Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Шаңғы тебуден жарыс өтті

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде шаңғы тебуден жарыс өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде оқу орны оқытушылары мен қызметкерлері арасында өткізілетін бір апталық спартакиада қазақ халқының Ұлы тұлғасы, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.

шаңғы тебуден жарыс

 

шаңғы тебуден жарыс

Шаңғы тебуден жарысқа 50-ге тарта ҚМУ қызметкерлері мен оқытушылары қатысты. Әйелдер 500 метр қашықтықта бақ сынаса, ерлер 1000 метр қашықтықты бағындырды. Жарыс нәтижесі төмендегідей:

20-29 жас аралығында әйелдер арасында

1-ші орын – Әсел Токушева, биология және экология кафедрасының оқытушысы;

2-ші орын – Жансая Теевкабылова, ветеринарлық медицина кафедрасының оқытушысы;

3-ші орын – Елена Симанчук, Smart-орталықтың бас маманы.

20-29 жас аралығында ерлер арасында

1-ші орын – Орал Такиров, тарих және философия кафедрасының оқытушысы

30-39 жас аралығында әйелдер арасында

1-ші орын – Надежда Сквиренко, қашықтықта оқыту және кәсіби дамыту институтының маманы;
2-ші орын – Евгения Еренко, ветеринарлық медицина кафедрасының оқытушысы;
3-ші орын – Нұргүл Баимбетова, ветеринарлық медицина кафедрасының оқытушысы.
30-39 жас аралығында ерлер арасында
1-ші орын – Төлеген Көпжасаров,Smart-орталықтың бас маманы;
2-ші орын – Асхат Жұмабаев, ветеринарлық санитария кафедрасының оқытушысы. 
40-49 жас аралығында әйелдер арасында
1-ші орын – Мейрамгүл Кеңбеисова, тіркеу бөлімінің әдіскері;
2-ші орын – Нұржамал Аманжолова, агрономия кафедрасының лаборанты. 

40-49 жас аралығында ерлер арасында

1-ші орын – Арман Исмаилов, академиялық департамент директоры.

50-55 жас аралығында ерлер арасында

1-ші орын – Берген Қалақов, тіркеу бөлімінің бастығы;

2-ші орын – Марат Әубәкіров, ветеринарлық медицина кафедрасының меңгерушісі;

3-ші орын – Бақытжан Досмағанбетов, әскери кафедра оқытушысы.

50-55 жас аралығында әйелдер арасында

1-ші орын –Гүлсім Қалақова, физика және информатика кафедрасының аға оқытушысы.

56-60 жас аралығында ерлер арасында

1-ші орын - Сәрсен Аралбаев, қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы;

2-ші орын – Ғабит Құсайынов, тарих кафедрасының аға оқытушысы.

50-56 жас аралығында әйелдер арасында

1-орын – Ирина Кехтер, өңдеу және стандарттау технологиясы кафедрасының аға оқытушысы.

61 жастан жоғары ерлер арасында

1-ші орын – Федор Майер,стратегия, аккредитация, рейтинг бөлімінің бастығы; 
2-ші орын – Қалқаман Жақып, тарих және философия кафедрасының профессоры;
3-ші орын – Азамат Кәкенов, ветеринарлық медицина кафедрасының оқытушысы.

шаңғы тебуден жарыс
шаңғы тебуден жарыс
Ал эстафетаға 3 команда қатысты. Командалық жарыста 1-ші орынды аграрлық-техникалық институт, 2-ші орынды тіркеу бөлімі, 3-ші орынды Smart-орталық иеленді.
Спартакиада 8 түрлі спорттық ойындармен жалғасын таппақ. 
 

 

 


PDF