ЖОО-ның білім беру бағдарламаларында пәнаралық модульдік курстардың көмегімен стартаптарды дамыту бойынша АКТ-мамандықтарындағы студенттерінің құзыреттілігін жандандыру (UXiship)
Жалпы міндеттері:
- АКТ-құзыреттілігіне негізделген кәсіпкерлік модулін енгізу арқылы ҚР және РФ серіктес-университеттерінде техникалық оқыту бағдарламаларын жетілдіру;
- бірлескен білім беруде, бағалауда және кері байланыста серіктес университеттердің күш-жігерін біріктіру арқылы техникалық оқыту бағдарламаларында жұмсақ дағдыларды дамыту үшін ІТ-кәсіпкерлікті дамытуды жеделдету бағдарламасын іске қосу;
- Серіктес-университеттердің консорциумы таныған бірлескен курстарды енгізу жолымен Болон процесіне сәйкес ЕО стандарттарына дейін техникалық оқыту бағдарламаларын жаңарту.
Ерекше міндеттері:
- АКТ-мамандықтар базасында, серіктес-университеттерде, 2021 жылдың қыркүйегіне қарай кәсіпкерлік модулін енгізу;
- 2020 жылы АКТ негізінде кәсіпкерлік модульді іске асыруда әрбір серіктес-университет тарапынан сала бойынша 100-200 студент, 1-2 оқытушы және 1 тәлімгердің қатысуын қамтамасыз ету.
- ЕО стандарттарына дейін білім беру процесін жаңарту;
- Еңбек нарығын АКТ және кәсіпкерлік құзыреттеріне ие, көп салалы білімді инженерлік мамандықтармен қамтамасыз ету;
- Тиімді және мақсатты түрде тарату есебінен жоба нәтижелерінің орнықтылығы, кепілдендірілген ұзақ өмір сүруі
Жоба бойынша А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ серіктестері:
- EKA University, Латвия;
- Таллин технологиялық университеті, Эстония;
- Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан Республикасы;
- Алматы Менеджмент Университеті, Қазақстан Республикасы;
- ҚҰЗТУ-КАИ, Қазан, Ресей Федерациясы;
- Ростов мемлекеттік экономикалық университеті, Ресей Федерациясы;
- Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті, Ресей Федерациясы;
- Бетар компаниясы, Ресей Федерациясы.
Жоба грантына өтініш беруші және жетекші серіктесі болып келісімге сәйкес Висмар қолданбалы ғылымдар, технология, бизнес және дизайн университеті белгіленді, Германия.
Ескерту: Жоба Еуропалық Комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Бұл сайттың мазмұны университеттің жауапкершілігінде және Еуропалық Комиссияның көзқарастарын білдірмейді.