Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

6М050700 – Менеджмент

6М050700 - Менеджмент мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:

 

Сауда менеджменті

Басқару саласындағы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды, сондай-ақ басқарудың және коммерциялық кәсіпорынның ғылыми, теориялық және практикалық негіздерімен операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметті жүзеге асыру барысында сауда менеджменті саласындағы зерттеушілерді дайындау.

Аграрлық менеджмент

Менеджмент саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті, сондай-ақ АӨК саласындағы зерттеушілерді, ғылыми, теориялық және практикалық білімді, салалық ерекшелікті, технология техникасын және өндірісті ұйымдастыруды ескере отырып, барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы АӨК кәсіпорындарының экономикасын, өндірісін және әлеуметтік дамуын ұтымды басқаруды қамтамасыз ететін ғылыми, теориялық және практикалық білімді мамандар даярлау.

Мемлекеттік менеджмент

Менеджмент саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды, сондай-ақ тиімді мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік беретін ғылыми, теориялық және практикалық білімді бар мемлекеттік менеджмент саласындағы зерттеуші мамандарды даярлау.

Логистикалық менеджмент

Логистикалық менеджмент саласындағы қызмет ете алатын, сондай-ақ әр түрлі бизнес салаларында менеджментті (жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау) сауатты жүзеге асыра алатын практикалық және теориялық, ғылыми білімі бар, зерттеуші мамандарды даярлау.

 

 

Модульді білім беру бағдарламалары

 

Әрбір мамандық үшін модульдік білім беру бағдарламасы әзірленеді – оқу бағдарламасы оқу модульдерінің жиынтығын қамтиды білім алушыларға белгілі бір дәрежеде және / немесе біліктілікті алу үшін қажетті құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

 

 

6М050700 - Менеджмент мамандығының түлегіне 6М050700 - Менеджмент мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.


PDF