Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қашықтықтан оқыту технологиясының ерекшеліктері

 А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қашықтықтан білім беру технологиясын қолданып сырттай оқу нысанына түсетін абитуриентке арналған ақпарат (экономикалық және құқықтану мамандыктары)

 

1. Қашықтықтан білім беру технологиясын қолданып оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

1.1 Қашықтықтан білім беру студенттің жоспарлы өзіндік жұмыс жасауын және университетпен ұсынылатын барлық талаптардың орындалуын талап етеді. 

1.2 Қашықтықтан білім беру технологиясын пайдалану арқылы сырттай оқу нысанында студент оқу-емтихандық сессия кезінде (бір жылда 2 сессия, әр сессияның ұзақтығы 12 күннен аспайды)  университетте  болуға тиіс. Оқу-емтихандық сессия уақытында студент курстық жұмыстарды қорғайды, емтихан тапсырады және келесі семестрдің пәндері бойынша аудиториялық қондырма дәрістерге қатысады.

1.3 Оқу-емтихандық сессиның мерзімі оқу процесінің  графигінде көрсетіледі ( сайтта http://md.ksu.edu.kz/)

1.4 Сессия аралығындағы кезеңде студенттің білім алуына оқу процесін қолдайтын Moodle автоматтандырылған жүйесі қолданылады.

1.5 Moodle қашықтықтан білім беру жүйесінде жұмыс жасау ережелері және оқу процесінің барлық ерекшеліктерін бірінші курс студенттері алғашқы бекіту сессиясында «Қашықтықтан білім беру технологиясының негіздері» пәні бойынша  аудиториялық сабақтарда танысады.

 

 

1.6 Бірінші курс студенті МІНДЕТТІ ТҮРДЕ алғашқы бекіту сессиясына оқу процесінің графигінде көрсетілген кезеңге сәйкес кешігусіз қатысуға тиіс.  Өздерімен бірге USB-флеш-жинақтағыш (флешка) болуға тиіс.

1.7 Алғашқы бекіту сесссиясында студент Қашықтықтан білім беру орталығына өзінің электрондық поштасының адресін (e-mail) береді және  Moodle-де электрондық оқу курстарына қолжетімділік үшін логин және пароль алады

 

1.8 Ақапарттық қауіпсіздік мақсатында студент өзінің логині мен паролін әлдекімге хабарламауға тиіс.

1.9 Сессия аралық кезеңде студент Moodle жүйесінде:

- пәннің электрондық оқу курстарын өз бетімен оқып-үйренуге тиіс;

- оқытылатын пәндерде қарастырылған тәжірибелік тапсырмаларды, бақылау жұмыстарын, рефераттарды, курстық жұмыстарды және т.б. тапсырмаларды орындайды және оларды электронды түрде мұғалімге тексеруге жібереді;

- пән бойынша тестік сұрақтарға жауап береді және сол сәтте тест қорытындысын біледі;

- орындалған тапсырмаларға мұғалімнің койған бағалары мен пікірлерін қарайды (баға Moodle жүйесінде орындалған тапсырмалар файлын орналастырған уақыттан бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей қойылады);

- пәнді оқып-үйренудің барлық уақытында мұғалімнен кеңес алады.

1.10 Студент бақылау тапсырмаларының барлық түрлеріне қойылған бағалардың орта арифметикасы 50 балдан кем болмаған жағдайда ғана емтиханға өткізіледі (жоғарғы балл – 100).

1.11. Егер пәнде курстық жұмыс қарастырылған болса, онда оны қорғау оқу-емтихандық сессиясының алғашқы аптасында студенттің қатысуымен университетте өткізіледі. Курстық жұмыстың қағаз түріндегі мәтіні факультеттің оқу бөліміне тапсырылады.

1.12 Емтихандарды тапсыру оқу-емтихандық сессия кезеңінде кесте бойынша университетте өткізіледі.

1.13 Қорытынды мемлекеттік аттестация (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты қорғау) университетте студенттің қатысуымен өткізіледі.

1.14 Қашықтықтан білім беру технологиясын қолданып оқу процесін техникалық қолдауды Қашықтықтан білім беру орталығының маманы іске асырады (тел.39-06-19, Mail.Ru агентегі аты cdo_kgu@mail.ru).

1.15 Оқу процесін ұйымдастырушылық қолдауды факультеттің оқу бөлімінің әдіскері мен студенттің эдвайзері іске асырады:  

заң факультетінің оқу бөлімінің әдіскері ( тел. 51-11-58);экономика факультетінің оқу бөлімінің әдіскері ( тел.55-84-62)

 

 

2. Студенттің техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуіне талаптар

 

  2.1 Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы білім алу үшін студентте келесі мүмкіншіліктер болуға тиіс:

компьютерде жұмыс жасау мүмкіндігі болу қажет (процессор мүмкіндігінше 2ГГц-тен, оперативтік жады  1ГБ –тан төмен болмауға тиіс);
USB-флеш-жинақтауыш 1Гб-тан төмен  болмауға тиіс (флешка);
наушник, микрофон,  web-камера;
Интернетке шығу мүмкіншілігі.

  2.2 Компьютерде типтік бағдарламалық қамтамасыздандыру орнатылған болуға тиіс:

Оперативтік жүйе  (Windows XP, Windows 7 немесе Windows Vista);
Microsoft Office 2007:MS Word, MS Excel, MS PowerPoint;
Кез-келген қазіргі кездегі интернет браузер (Microsoft Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome немесе Opera);

мультимедиалық ойнатқыш (бекіту сессиясы кезінде университетте тегін беріледі) .

 

 


PDF