау.

Бағдарламалау және жобаларды басқару

Объектілі-бағытталған, жүйелік бағдарламалау, автоматтандырылған жүйелерді талдау және жобалау саласында жұмыс істеу үшін магистранттарды дайындау.

Электроника және телекоммуникациялар

Радиотехника, электроника және телекоммуникация саласында ғылыми зерттеулер жүргізу дағдылары мен іскерліктері бар жоғары білікті мамандарды даярлау.

 

 

Модульдік білім беру бағдарламалары

 

Әрбір мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламасы – білім алушылардың белгілі бір дәрежені және/немесе біліктілікті алу үшін қажетті негізгі құзыреттілікті меңгеруіне бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы әзірленеді.

 

 

6М060200-Информатика мамандығының түлегіне 6М060200-Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.


PDF