Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Мұражайға келгендер

Жыл сайын мұражайға жақын (Ресей, Әзірбайджан, Грузия, Қырғыстан, Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстан) және  алыс шет елдерден  (Германия, Аргентина,АҚШ, Англия, Польша, Болгария) қонақтар келді. Өткен күзде (2011ж.) қонақтар көп бодлды, Tempus Project cibeles jep жобасы бойынша әртүрлі елдерден 18 ғалым, экологтар , биологтар және т.б келіп тамашалады.

 

Германия ғалымы Хартвиг Меннен жергілікті энтомафауна коллекциясын өте қатты қызығушылықпен қарады. Ол техникалық дақылдар,әсіресе рапсқа қатты ерекше назар аударды. Ол пікір кітабында ой қалдыра отырып, алдағы уақытта бірігіп жұмыс істеу ен мұражай қызметкерлерінің шеберлігіне ерекше . АҚШ елінің қоршаған ортаны қорғау,ғылым және технология саласының ғалымы Брюс Хадспет мұражай қызметкерлерінің еңбекқорлығы және жиынтықтың ғылыми құндылығын атап өтті. Кездесулер жергілікті телевизиялық компаниялар мен баспасөз құралдары жария етті.

Доктор Хартвиг Меннен қазақстандық қызметтестерінің ортасында.

 («Жас өркен –Қостанай» журналынан сурет.2010 жыл.)

 

 

Брюс Хадспет мұражайдың ғылыми құндылығын атап өтті.

 

ҚР ҒБМ зоология Институтының биобақылау лабораториясының меңгерушісі П.А.Есенбекова жергілікті энтомологтардың еңбегіне ризашылығын білдірді.

 

 

Энтомологиялық мұражайға әр түрлі жастағы, мамандықтардағы және де қызметтердегі адамдар:спортшылар, прокуратура қызметкерлері, облыс пен басқармалары,ҚР президентінің ақпарат құралдарының қызметкерлері ерекше қызығушылық білдіреді.

 

   


PDF