Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Тарихы

 

1992 ж. 8 қыркүйегінің № ЛС-137 бұйрығы негізінде университетте жаңа мамандықтарды ашумен байланысты  экономика-математикалық және физико-техникалық екі факультетті ұйымдастыру негізінде физико-математика факультеті қайта ұйымдастырылды. Физико-техникалық факультетінің деканның міндетінің орындауына профессор Иван Тимофеевич Путиевке жүктелді. Физико-техникалық факультетте 3 кафедра құрылды: физика кафедрасы,  кафедра физики, кафедра эксперименталді және теориялық  физика және электроника, автоматика және ЭВМ кафедрасы, олардың құрамына 13 оқу және ғылыми-зерттеу лабораториялары кірді. 1992 жылы «Есептеуіш техниканың және автоматталған жүйенің бағдарламалық қамсыздандыруы» жаңа мамандығы ашылды. 1993 жылы алғаш рет информатикадан студенттік олимпиада өтті.

 

 

 

Әр уақыттағы декандар мен оқытушылар

 

 

 

 


1994 жылдан 1999 жылдар аралығында  физико-техникалық  факультетін, өзінің  мамандарды сапалы және студенттердің шығармашылық-танымдық белсенді өмірін дайындауға бар үлесін қосқан физико-математикалық ғылымының кандидаты, профессор Қадырғали Қоңыспайұлы Джаманбалин басқарды.

 

  1999 ж. 1 қыркүйегінен бастап физико-техникалық  факультеттің деканы физико-математика ғылымының кандидаты Берген Абитұлы Калаков болды. 2000 ж. оның басқаруымен факультет бірінші мемлекеттік аттестациясын сәтті өтті. Осы жылдары факультет ана уақыттың соңғы конфигурациясының жаңа компьютерлік саябағымен жасақтанды.

 

 

Ұжымда ұзақ уақытқа дейн жұмыс жасады: И.Т.Путиев, В.И.Кравцов, В.В.Котенок, В.Н.Новиков, Н.И.Хасанов, А.Т.Байманкулов, Ж.З.Сатмаганбетова, В.Г.Ильницкий, В.Ф.Луговской, Б.А.Калаков, Н.В.Щурь, Г.А.Хайдарова, Г.К.Калакова, О.С.Давиденко, Г.Н.Литвинов, В.М.Кучин, С.В.Комиссаров, Н.Ф.Демина, Н.Б.Савушкина, Г.Б.Асканбаева, Н.Ф.Кочина, А.Ш.Рахимова, М.А.Казин, Л.И.Елфимов, Г.Н.Пряхин, А.А.Суворов, Ж.Т.Омарханова, К.А.Кабанбаева, Т.З.Абикенова, С.О.Ерохин, С.В.Вебер, А.Д.Цыганова, К.К.Джаманбалин, Т.З.Юсупова, Л.В.Мычко, Н.А.Дерепаскина, С.Т.Альменова, М.М.Мокина, С.А.Сысова, Л.М.Шаяхметова, Н.Н.Соколова және тағы басқалары.

 

 

 

2001 жылдың қарашасында математикалық және физико-техникалық факультеттер физико-математикалық факультетке қайта ұйымдастырылды. Факультет келесі құрамда бекітілді: физика кафедрасы, электроника және өндіріс негіздері, эксперименталді және теориялық физика, информатика және есептегіш жүйе, жоғарғы математика кафедралары. Физико-математикалық факультетінің деканы болып жоғарғы математика кафедрасының доценті  Нұрлыбай Төлепбергенұлы Абатов тағайындалды.

 

Сол оқу жылында информатика және есептегіш жүйе кафедрасының негізінде ақпараттық және компьютерлік технологиялар факультеті құрылды. Ақпараттық және компьютерлік технологиялар факультетінің құрамына келесі кафедралар кірді: информатика және есептегіш жүйе, қолданбалы математика. Факультет деканы болып информатика және есептегіш жүйе кафедрасының доценті Абдыкарім Тұнғұтбайұлы Байманқұлов тағайындалды. Ақпараттық  және компьютерлік технологиялар факультетінің студенттер саны: күндізгі оқыту бөлімінде-400 адам, сырттай оқыту бөлімінде-600.  2006 жылдан  2008 жылға дейін экономика ғылымының кандидаты  Андрей Петрович Коваль басқарады.  2008 жылдан 2011 жылдары ақпараттық технологиялар факультетінің деканы болып  физико-математика ғылымының кандидаты Нұрлыбай Төлепбергенұлы Абатов тағайындалады. 2011 жылдан қазіргі кезге дейін факультет деканы болып техникалық ғылымының кандидаты Азамат Айтпайұлы Жикеев табылады.

 

Өзінің тарихи дамуында факультет ақпараттық және компьютерлік технологиялар факультеті,  математика және компьютерлік технологиялар институты, математика және компьютерлік технологиялар факультеті, ақпараттық технологиялар факультеті, алайда факультеттің мақсаты өзгермейді - Қазақстанның  солтүстік аймағын математика, ақпараттық және компьютерлік технологиялар саласында жоғары квалификациялы мамандармен қамтамасыз ету.

Өзінің тіршілік ету уақытында факультет облысымызда және барлық Республикамызда  IT-технология облысында, білім шеңберінде, мемелекеттік, күштілік, қаржылық және жеке құрылымда жоғары квалификациялы мамандарды алып санын дайындады.


PDF