Қазіргі заманымыз дінмен байланысқан жаман ойлар мен әрекеттерге толы. Бұл не? Оны қалай түсінуге болады. Неліктен терроризм мен экстремизм мыңдаған адамның ойларын бұзады? Міне, сол мақсатта түрлі ағымдардан студенттерді сақтандыру және қорғау үшін 2015 жылдың 9 қарашасы күні А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың №2 ғимаратының акт залында дінтанушы, теолог Саян Қосжан мен Қостанай облысы әкімдігінің діни басқармасының бас маманы Сапарғали Абдиев 1,2 курс студенттерімен кездесті.
Аталмыш шараның тақырыбы «Исламның дәстүрлі емес діни ағымдардың кері әсері» деп аталды. Жиналыс барысында Қосжан Саян ислам діні туралы толық мәлімет айтып берді, сонымен қоса дінтанушы-теологтың пайымдауынша, дін туралы жаман ойлар болмау керек, өйткені әлемде болып жатқан зорлықтар мен соғыстар, солардың әсерінен қаншама жандар өліп жатқаны, таза әрі шынайы ислам дінімен байланысы жоқ. Адамның сенімін бүлдіретін осы діннің ағымдары. Сапарғали Абдиев дін еліміздің даму бағдарламасына кіретінін айтып, біздің жеріміздің әр азаматы өз қалауынша дінін таңдай алады, әрине сол сенім Қазақстан Республикасының заңдылығына қайшылық етпейді.
Әлемдік дін – ислам туралы болған кездесу қызықты өтті. Студенттер өздеріне осы тақырыптағы көптеген пайдалы ақпаратпен танысты. Қонақтар мен ұйымдастырушылардың айтуынша осындай студенттермен танымдық кездесулер әлі талай болады, деп құлағдар етті.