Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

6М080100 – Агрономия мамандығы

6М080100 – Агрономия мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:

 

Дәнді және техникалық дақылдарды өсіру технологиясы

  Ғылыми-зерттеу жұмыстарында әлемдік ғылым мен озық технологиялардың қазіргі жетістіктерін пайдалана алатын, зерттеу міндеттерін негіздейтін, эксперименттік жұмыс әдістерін таңдай алатын, ғылыми эксперименттердің нәтижелерін түсіндіре алатын және ұсына алатын, топырақ және өсімдік үлгілерін талдаудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыра алатын білікті мамандарды дайындау , ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалану бойынша практикалық ұсыныстарды жасау , нәтижелерді есептеу, рефераттар, жарияланымдар және көпшілік талқылаулар түрінде ұсыну.

Өсімдік қорғау және карантин

 Ауыл шаруашылығында, агрономияда, өсімдіктерді қорғау саласында теориялық және эксперименттік зерттеулер әдіснамасын, ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеу мәдениетін, оның ішінде жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып меңгерген, сондай-ақ фитосанитариялық талдау жүргізуге қабілетті білікті мамандарды жеке ағзаға немесе популяцияға, дақылға немесе ауыспалы айналымға қатысты өсімдіктерді қорғау үшін маңызы бар неғұрлым өзекті мәселелерді зерттеу міндетін өз бетінше қоюға дайындау

 

 

Модульді білім беру бағдарламалары

 

 Әрбір мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламасы – білім алушылардың белгілі бір дәрежені және/немесе біліктілікті алу үшін қажетті негізгі құзыреттілікті меңгеруіне бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы жасалады.

 

 

6М080100-Агрономия мамандығының түлегіне 6М080100-Агрономия мамандығы бойынша "ауыл шаруашылығы магистрі" дәрежесі беріледі.


PDF