Студенттік өмір
Әрбір маманның белсенді өмірлік айқындамасын, отаншылдық рухын, оптимистік дүниетанымын қалыптастыру үшін факультет және университет деңгейінде қабылданған бағдарламалар мен жоспарлар негізінде жүргізіледі. Түлектің бәсекеге қабілеттілігіне тек оның білім деңгейі ғана әсер етпейді, сонымен қатар оның моралдіқ сапасына - белсенділік, талаптылық, әдеп, жақсылық, оптимистілік және оның патриоттығына да әсер етеді. Студенттің осындай сапалары әртүрлі конференцияда, конкурстарда, үйірмелердегі жұмыстар қатысу және сапалы оқу барысының қортындылаы нәтижесінде қалыптасады.
Студенттік өзін-өзі басқару қызметінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- студенттердің қызығушылықтарын мен құқықтарын ұсыну және қорғау;
- студенттердің қызығушылықтарын қозғайтын білім, әлеуметтік- тұрмыстық және басқа сұрақтарды шешуге көмек беру;
- әлеуметтік жауапкершілік сезімінің дамуы үшін жағдай жасау, қоғамның көкейкесті мәселелерін шешуге қатысу;
- студенттіктің демократиялық дәстүрлерін сақтау және дамыту;
- басқару органдарына білім және ғылыми мәселелерді шешуде, білім және тәрбие барысын ұйымдастыруға, сонымен қатар студенттің тұрмысын және бос уақытын ұйымдастыруға көмек беру.
Студенттік өзін – өзі басқаруының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- студенттердің азаматтық, әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруыну көмек беру;
- студенттіктің кәсіби және ғылыми қызығушылықтарын ескере отырып, оқу барысының сапасын көтеру бойынша ұсыныстар құрастыру;
- студенттік қоғамдық іс-шараларды, студенттік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, көрмелерді, түлектер кездесуін және т.б. ұйымдастыру;
- студенттердің өз білім деңгейлеріне деген сұраныстарын және саналығын көтеруге, париоттық рухын тәрбиелеуге, мемлекеттік меншікке және т.б. деген құнтты қатынастарды тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарды жүргізу;
- студенттік өмірдің барлық жақтарын баспа құралдары және басқа ЖАҚ арқылы баяндап отыру;
- жооаралық, аймақаралық және халықаралық байланыстарды нығайту.
Факультеттің студенттік активі оқу барысын жетілдіру, студенттердің үлегерімін қадағалап отыру, университеттік тәртіптер мен қағидаларды орындау мен бұзу, жемқорлық, емтиханды көшіріп жазу сияқты құбылыстар бойынша сындарлы ұсыныстар енгізеді.