Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

CLASS жобасының нәтижелері

2018 жылдың 19-20 ақпанында Испанияның  Сантьяго де Компостела Университетінде  Эразмус+ бағдарламаcының «Орталық Азия университеттеріндегі есептеу лингвистика бағытындағы пәнаралық магистратура бағдарламасын ашу» - 585845-ЕРР-1-2017-1-ES-EPPKA2-CBHE-JP жобасы бойынша бастапқы кездесу өтті. Жоба консорциумы алты елдің 12 университетінен құралған (ЕС: Сантьяго де Компостела Университеті, Ла-Корунья Университеті, Испания; Порто Университеті, Португалия; Афин Технологиялық Білім беру институты, Греция; Адам Мицкевич атындағы Университеті, Польша; Өзбекстан: УрМУ(УрГУ), СМШТИ(СГИИЯ), А.Навойи атындағы ӨМӨТ&ӘУ(УГУУЯиЛ), ӨҰУ(НУУ); Қазақстан: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).

Казақстан және Өзбекстан университеттері екі ел үшін жобаның маңыздылығын атап өтті.  Еуропалық серіктестер белсенділік танытып, Орталық Азия университеттеріне үлкен қызығушылық көрсетті және ынтымақтастық ниеттерін білдірді.  Жобаның Жетекші комитеті анықталып, оның құрамына әрбір серіктестен бір өкілі кірді.

Сантьяго де Компостела университетінің филология факультетінің деканы, MaríaJosé LópezCouso және интернационализациялау жөніндегі проректоры, AlmudenaHospido жобаның серіктестерін жылы лебізбен қарсы алды. Бұл кездесу жобаның ауқымынан тыс серіктестермен жеке танысуға және жоғары оқу орындарын ұсынуға сонымен қатар жоба бойынша ағымдағы және перспективті бірлескен іс-әрекеттерді келісіммен шешуге және серіктестіктің мүмкіндіктерін көруге өз ықпалын тигізді. Кездесу барысында үйлестіруші және серіктестер жобаны жүзеге асырудың келесі аспектілерін: жобаны басқару, оның ішінде: жобаның қаржысын басқару; сапаны қамтамасыз етудің екі бағыттағы стратегиясы: жобаны жүзеге асыру сапасы және пәнаралық магистратура бағдарламасын жасау сапасы; жобаның нәтижелерін тарату стратегиясын және жобаның нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету стратегиясын талқылап, ұсынды.

Кездесудің барлық қатысушылары мақұлдаған(әр жоғары оқу орнының 3 өкілден), жақында орындалатын шаралардың жоспары, жобаның жүзеге асырылуына белсенділік танытып, серіктестер арасындағы тұрақты өзара қарым- катынасты ынталандырады. Жоба материалдарын сақтау және алмастыру үшін Dropbox, ал 2018 жылдың мамырынан бастап  жобаның вебсайты қолданылады.

 


2018 жылғы 18 маусымнан бастап 3 шілде аралығында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ қызметкерлері есептеу лингвистикасы бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу және іске асыру үшін лингвистика, аралас оқыту, тілдік ресурстарды өңдеу құралдары саласында біліктілігін арттырды. Тағылымдама Ла Корунья университетінде (Испания) өтті.

 

Біліктілікті арттыру мынадай оқу модульдеріне негізделді:

- Виртуалдық ортада оқыту негіздері;

- Орталық Азия университеттері үшін ағылшын тілінің лингвистикасы;

- Тілдік ресурстарды өңдеу;

- Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету.

 

Тағылымдаманы өту кезеңінде дәрістер тыңдалды, жоғарыда аталған модульдерді меңгеру аясында тәжірибелік тапсырмалар орындалды. Оқыту Moodle тұғырнамасын пайдалану арқылы іске асырылды, бұл білім алушыларға аялық білімін белсендіруге, дәрістер мен тәжірибелік сабақтар барысында алған білімін жаттықтыруға және меңгеруге мүмкіндік берді. Оқуға жоба бойынша 7 серіктес-университет қатысты. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дан біліктілікті арттыруға халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы және жобаны үйлестіруші Е.М. Кандалина, шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі С.С. Жабаева, бағдарламалық қамтамасыздандыру кафедрасының аға оқытушысы О.И. Бижанова, практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы М.М. Кульбаева қатысты.

