Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

2015 жылдың 22 қазанынан 03 қарашаға дейін академиялық ұтқырлық шеңберінде экология каферасында Орал ормнтехникалық университетінің (Ресей, Екатеринбург қ.) экология, табиғатты пайдалану және орманды қорғау кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы,  профессор Михайлов Ю.Е. болды. ПОҚ - мен, студенттермен кездесулер өтті, магистранттар үшін ғылыми кеңестер ұйымдастырылды, 5В060800-Экология мамандығының 2 курс студенттеріне арнайы дәріс курстары оқылып, " Омыртқасыз жануарлар бойынша топырақтық  және жер бетіндегі экожүйелердің биоиндикациясы: тәжірибе және болашағы " атты семинар ұйымдастырылып өткізілді.
ПОҚ-ның академиялық үтқырлық шеңберінде қаржы және банк ісі кафедрасының шақыруымен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекттік университетіне Улудаг университетінің профессоры Филиз Гирей (Filiz Giray) (Туркия) келді. Шетелдік ғалым университетте 2015 жылдың 26 қазанынан 08 желтоқсанға дейін. Профессор Филиз Гирей осы күндері 5В050900-Қаржы мамандығының студенттеріне шет елдік қаржы жүйесінің сұрақтары бойынша дәріс өткізіп кеңестер береді.
2015 жылдың 24 қазанында экономикалық факультеттің студенттері Мемлекеттік табыстар Департаменті және Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармамен бірлесіп ұйымдастырған жастар акциясына қатысты. Акция Қостанай қаласының ірі сауда орталықтарының бірі «Астықжанда» өтті.   Акцияның мақсаты – азаматтық белсекнділікті арттыру және халықтың салықтық сауаттылығын дамыту және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелері жөнінде азаматтарлың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу.
2015 жылдың 23 қазанында гуманитарлық-әлеуметтік факультеті тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары мен «Филология» мамандығы бойынша білім алып жатқан жастар бірлесе отырып, № 1 Студенттер үйінде «Ойлан, тап» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырды.   «Ахмет ұрпақтары» және «Қырандар» деп 2 топқа бөлінген төрт факультеттің (ГӘФ, АТФ, ТжҚФ, ВжМШТФ) өкілдері өз білімдерін ортаға салып, іс-шараға белсенді түрде ат салысты.  
2015 жылдың 25 қазан күні № 1 Студенттер үйінің жастарын өзара таныстыру, ұжымды біріктіру мақсатында гуманитарлық-әлеуметтік факультетімен «Біз – бір командамыз» атты психологиялық тренинг жүргізілді. Бұл іс-шара психология және педагогика кафедрасының оқытушысы С.Т. Жумарованың ұйымдастыруымен өткізілді. «Психология» мамандығының 4 курс студенттері өздерін тәжірибелі тренерлер ретінде көрсете білді.   Аталмыш іс-шараға Студенттер үйінде тұрып жатқан 7 факультеттің жастары қатысты. Топпен орындалған тапсырмалар қатысушылардың өзара танысып-білісуіне ықпал етіп, оларды ұйымшылдыққа, бірлікке жетелей түсті. Студенттер тренинг барысында ашылып, өз ойларын еркін жеткізіп, бір-біріне деген сенімдері арта түсті. Іс-шара ұйымдастырушылары алға қойған мақсаттарына жетті.
Ветеринария және мал шаруашылығы фаультетінде 23 қазан күні  студенттер арасында профессор Найманов Д. К. жүлделік орындары бойынша  шахматтан жарыс өткізілді.   Жарыстың жеңімпазы  екінші курс студенті Калиев Данияр болды.  Жүлделі екінші орынды екінші курс студенті Ескалиева Айнур, ал үшінші орынды төртінші курс студенті Кабылов Нурлан иеленді.