Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

21 қазан күні тәрбие жұмысын әрі қарай жетілдіру шеңберінде экономика факультетінің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы  №2 Студенттер үйінде  «Jackal» ойынан турнир өткізді. Бұл ойында оқушылар ептілік, ерлік,  қулық  стратегиясын құру, сондай-ақ қиындықтардан қорықпай алға  жылжыу қабілетері жағынан  бәсекелесе алады. Ойынды осыдан 30 жылдай бұрын москвалық студенттер ойлап тапқан болатын. Ойын кезінде студенттер тек қана көңілді уақыт өткізіп қоймай, өздерінің стратегиялық ойлау  және коммуникациялық  қарым-қатынас қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.    2012 жылы а «Jackal» ойыны Ресейде үстелде ойнайтын ең үздік ойын болып табылды. "Біздің қалада да осы ойынның әуесқойлары табылғаны қуанышты" - дейді бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқытушысы және ойынның бас төрешісі Бедыч Евгений. Ойынның негізгі мақсаты - турнирге қатысушылардың креативті ойлауын, команданы әсерлі басқару мүмкіндіктерін көрөрсете алу болды.  Турнир нәтижесі бойынша екі үздік ойыншы тәтті жүлдемен марапатталды. «Осындай турнирлар, меніңше, тек қана өзімізді жаңа жақтарымыздан ғана көрсетіп қоймай, жоо беріп жатқан білім мен қабілет жағынан да жарысқа түсуге мүмкіндік береді. Келесі турнирді асыға күтеміз!» -дейді турнир жеңімпазының бірі Ауешева Айгерим.
2015 жылдың 13 қазанында эконмоикалық факультеттің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған, атап айтқанда жерлесіміз Қасым Ахметовтың естелігіне арналған ортақ отырыс өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – э.ғ.д., профессор С.М.Жиентаев. Ортақ отырысқа ф.ғ.к., профессор Жакып К.Х., т.ғ.д., профессор Легкий Д.М., ф.ғ.к., профессор Бондаренко Ю.Я., т.ғ.к., доцент С.С.Исмаилов, т.ғ.д., профессор Айтмухамбетов А.А., экономикалық факультеттің профессорлы-оқытушылық құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты. Іс-шараның ерекше қонақтары Қостанай облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Укин  К.У. және К.Ахметовтың қарындасы Гульсум Ахметова болды. Ахметов Касым 1939 жылдың қыркүйек айында Қостанай облысының Меңдіғара ауданының Төлеңгіт ауылынан әскер қатарына қосылды. Фин соғысының қатысушысы болды, кейін Ұлы Отан соғысының майдандарында ерлік көрсетті. 1943 жылдың шілде айында өткен осындай қақтығыстардың бірінде ол «Отан үшін», «Сталин үшін» деп үндеу салып, шабуылға бірінші болып шықты. Ахметов К. батырлығымен неміс тобының талқандалуына және кеңес әскері шабуылының сәтті өтуіне өз үлесін қосты. Шайқастарда көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Ахметов К. І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы 1941-45жж» орденімен, Қызыл ту, ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. 1943 жылдың желтоқсан айында 41-ші атқыштар дивизиясының 244-ші атқыштар полктің екінші атқыштар рота бөлімінің командирі қызметінде Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылды.
2015 жылдың 15-16  қазан күнднрі ғылыми және шығармашылық ынтымақтастық шеңберінде  экономика факультетінің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы ПОҚ мен «Есепт және аудит» мамндығының студенттері үшін экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Grant Thorton» (г.Алматы) халықаралық аудиторлық фирмасының бас директоры Ержанов Мухтар  Салтаевичпен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге экономика факультетінің деканы  Н.Баранова қатысты. Ержанов М.С. бухгалтерлік есеп және аудит бойынша бірінші Қазақстандық заңды шығаруға белсенді ат салысқан адам. Үлкен төрттіктің бір компаниясының офисын Қазақстанда алғаш құрып және оны дамытып. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бірінші халықаралық аудитін өткізіп, аудиттің ірі жобаларын басқарды. Ержанов М.С.  13  ғылым докторын, 15 ғылым кандидатын Қазақстан мен Кыргызстанда бухгалтерлік есеп, аудит, статистика, қаржы және банк ісі салаларында дайындады. Ол, еліміздің студенттері тәлім алатын аудит. есеп және салық салу ғылымдары бойынша 10-нан астам оқулықтардың авторы.    Ержанов М.С.  кездесу шеңберінде «Есепт және аудит» мамндығының 4 курс студенттері үшін  проблемалық дәріс оқып, қазіргі жағдайдағы есеп, аудит және талдау мәселелелерінің сұрақтарын қозғады, МСФО және МСА кезеңіндегі есеп-аналитикалық жүйесінің даму болашағына тоқталды.
2015 жылдың 14 қазаныңда Экономикалық факультеттің басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасында Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерімен, «Қостанай қаласы әкімдігін жұмыспен қамту орталығы» ҚММ директорымен мемлекеттік қызметке тусі сұрақтары бойынша экономикалық факультеттің 4 курс студенттерімен кездесу өткізілді. Бітіруші студенттер мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері мен шарттары туралы ақпараттар алды.  
2015 жылдың 13 қазанында №2 корпустың акт залында ИТФ жəне АБФ факультеттерінің 1 курс студенттері ұйымдастырған мерекелік концерт өтті. Студенттерді құттықтауға факультет декандары Есімханов Саят Бақытұлы мен Қалимов Ниязбек Ерханұлы жəне де ЖБДО-ның орынбасары Төлеш Мұғзұм Маралұлы келді. Концерт соңында студенттер түрлі номинациялар бойынша дипломдармен  марапатталды.