 

Тағылымдама аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Сонымен қоса, тәжірибе алмасу мақсатында осы оқу іс-шарасының нәтижелері бойынша Қостанай мемлекетік университетінің ПОҚ үшін 72 күндік  оқыту курстары ұйымдастырылды.

 


 

14.10.2018 жылдан бастап 20.10.2018 жыл аралығында Өзбекстан Ұлттық университетінде (Ташкент қаласы) жоба серіктестерінің өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Кездесу алдын-ала келісілген күн тәртібіне сәйкес және үш негізгі бөлімнен құралды.

 

Ең басында компьютерлік лингвистика бойынша білім беру бағдарламаларын іске асырудың халықаралық тәжірибесі қарастырылды. Жоба бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі талқыланды:

- профессор Зигмунд Витулани, Адам Мицкевич университеті, Польша;

- Пабло Гамалло, Сантьяго де Компостела университеті, Испания;

- Карлос Гомез, Ла Корунья университеті, Испания;

- Белинда Майя, Порту университеті, Португалия;

- Диана Рахимова және Гульмира Мадиева, Қазақ Ұлттық университеті;

- Алтынбек Шарипбай, Еуразия Ұлттық университеті.

 

Сондай-ақ, үйлестіру кездесуі барысында жобаның аясында жасап шығарылатын пәнаралық магистрлік бағдарламаның оқу жоспарын әзірлеу және 2018 жылдың қазан айы – 2019 жылдың наурыз айы аралығындағы кезеңде жобаны іске асыру жоспарын бекіту сияқты мәселелер талқыланды. Қостанай мемлекеттік университетінен жобаны үйлестіруші Е.М. Кандалина қазақстандық серіктестердің атынан оқу жоспарының  түпкі нұсқасын бекіту жұмысын жүзеге асырды.

 


 

18.05.2019 жылдан бастап 31.05.2019 жыл аралығында Адам Мицкевич атындағы университетте (Познань қаласы, Польша) компьютерлік лингвистика бойынша білім беру бағдарламаларын іске асырудың халықаралық тәжірибесін қарастыру саласында оқыту курсы ұйымдастырылды.

 

Іс-шара барысында мынадай тақырыптар қарастырылды:

- компьютерлік лингвистика бойынша білім беру бағдарламаларын іске асырудың халықаралық тәжірибесін зерделеу:

- тілдік ресурстарды өңдеу бойынша НЛП, тіл технологияларын әзірлеу;

- оқу-ақпараттық жүйелерде онтологияларды қолдану;

- машиналық аударма;

- талдау/морфология;

- акустикалық фонетикаға кіріспе;

- көп тілді сөздік үшін деректер базасын жасау;

- түркі тілдер және тіл индустриясындағы басқа жалғамалы тілдер;

- wordnet-ке кіріспе, лексикалық деректер базалары.

 

 

Осы оқыту курсы бойынша А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің келесі қызметкерлері біліктілігін арттырды: шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі С.С. Жабаева, практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы М.М. Кульбаева, бағдарламалық қамтамасыздандыру кафедрасының аға оқытушысы  Ж.З. Сатмагамбетова, Оқу курсы аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

 


 

2019 жылғы 26-27 қыркүйекте екінші үйлестіру кездесуі өтті, оған жобаның барлық серіктестерінің өкілдері, сондай-ақ Батыс Аттика университеті мен Сантьяго де Компостела университетінің проректорлары қатысты. Серіктестердің әрқайсысы жобаланған жоспарлық іс-шараларды іске асыру барысы туралы есепті ұсынды. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ есебін жобаны үйлестіруші Кандалина Е.М. ұсынды.

 

Жеткен нәтижелер туралы есептермен қатар, үйлестіру кездесуі барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:

- Орталық Азия университеттеріне білім алушыларды қабылдау;

- MOODLE тұғырнамасында аралас оқыту курстарын әзірлеу;

- ОЕЯ құралдарын жасау;

- компьютерлік лингвистика бойынша оқу құралдарын дайындау.

 

Сондай-ақ, жұмыс барысында жобаның сапасын қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар, әкімшілік және қаржылық мәселелер талқыланды. Жобаның нәтижелерін тарату бойынша іс-шаралардың арасында серіктестер видеороликтерді шығаруға қатысты бірыңғай тәсілдемені талқылады.


PDF