Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрметті талапкерлер!

 

Сұрақ – жауап айдарында біз сіздерге жоғарғы оқу кезінде түлектердің жиі қоятын сұрақтарының тізімін ұсынамыз. Егер сізде басқа сұрақ туындаса «Бакалавриат» бөлімдерінде жарияланған, жоғары оқу орынға және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім мекемелеріне қабылдау ережелері туралы, осы бөлімде сілтемелер бар. Ал егер сіз керекті сұрақтарға жауап таба алмасаңыз, осы бөлімде көрсетілген мекен жай бойынша  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясына баруыңызға болады. 

 

 

 

 

Жоғарғы оқу орнына қабылдау ережелері

 

 

Колледжден кейін жоғарғы оқу орнына сырттай бөлімге түсу үшін міндетті түрде кешентік тест тапсыру керек пе?

 

Ия. Жоғарғы білім кәсіптік оқу бағдарламаларын тарататын білім мекемелерінде оқуға қабылдау туралы типтік ережелерге сәйкес, 2012 ж. 18 қаңтарында № 111, 6- б «Колледж түлектері  жоғарғы оқу орнына түсу үшін кешендік тест тапсыру керек» 

 

 

Менде «Агрономия» мамандығы бойынша  жоғарғы білім бар. Екінші жоғары білім алу үшін «Экономика» мамандығына түсуге бола ма? Егер болса қанша жыл оқу керек?

 

Ия. «Экономика» мамандығына түсуге болады, оқу мерзімі 2 жыл

 

 

 мен Ресейде тұрамын, Қостанай мемлекеттік университетінің  заң факультетіне түскім келеді. Ресей азаматтары сіздердің университеттерінізде оқуға бола ма және осы факультетке түсу үшін қандай емтихандар  тапсыру керек?

 

Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады 10 пункт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 174

 

- мен Қостанай мемлекеттік университетін 2011 ж. бітірдім, екінші жоғары білім алғым келеді. Диплом мен қосымшаны үш тілде тапсыру міндетті ме?  

 

Қазақстан Республикасының ЖОО 2009 жылдан кейін бітіргендер екінші жоғары білім алуға университетке түсу үшін дипломды үш тілде (орысша, қазақша, ағылшынша) толтырылған қосымшамен (транскрипт) тапсыруы тиіс. Қосымшасыз дипломның заң күші жоқ.

 

 

 

мен Ресей азаматшасымын. 2011 жылы екінші жоғарғы білім алу мақсатында Қостанай  қаласының жоғарғы оқу орындарының біріне құжаттарымды тапсырған едім, бірақ менің құжаттарымды қабылдамады, өйткені менде Ұлттық аккредитация орталығының нострификация өту туралы анықтамам болмады. Айтыңызшы,  бұл заңды ма? 

Ия. Өйткені шетел білім мекемелерінің білім туралы берілген құжаттары, 13-22 б.б сәйкес, білім туралы нострификация құжаттары, нострификациядан өту керек. 

 

Шығармашылық мамандықтарға түсу

«Журналистика» мамандығына шығармашылық емтихан тәртібін  тапсыру тәртібін айтыңызшы?

 

«Журналистика» мамандығына арыз қабылдау  20 маусым -7 шілдеге дейін қабылдайды. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар екі шығармашылық емтихан тапсырады(шығарма және өзара сөйлесу) 8-13 шілде аралығында. Мемлекеттік грант байқауына қатысу үшін әр шығармашылық емтиханнан 5 балдан төмен алмау керек. Университетте студенттер қатарына қабылдау  10-28 тамыз аралығында өтеді.

 

 

«Журналистика» шығармашылық  мамандығын тандаған талапкерлерге байқау қалай өтеді?

 

Шығармашылық мамандықты таңдаған талапкерлер білім грантын алу үшін бір ғана мамандықты тандай алады, осыған орай арыз бланкісінде шығармашылық емтихан тапсырған оқу орнының атауы көрсетіледі.

 

 

 

Мемлекеттік білім грантының байқауына қатысу

Мемлекеттік білім грантын жеңіп алу байқауына қатысу үшін құжаттарды қай уақытқа дейін тапсыру керек?

 

Мемлекеттік білім грантын жеңіп алу байқауына қатысу үшін құжаттарды 23-31 шілде аралығына дейін қабылдайды толық ақпарат осы жерден аласыз Жоғары білім алуға төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі туралы

 

 

Мен Алматы қаласында тұрамын, сіздердің университеттеріңізге грантқа түскім келеді. Мемлекеттік білім грантын жеңіп алу байқауына қатысу үшін құжаттарды өз қаламда тапсыруға бола ма?

 

Ия, сіз грантқа құжаттарыңызды кез келген жоо қабылдау комиссиясында тапсыра аласыз, тек арыз бланкін толтырғанда біздің университеттің кодын «036» көрсетуіңіз керек.

 

 

мен ҰБТ де химия пәнің тандап, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Азық түлік тағамдарының технологиясы»  мамандығына түскім  келеді. Білім грантын алу үшін  онда межелік балл қандай?

 

Мемлекеттік білім грантына өтудің межелік балы жыл сайын әр мамандық бойынша байқауға түскен гранттық орындарға байланысты болады.  

 

 

Мемлекеттік білім грантын мамандық бойынша алудын межелік балы қалай анықталады?

 

Мемлекеттік білім грантын жеңіп алу байқауына  құжаттарды белгілі бір мамандық бойынша талапкерлер арыздарды тапсырып болғаннан кейін, талапкерлер ҰБТ немесе КТ алынған балдары бойынша жалпы бір тізімде болады,егер мамандыққа берілген грант саны 80 болса,онда тізім бойынша 80- ші талапкердің алған балы  межелік балл болып табылады, ал одан төменде орналасқан талапкерлер грантқа өтпейді. Сондықтан межелік балл байқауға түскеннен кейін анықталады, оны алдын ала біле алмаймыз. 

 

 

Мемлекеттік білім грантына қатысу кезінде қандай азаматтарға жеңілдіктер беріледі?

 

Мемлекеттік білім грантына қатысу кезінде жеңілдік алатын азаматтар:

-          « Алтын белгі» иегерлері

-          жалпы білім пәндері бойынша халықаралық және ғылыми олимпиада, спорттық ойындар  жеңімпаздары мен соңғы үш жылда олимпиададан диплом алған, пәні мамандық пәніне сәйкес келген  түлектер

-          байқау өткізген кезде баллдары бірдей түлектердің жанұялық жағдайына қарайды: жетім балалар, ата анасынан қараусыз қалған балалар, 1-2ші топ мүгедектері, жоо-да оқу мүмкіншілігі бар мүгедек балалар ұлты қазақ шет ел азаматтры грантқа өту мүмкіндігі жоғары.

 

 

Ауылдық квота дегеніміз не? Оның көлемі қандай? Қандай мамандықтарға беріледі?

 

-          ауыл жастарына арналған ауылдық квота орнының көлемі 30% құрайды. Ол ауылды дамытатын  әлеуметтік – экономикалық мамандықтарға ғана беріледі (Қазақстан Республикасының білім министрлігінің  бұйрығы 2012ж, 14 мамыр № 211). 

 

 

Ауылдық квота бойынша білім гранттарын алу тәртібі қандай?

 

Ауылдық жастарға арналған квотаға байқау келесі әдіс бойынша өтеді: 70% грант мамандық бойынша жалпы байқауға түседі, ал 30% грант ауылдық квота байқауына түседі. 

 

 

Мен Ресей азаматымын, ұлтым қазақ. Осы жылы сіздердің университеттерінізге  « Тарих» мамандығы бойынша бюджетке түскім келеді?

 

Кешендік тестілеуден өту қажеті жоқ құжаттарынызды  қабылдау комиссиясына тапсыруыңыз керек, әңгімелесу (собеседования) арқылы түсесіз. Ал 23-31 шілде аралығында мемлекеттік грант байқауына арыз жазуыңыз керек. Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ, бірақ ұлты қазақ азаматтарына 4 % көлемде барлық мамандықтарға квота алу мүмкіндігі бар

 

Мемлекеттік грантты жеңіп алу туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

 

Мемлекеттік грантты жеңіп алу байқаудың нәтижелері туралы ақпарат жыл сайын «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады.

 

 

Мен «Физика» мамандығы бойынша мемлекеттік грантты жеңіп алдым, менің  ендігі істерім қандай?

 

Арыз жазған жоо қабылдау комиссиясында сізге мемлекеттік грантты жеңіп алғандығыңыз туралы куәлікті 10-15 тамыз аралығында береді. Қабылдау комиссиясынан қайдан грантты жеңіп алғандығыңыз туралы мәлімет алып, арыз жазасыз және келесі құжаттарды тапсырасыз: білім туралы құжат (түпнұсқа), 3х4 көлемді,6 дана сурет, ҰБТ немесе КТ сертификаты, мемлекеттік грантты жеңіп алғандығыңыз туралы куәлік. Ары қарай жоо ректорының бұйрығы бойынша студенттер тізіміне енесіз. 

 

Мен «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша .......мемлекеттік университетте грант жеңіп алдым, бірақ сіздердің университеттеріңізде 1 курста оқығым келеді. Мен алдағы уақытта мемлекеттік білім гранты бойынша Қостанай мемлекеттік университетіне ауыса алам ба?

 

Ия, ауыса аласыз, демалыс уақытында 1-ші семестрден кейін, егер сіз семестр уақытында оқыған пәндеріңіз 15 кредиттен төмен болмаса.  


PDF