Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ағылшын тілінен облыстық олимпиада

Шетел филологиясы кафедрасы Қостанай қаласы мен Қостанай облысының 11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен аймақтық олимпиада өткізді. Оған барлығы 105 
оқушы қатысты. Олимпиада екі турдан тұрды: жазбаша және ауызша. Жазбаша турдың нәтижесі бойынша 14 оқушы келесі кезеңге өтті. Финалистерге ауызша сөйлеу дағды-
ларын тексеру тапсырмасы, ағылшын тіліндегі проблемалық тақырыптарды әңгімелеу ұсынылды. Финалға шыққандардың қатарында Қостанай қаласының №9, №17 орта мек-
тептерінің, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың, Рудныйдағы №4 мектеп-лицейі мен №2 гимназиясы, Лисаковск қаласының гимназиясы және Федоровка ауылының
орта мектебінің оқушылары болды.

олимпиада
Екі турдың арасындағы үзілісте шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары мен студенттері университеттегі жеңілдіктер мен түрлі бағдарламалар жайында, сондай-ақ 
қызыққа толы студенттік шақ туралы әңгімелеп берді. Шынымен де ҚМУ студенттері белсенді, оқу орнында өткізілетін көптеген шараларды өздері ұйымдастырады.
Олимпиада қатысушылары университетіміздің құрметті профессоры Сәмамбет Мәнсия Қалмағамбетқызының «What a wonderful world of a word!» («Бұл қандай керемет – сөз!»)
тақырыбындағы баяндамасын үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Екі турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаз – Тұмар Манабаева есімді Рудный қаласындағы №2 гимназияның оқушысы. Тұмарға А.Байтұрсынов 
атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде тегін оқу құқын беретін сертификат табысталды. Ал екінші орынды екі бірдей оқушы иеленді. Олар – Рудный қаласындағы
№4 мектеп-лицейінің оқушысы Дмитрий Валутаев және Қостанай қаласының №17 орта мектебінің шәкірті Мәдина Өтемісова. 3-ші орынды Федоров ауылындағы орта мектеп-
тің оқушысы Даниил Бугаков пен Қостанай қаласы, № 17 орта мектеп оқушысы Виолета Каримова өзара бөлісті.

жеңімпаз
ағылшын тілінен олимпиада 
Жүлделі орындарға ие болған балалар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Олимпиаданың қалған қатысушыларына қатысқаны үшін деген сертификат берілді.

«Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларды ҚМУ студенттерінің қатарында көргіміз келеді»,-дейді кафедра меңгерушісі Сәуле Жабаева.
 
 

 


PDF