Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

22.10.2021 жылы сағат 14.00-де 121 ауд. (№4 корпус) 6D120100-Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламасының докторанты З. Б. Абилованың "Ауылшаруашылығы жануарларында анальгетикалық препараттарды қолданудың фармакотерапиялық негіздемесі" тақырыбында докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы өтеді.
22.10.2021 жылы сағат 14.00-де 121 ауд. (№4 корпус) 6D120100-Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламасының докторанты З. Б. Абилованың "Ауылшаруашылығы жануарларында анальгетикалық препараттарды қолданудың фармакотерапиялық негіздемесі" тақырыбында докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы өтеді.
Шетел филологиясы кафедрасы Қостанай қаласы мен Қостанай облысының 11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен аймақтық олимпиада өткізді. Оған барлығы 105 оқушы қатысты. Олимпиада екі турдан тұрды: жазбаша және ауызша. Жазбаша турдың нәтижесі бойынша 14 оқушы келесі кезеңге өтті. Финалистерге ауызша сөйлеу дағды-ларын тексеру тапсырмасы, ағылшын тіліндегі проблемалық тақырыптарды әңгімелеу ұсынылды. Финалға шыққандардың қатарында Қостанай қаласының №9, №17 орта мек-тептерінің, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың, Рудныйдағы №4 мектеп-лицейі мен №2 гимназиясы, Лисаковск қаласының гимназиясы және Федоровка ауылының орта мектебінің оқушылары болды. Екі турдың арасындағы үзілісте шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары мен студенттері университеттегі жеңілдіктер мен түрлі бағдарламалар жайында, сондай-ақ қызыққа толы студенттік шақ туралы әңгімелеп берді. Шынымен де ҚМУ студенттері белсенді, оқу орнында өткізілетін көптеген шараларды өздері ұйымдастырады. Олимпиада қатысушылары университетіміздің құрметті профессоры Сәмамбет Мәнсия Қалмағамбетқызының «What a wonderful world of a word!» («Бұл қандай керемет – сөз!»)тақырыбындағы баяндамасын үлкен қызығушылықпен тыңдады. Екі турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаз – Тұмар Манабаева есімді Рудный қаласындағы №2 гимназияның оқушысы. Тұмарға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде тегін оқу құқын беретін сертификат табысталды. Ал екінші орынды екі бірдей оқушы иеленді. Олар – Рудный қаласындағы №4 мектеп-лицейінің оқушысы Дмитрий Валутаев және Қостанай қаласының №17 орта мектебінің шәкірті Мәдина Өтемісова. 3-ші орынды Федоров ауылындағы орта мектеп-тің оқушысы Даниил Бугаков пен Қостанай қаласы, № 17 орта мектеп оқушысы Виолета Каримова өзара бөлісті. Жүлделі орындарға ие болған балалар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Олимпиаданың қалған қатысушыларына қатысқаны үшін деген сертификат берілді. «Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларды ҚМУ студенттерінің қатарында көргіміз келеді»,-дейді кафедра меңгерушісі Сәуле Жабаева.      
Иннова-2020 конференциясының екінші күнінде көптілді топтардың оқытушылары үшін шеберлік сабағы және студенттерді дайындаудағы тәжірибеге бағытталған тәсілдер сөз болған кездесу өтті. Бұл мәселе төңірегінде «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Светлана Химич өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Оның сөзінше студент тек тәжірибеде ғана алған теориялық білімін толығымен пайдалана алады. Журналистика кафедрасы аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарымен 23 келісімшарт жасаған. Осы уақытқа дейін біздің студенттер «Қостанай таңы», «Костанайские новости», «Наш Костанай», «Наша газета», «Рассвет»радиосында тәжірибе жинақтап келді. Мұнда әр студентке тәжірибелі редакция құрамынан тәлімгер тағайындалады, бұл олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, қаламын ұштауға көмектеседі. «Қазақстан-Қостанай» облыстық телерадиокомпаниясында Аружан Нұрғалиева, Олжас Адай, Гүлден Қойшыман, Әйгерім Төлепова және тағы да басқа студенттеріміз «Тобыл таңы» бағдарламасына бейне материалдар әзірледі. Ал Арман Әлібеков есімді студенттің арқасында «Рассвет» радиосында жаңа бағдарлама пайда болыпты. Айта берсек, мұндай мысалдар жетерлік. Тәжірибеге бағытталған өнеркәсіптегі сабақтар барлық мамандықтар бойынша жүзеге асып келеді. Облыстың іргелі кәсіпорындарында, мемлекеттік мекемелерде ҚМУ студент-тері оқу, өндірістік және бір семестр бойы екі жетіде бір тәжірибеден өтеді. Осындай шаралардың арқасында студент пен жұмыс берушінің арасында байланыс қалыптасады, мұның арты түлектердің тез жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
