Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Дайындық курс

Студент болу ол әр бір мектеп бітіруші түлектің арманы. Ол арманға жету үшін бүгінгі талапкерге көп еңбектену керек және тек мектепте ғана емес. Сiздің студент болу арманыңыз орындалуы үшін, университет жанындағы кәсіби даму институты жоғары оқу орнына дейінгі дайындық жүйесін құрды.

 

Біздің мақсатымыз – мемлекетіміздің кез-келген жоғары оқу орнына түсу үшін болашақ студенттерге тиімді жағдай жасау! Біз білім беру ісін ұйымдастыруда, өз тыңдаушыларымыз ұлттық біріңғай тестілеуден (ҰБТ) немесе кешенді тестілеуден (КТ) межелі сатыдан өтіп қана қоймай, сонымен қатар, жоғары бал алып мемлекеттік білім беру грант иелері атануына ұмтыламыз.

 

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық жүйесіне кіреді:

 

 

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындықтың мақсаты:

  • тестілеу пәндері бойынша оқушылардың білім деңгейіне мониторинг жүргізу;
  • жалпы білім беру пәндері бойынша білім деңгейін жетілдіру;
  • ҰБТ (КТ) пәндері бойынша білімді жүйелеу, алғашқы оқуға түсу сынақтарының рәсімдері, әдістемелерімен таныстыру;
  • оқуға түсу емтихандарының үрдісіне және жоғары оқу орнында білім алуға психологиялық бейімдеу.

 

Оқу жүргізіледі:

  • мемлекеттік және орыс тілдерінде; 
  • әр түрлі білім беру бағдарламалары бойынша;
  • барлық тестілеу пәндері бойынша. 

 

 

Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз - дайындық курсы немесе дайындық бөлімінің тыңдаушысы болып аталыңыз, сонда ғана Сіз кәсіби табысынызға дұрыс қадам жасайсыз! 

 

 

 

 

Мекен-жайымыз: Қостанай қ., Абай даңғылы, 28 , ҚМУ № 2 корпусы, 114 бөлме.  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік   университетінің кәсіптік бағдарлау және кәсіптік даму бөлімі.

 

Телефон: +7 (7142) 55-81-00. 

 

Университетке қалай жетуге болады? - № 3, 13,24,10,25 автобустары  (Университет аялдамасына дейін) немесе  № 21, 23,38,19 автобустар  («Құрылыс колледжі» аялдамасына дейін).

 


 

Дайындық курсы

 

 

 

Дайындық курсы 10-11 сынып оқушыларын ұлттық біріңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындауды көздейді. Дайындық курсының негізгі артықшылықтары қол жетімді бағамен мектеп түлектерін ҰБТ-ға сапалы дайындау. 

 

Сабақтарды жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған нұсқаулықтардың авторлары және ҰБТ-ға дайындауда тәжірибесі мол университеттің ғалым ұстаздары жүргізеді.

 

 

 

 

 Дайындық курсында оқу кезінде тыңдаушыларға жоғары оқу орындары, колледждер, мамандықтар және оқуға түсу шарттары жайында барлық ақпараттар беріледі. Дайындық курсының тыңдаушыларына факультет өкілдерімен және студенттермен кездесулер ұйымдастырылады, онда мамандықтардың қыр-сырынан сыр шертетін ақпараттар бар, студенттік өмір, жұмысқа орналасу туралы буклеттер таратылады.

 

 

 

Соңдай-ақ, университеттің оқу корпустарына, мұражайға экскурсия жүргізіледі. Осындай факультетте жасалған  экскурсия кездерінде дайындық курсы тыңдаушылары университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, студенттермен жүздесе алады.

 

Дайындық курсында сабақтар оқу  жылы бойы өткізіледі.  Қостанай қаласының оқушылары үшін сабақтар кешкі мезгілде жүргізіледі. Ал басқа елді-мекендерден келген оқушыларға сабақ төрт сессия ретінде күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы мектеп демалысы уақытында өткізіледі.
 

 

 

 Дайындық курсына жазылу жұмыс күндері сағат  10.00-ден 17.00-ге дейін  (үзіліс 13.00-14.00). Дайындық курсына жазылу үшін жеке куәлік болу керек. 

 

 Дайындық  бөлімі 

 

 Дайындық бөлімі қызметін ұйымдастыру тәртібіне қабылдау, оқыту және тындаушыларды оқудан шығару жатады.

Дайындық бөліміне түсу үшін тындаушылар келесі құжаттарды ұсынады:

  • қабылдау туралы өтініш;

  • білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

  • жеке куәлік.

 


 

 Дайындық курсының бағдарламасы таңдаған мамандықтары бойынша оқуға түсуге дайындықты көздейді және келесі пәндер бойынша оқуға түсу емтихандарына тыңдаушыларды дайындауға бағытталған:

• математика;

• Қазақстан тарихи;

 • қазақ және орыс тілі;

• оқуға түсу сынына сәйкес профильдік пәні (оқуға түсуші тыңдаушының дайындық бағытына байланысты).

 

 

 


  

Оқу процессін ұйымдастыруы мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сай құрылған бекітілген оқу жұмыс жоспарларымен және оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес жүзеге асады.

 

Бағдарламалар мектептегі курсты қайталамайды, оны кеңірек толықтырады, оқу әдістемесі тесттермен жұмысқа бағытталған.

 

Дайындық бөлімінде білім беру күндізгі бөлімде кешкі мерзімде өткізіледі. Оқу мерзімінің ең жоғары ұзақтығы 9 ай. Білім беру ақылы.

 


 

Сондай-ақ, дайындық бөлімі бағдарламасы бақылау тест жүргізуді де қарастырған: кіріс, аралық және қортынды.Алғашқы тест нақты білім деңгейін анықтап, оқу жоспарымен әдістемесін әзірлеуге арналған. Екінші тест тындаушы мен ұстаздың еңбектерінің қаншалықты тиімді екенін көрсетеді. Осыдан кейін барып, тыңдаушы мен оқытушы жеке топта қосымша жұмыс керек пе, жоқ па, әлде негізгі топтағы жұмыс жарайды ма соны анықтайды.  Үшінші тесттен кейін тындаушы өз нәтижесіне сүйене отырып, КТ-ға біржарым ай бұрын, өзін тағы бір рет тексеруге мүмкіндігі бар, сондай-ақ, пән боыйнша қосымша кеңестер алуға болады. 

 

Оқу барысында үнемі тест тапсырмаларын орындауда модуль бағдарламасына сай, мазмұн ерекшеліктеріне, қателерді жан-жақты талдау тренингі жүргізіледі. Тапсырмаларды орындауға уақытты үнемдеу туралы ұсыныстар беріледі. 

 

 

 


PDF