Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

SUSDEV жобасының нәтижелері

19-20 қаңтарда Мәскеу геодезия және картография унивесритетінде SusDev “Lifelong Leaming for Sustainable Development” жобасы бойынша алғашқы кездесу өтті. Қазақстан, Ресей, Польша, Португалия мен Австрия елдерінен 26 ЖОО-ның өкілдері қатысты. Жоба қатысушылары өз оқу орындарындарын таныстырып, жобаның негізгі міндеттерін, оны дамыту әдістерін және әрбір серіктес ЖОО-ның жауапкершілігі мен нәтижеге қол жеткізу жолдарын талқылады. Әр ЖОО экология, тағам қауіпсіздігі және жер егу сияқты жобаның аясында жұмыс жасау үшін өздерінің «жасыл» бағыттарын таңдады.  

 

Біздің университет  Варшава университетінің профессоры Mosiej Jozef басқарған экология бойынша жасақталған жұмыс тобына қосылды. Бізбен бірге топта Варшава мемлекеттік университеті, Ягеллон университеті (Краков қ.), К.А. Тимирязев атындағы МСХА – Ресей мемлекеттік аграрлық университеті, Сібір федералды университеті (Красноярск қ.), Саратов мемлекеттік аграрлық университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті және Жәңгір хан атыдағы Батыс-Қазақстан агро-техникалық университеті жұмыс істейді. 


Сәуірдің 24-27 аралығында, Дублин технологиялық университетінде, , Дублин қаласы, Ирландия мемлекеті, SusDev «Lifelong Learning for Sustainable Development» атты жоба бойынша ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры Жарлағасов Женіс Бахытбекұлы және ҒжЖООКБ басқармасының маманы Абдрахманов Мадидін қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан, Ресей, Польша және Австрия мемлекеттерінін 13 университеттері қатысты.

Қатысушылар жобаның басты мақсаттарын, ары қарай істелетін жұмысын және әр серіктес ЖОО-ның нәтижеге жету жолындағы жауапкершілігін талқылады. Әр ЖОО өзіне тиісті жұмыс бойынша есептеме берді, келесі қадамдарын аңықтады, бас қоса әр мемлекет бойынша ұйымдастыру мәселелерін шешті.

 

Еске салсақ, біздің университет Варшава университетінің профессоры Mosiej Jozef басқарған экология бағыты бойынша жұмыс тобына кірді. Біздің университет Варшава мемлекеттік университеті, Ягелон университеті (Краков қаласы), Ресей мемлекеттік аграрлық университеті – К.А. Тимирязев атындағы МАША, Сібір федералды университеті (Красноярск қаласы), Саратов мемлекеттік аграрлық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық және техникалық университеті, Х.Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті және Жәнгір хан атындағы Қазақстан аграрлық және техникалық университеттерімен бірге жұмыс атқарады.


PDF