13
янв 
2020
Білім берудегі инновациялар, ізденістер және оларды шешу жолдары - бұл тақырыптар «Иннова-2020» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясында қарастырылады. Бір жеті бойы түрлі тақырыптарды қозғайтын аталмыш конференция бүгін ҚМУ-нің Smart-орталығынан бастау алды. Бірінші болып сөз алған – академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Арман Исмаилов. Ол қатысушыларды құттықтап, істеріне сәттілік тіледі: «Қазіргі уақытта Қазақстан жаһандық білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа білім беру жүйесін дамытуда. Бұл процесс теория мен тәжірибеде айтарлықтай өзгерістермен бірге жүреді. Мен барлық конференция қатысушылары қызықты және пайда-лы тақырыптар мен есептердің арасынан өздеріне керектісін табады және Секциялардағы жұмыс жемісті, сонымен қатар сындарлы талқылаумен қатар жүреді деп сенемін». Пленарлық отырыста тыңдалған баяндамалар әріптестеріміздің қызығушылығын туғызып, қызу талқыға түсті. Университеттің оқу-әдістемелік басқарма бастығы Татьяна Чехованың айтуынша, конференция аптаның соңына дейін жалғасады. Дәстүр бойынша мастер-кластар, пікірсайыс алаңдары, оқыту семинарлары өткізіліп, онда көптілді білім беру, тәжірибеге бағдарланған оқыту, қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтарды енгізу мәселелері қаралады. Онлайн режимінде алғаш рет Н.Катанов атындағы (Абакан қаласы) Ресей мемлекеттік университетінің және Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жетекші ғалымдарымен пікір алмасу сағаты өтеді.
Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде шаңғы тебуден жарыс өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде оқу орны оқытушылары мен қызметкерлері арасында өткізілетін бір апталық спартакиада қазақ халқының Ұлы тұлғасы, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.   Шаңғы тебуден жарысқа 50-ге тарта ҚМУ қызметкерлері мен оқытушылары қатысты. Әйелдер 500 метр қашықтықта бақ сынаса, ерлер 1000 метр қашықтықты бағындырды. Жарыс нәтижесі төмендегідей: 20-29 жас аралығында әйелдер арасында 1-ші орын – Әсел Токушева, биология және экология кафедрасының оқытушысы; 2-ші орын – Жансая Теевкабылова, ветеринарлық медицина кафедрасының оқытушысы; 3-ші орын – Елена Симанчук, Smart-орталықтың бас маманы. 20-29 жас аралығында ерлер арасында 1-ші орын – Орал Такиров, тарих және философия кафедрасының оқытушысы 30-39 жас аралығында әйелдер арасында 1-ші орын – Надежда Сквиренко, қашықтықта оқыту және кәсіби дамыту институтының маманы; 2-ші орын – Евгения Еренко, ветеринарлық медицина кафедрасының оқытушысы; 3-ші орын – Нұргүл Баимбетова, ветеринарлық медицина кафедрасының оқытушысы. 30-39 жас аралығында ерлер арасында 1-ші орын – Төлеген Көпжасаров,Smart-орталықтың бас маманы; 2-ші орын – Асхат Жұмабаев, ветеринарлық санитария кафедрасының оқытушысы. 40-49 жас аралығында әйелдер арасында 1-ші орын – Мейрамгүл Кеңбеисова, тіркеу бөлімінің әдіскері; 2-ші орын – Нұржамал Аманжолова, агрономия кафедрасының лаборанты. 40-49 жас аралығында ерлер арасында 1-ші орын – Арман Исмаилов, академиялық департамент директоры. 50-55 жас аралығында ерлер арасында 1-ші орын – Берген Қалақов, тіркеу бөлімінің бастығы; 2-ші орын – Марат Әубәкіров, ветеринарлық медицина кафедрасының меңгерушісі; 3-ші орын – Бақытжан Досмағанбетов, әскери кафедра оқытушысы. 50-55 жас аралығында әйелдер арасында 1-ші орын –Гүлсім Қалақова, физика және информатика кафедрасының аға оқытушысы. 56-60 жас аралығында ерлер арасында 1-ші орын - Сәрсен Аралбаев, қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы; 2-ші орын – Ғабит Құсайынов, тарих кафедрасының аға оқытушысы. 50-56 жас аралығында әйелдер арасында 1-орын – Ирина Кехтер, өңдеу және стандарттау технологиясы кафедрасының аға оқытушысы. 61 жастан жоғары ерлер арасында 1-ші орын – Федор Майер,стратегия, аккредитация, рейтинг бөлімінің бастығы; 2-ші орын – Қалқаман Жақып, тарих және философия кафедрасының профессоры; 3-ші орын – Азамат Кәкенов, ветеринарлық медицина кафедрасының оқытушысы. Ал эстафетаға 3 команда қатысты. Командалық жарыста 1-ші орынды аграрлық-техникалық институт, 2-ші орынды тіркеу бөлімі, 3-ші орынды Smart-орталық иеленді. Спартакиада 8 түрлі спорттық ойындармен жалғасын таппақ.      
1 2 3