Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

6D050400 – Журналистика мамандығы

6D050400– Журналистика мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:

 

Ақпараттық қоғам және бұқаралық медиа

Белсенді азаматтық ұстанымы бар, ақпараттық қоғам массмедиасының қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерін тұжырымдауға және шешуге, жоғары оқу орындарында сабақ беруге, ақпараттық қоғамда массмедианың позициялануын зерттеу саласын жүйелі түсінуге, белгіленген бағыттағы ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлауға, әзірлеуге, іске асыруға және түзетуге қабілетті мамандарды даярлау.

Бұқаралық медиа РR-ресурс ретінде

Жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері бар, жұртшылықпен байланыс саласындағы жаңа идеяларды сын тұрғысынан талдауға, бағалауға және синтездеуге қабілетті бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау; белгіленген саладағы қазіргі ғылыми тұжырымдамаларды ұғыну және Сын тұрғысынан бағалау, жеке креативті РR-жобаларды әзірлеу.

 

 

Модульдік білім беру бағдарламалары

 

Әрбір мамандық үшін модульдік білім беру бағдарламасы әзірленеді – оқу бағдарламасы оқу модульдерінің жиынтығын қамтиды білім алушыларға белгілі бір дәрежеде және / немесе біліктілікті алу үшін қажетті құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

 

 

6D050400-Журналистика мамандығының түлегіне 6D050400-Журналистика мамандығы бойынша философия  докторы (PhD )дәрежесі беріледі.


PDF