2016 жылдың 15 қыркүйегінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс залында «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру» ҚР Заңын жүзеге асыру мақсатында таныстыру рәсімі өткізілді.
«Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан, «Ғылым қоры» АҚ-ның жобалық дирекциясының директоры Қанат Искаков, 2016 жылға ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы толық ақпарат беріп, түсіндіріп өтті.
«Ғылым қоры» АҚ-ның жобалық дирекциясының директорымен кездесуінде ҚМУ-дың жетекшілері, оқытушылар, кафедра меңгерушілері, декандар болды.
Байқаудың өткізілуі туралы толық ақпаратты ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында: sc.edu.gov.kz оқи аласыздар.
ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина