Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

2015 жылғы 8-9 қазан күндері  А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде шағын футболдан курс аралық ауыспалы «Деканның кубогына»  арналған біріншілік өтті.  Декан кубогінің жеңімпазы болып В ж МШ факультетінің чемпионы, 1 курстың «Қайрат» командасы атанды. Үздік шабуылшы ретінде – Авдилминап Арманбек, пайдалы ойыншы – Науан Айдос, үздік қорғаушы – Исмагамбетов Искандер, үздік қақпашы - Қанат Сағитов, үздік ойыншысы – Тоха Дархан атанды.  Финалдық ойындар өте тартымды қызықты өтті. Финалда «Қайрат» және «Бүркіт» командалары өте керемет ойын түрін көрсетті. 4:2 есебімен «Қайрат» командасы қарсылас командадан басым түсті. Бірінші орынға- «Қайрат»  (1 курс) командасы ие болды. Аталмыш команда құрамында: 1 Тоха Дархан Дауленұлы 2 Аппазов  Бекежан Дулатұлы 3 Умирзаков Баймурат Ордабекович 4 Зейілбек Шохан Рәсілбекұлы 5 Мырза Абылай Ертайұлы 6 Серикбайов Оразбек Нурлибайуғли 7 Авдилминап Арманбек 8 Науан Айдос 9 Кушанбай Төлеген Асатиллаұлы Екінші орынды – «Бүркіт» (2 курс) командасы  иеленді. Бұл құрамда: 1 Туретаев Нуржан Асхатович 2 Сейдагазы Нариман Жаканулы 3 Калиев Данияр Сайранович 4 Жумабаев Тимур Кубетаевич 5 Султанов Абит Галымович 6 Жаксылыков Ильяс Рымжанович 7 Муханбетжанов Нурислам Асетович 8 Кенжебай Жанболат Марғұланұлы 9 Аймағанбет Базархан Сұлтанказыұлы Үшінші орынды - "Тобыл" командасы (4 курс) иеленді. Бұл команданың құрамында: 1 Белоцерковский Андрей Васильевич 2 Сагитов Канат Жанабайулы 3 Маусымбаев Берик Мауленулы 4 Щербаков Роман Сергеевич 5 Жакенов Бахтияр Хасанович 6 Нейн Денис Александрович 7 Исмагамбетов Искандер Гумарович
2015 жылдың 09 қазанда аграрлы-биологиялық факультеттің оқытушылары мен «Биология» мамандығының 3 курс студенттері А. Байтұрсынов ҚМУ № 2 студенттер үйінде студенттермен «Біз СӨЖ таңдаймыз» атты ойынды өткізді. Ойынға ЭФ, ИТФ, ФВжМТ және АБФ студенттері қатысты.        
6 қазан күні өздерінің кәсіби мерекелерін бухалтерлік есеп және аудит кафедрасының  оқытушылары мен студенттері тойлайды! Бұл күні осы кәсіп иелері өздерінің байыпты да сұсты түрлерін ұмытып, әріптестеріне жағымды қылықтарымен ұнауға, оларға жақсы көңіл сыйлауға тырысады. Мамандықтың 3 курс студенттері де бұл шарадан қалыспай, таңертеңнен екінші ғимараттың кіре берісімен баспалдақ аралықтарын шарлар мен плакаттармен безендіріп, қонақтарды ду қол шапалақпен қарсы алды. Экономика факультетінің холлын безендірген дәу плакаттың артында сынақ өткізетін екі үстел орналасты. Біреуінде экономика мен бухгалтерлік есеп аймағынан өздерінің білімдерін тексерем деушілерге сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерді – тәтті жүлде күтіп тұрды. Келесі үстелде талапкерлер күн бойы керемет  қабілет беретін «сиқырлы» сусыннан ауыз тие алатын болды.  «Осында көріп тұрғандарыңыздың барлығы  – жастар үшін жастардың істегені» - дейді  бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі  Васильчук Елена Васильевна – «Бұл мейрам факультетте дәстүрлі болып табылады және оған қатысушыларға біз жақсы көңіл сыйладық қой деп үміттенемін!».
2015 жылдың 30 қыркүйегінде экономикалық факультеттің басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментімен бірлесіп «100 нақты қадам: өткізілген реформалардың теориялық және практикалық аспектілері» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өткізді. Конфренцияға 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенттері мен Қостанай облысының мемлекеттік қызметкерлері қатысты.  Алғашқы сөз Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті жетекшісінің орынбасары Б.М.Беспалиновке берілді.                                                                                                     Баяндамамен сөз сөйледі: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының жетекшісі – Досекенов А.М. 2. А.Байтұрсыноа атындағы ҚМУ экономикалық факультеттің басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының меңгерушісі – Мустафина А.С. 3. РММ «Ұлттық экономика Министрлігінің Қостанай облысындағы Статистика Департаменті» персоналмен жұмыс істеу бойынша бөлімінің жетекшісі – Габдулина Г.К. 4. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ 5В051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенті – Абикеева Д.Е.   Студенттер мемлекеттік қызметтің кадрлық саясатындағы болатын өзгерістер туралы және болашақтағы кәсіби қызметтеріндегі жаңа міндеттері туралы маңызды ақпараттар алды.
Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күніне арналған интеллектуалдық ойын   2015 жылдың 22 қыркүйегінде Экономикалық факультетте Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері күніне орай «Бірінші курс студентінің кубогы-2015» интеллектуалдық ойынын өтті. Ойынға 5В050600-Экономика, 5В050700-Менеджмент, 5В050800-Есеп және аудит, 5В050900-Қаржы, 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының 1 курс студенттерінен құралған топтар қатысты. Ойын үш сатыдан тұрды және ойынның барысында ойыншылар өз білімдерін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасау машықтарын және тапқырлықтарын көрсете алды. Ойынның нәтижесі бойынша жеңіске 5В050600-Экономика мамандығының 1 курс студенттерінен құралған «Жеңіс» тобы жетті. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары берілді, ал жеңімаз топқа басты сыйлық – бірінші курс студентінің Кубогы табыс етілді. Ойынға 5В050600-Экономика, 5В050700-Менеджмент, 5В050800-Есеп және аудит, 5В050900-Қаржы, 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының 1 курс студенттерінен құралған топтар қатысты. Ойын үш сатыдан тұрды және ойынның барысында ойыншылар өз білімдерін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасау машықтарын және тапқырлықтарын көрсете алды. Ойынның нәтижесі бойынша жеңіске 5В050600-Экономика мамандығының 1 курс студенттерінен құралған «Жеңіс» тобы жетті. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары берілді, ал жеңімаз топқа басты сыйлық – бірінші курс студентінің Кубогы табыс етілді.
Профессор-оқытушылар құрамының бос орнына  конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