Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Білім беру бағдарламасы

Ғылыми-педагогикалық және әкімшілік қызметі

 

 

Болашақта осы оқу бағдарламасын оқып шыққан мамандар ғылыми-педагогикалық зерттеулердің және әкімшілік –басқару негіздері бойынша біліктілікті және дағдылықты дамытады. Осы білім беру бағдарламасында қамтылған  әлеуметтік танымның әдістемесі,  білім саласындағы менеджмент, ғылыми басқарудың теоретикалық негіздері, басқару қисыны және гуманитарлық-тарихи пәндер бойынша мамандар дайындалады.

 

 


«Ғылыми-педагогикалық және әкімшілік қызметі» білім беру бағдарламасын меңгеріп шыққан студенттер міндетті:
 

 

Білімі мен танымы:

 
• мамандық шеңберінде фундаменталды ғылымдар негіздері;
• әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі философиялық мәселелері; 
• білім беру аясында басқару теориясы және менеджменті; 
• жаңа инновациялық-әдістемелік технологиялар және белсенді білім беру әдістері;
• ғылыми нәтижелерді жазып орындауға талаптар;
• ғылыми мәліметтерді мазмұндау үшін бірнеше шет тілдердің арасында бір шет тілді толық меңгеру;
• ғылыми мақалаларға аннотация жасау; 
• студенттермен психология және педагогика қарым-қатынастары; 
• ғылыми мәліметтерді іздеу және айырбастау жолдары; 

Біліктілігі:

 
• ғылыми-педагогикалық қызметте оқу-таңым, ғылыми-зерттеу, кәсіби-шығармашылық дайындықты интеграциялау; 
• өз кәсіби қызметін жоспарлау және жүзеге асыру; 
• кәсіби шешімдерді қабылдау және олардың нәтижелерін қабылдау; 
• кәсіби қызметте дұрыс стратегия мен тактиканы қолданып шығармашылық іздену; өз кәсіби қызметін қайта құру; 
• кәсіби қызметінің стратегиялық бағыты мен тұтастығын; 
• педагогикалық шығармашылықты және педагогикалық шеңберлікті жетелдіру; 
• оқу жағдайын анализден өткізу, нақты шешімдерді қабылдау, олардың әлеуметтік салдарын қарастыру; 
• ғылыми қорытындыларды ойлап шығару, алған материалды жалпылау, мәліметтерді және тезистерді, рефераттарды,іскерлікті хаттарды жазу; 

 

Дағдылығы:

 
• ақпарат және білім беру технологиялар арқылы өз білімдерін жетілдіріп, тереңдету; 
• қисын және критикалық әдістері; 
• өз шешімдерін негіздеу және сендіру әдістері; 
• конструктивтік-әдістемелік және ғылыми шешімдер технологиялары; 
• жоғары оқу орында білім беру процесстердің басқару және ұйымдастыру дағдылары; 
• ғылыми жобалық қызметінің жалпы әдістері; 
• кәсіби қарым-қатынастар және мәдениаралық коммуникация; 
• тарихи материалдарды жинақтаудың аналитикалық жүйелік операцияларын жүзеге  асыру; 
• зерттеуде тарихнамалық, деректелік анализ және математикалық әдістері. 

 

Білім беру бағдарламасының пәндер каталогы

 

Білім беру бағдарламасының пәндер каталогында эр пәннің сипатамасы, пререквизиттері мен постреквизиттері, кредит саны, сабақ түрі мен бағдарлама жетекшісі жайында мәлеметтер бар.

 

Базалық  пәндер


Әлеуметтік басқару қисыны / Логика социального управления / The management socialis logistik– 2 кредит 
Пререквизиттер: педагогика, психология.
Курстың қысқаша мазмұны: Басқару ұғым ретінде. Әлеуметтік басқарудың ерекшеліктері және қисын. Әлеуметтік үрдістерді басқарудағы ерекшеліктер және қисынды ойлау. Әлеуметтік басқарудағы бей-берекеттілік пен саналының ара-қатынасы. Әлеуметтік басқарудағы объект пен субъект. Жеке және жалпы әлеуметтік үрдістерді басқарудағы қисынды ойлау. Әлеуметтік басқару және қисынды ойлау, педагогика, психология байланысы.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Колдыбаев С.А.

Әлеуметтік танымның әдістемесі / Методология социального познания / Methodology of social knowledge – 2 кредит
Пререквизиттер: тарихи процесс және тарихи таңым теориясы.
Курстың қысқаша мазмұны: Әлеуметтік танымның ерекшеліктері. Әлеуметтік таным ерекшеліктері. Нақты ғылым пәндерінің танымынан әлеуметтік таным ерекшелігі. Әлеуметтік таным ерекшелігін неокантиандық мұра ретінде зетрттеу. В.Дильтей көзқарасының сараптамасы. Әлеуметтік таным принциптерін анықтау. Түсіндіру, интерпретация сараптамасы әлеуметтік танымның ерекше амалдарының түсіндірмесі. ретінде.
Постреквизиттер: Әлеуметтік басқару қисыны.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Колдыбаев С.А.

Профилдық пәндер

Тарихи демография мәселелері / Проблемы исторической демографии / Problems of a historical demography – 3 кредит
Пререквизиттер: әлеуметтану.
Курстың қысқаша мазмұны: Демография түсінігі және мазмұны. Демографиялық жағдай және халық. Тарихи демографияның кезеңдері. СНГ және шет елдердегі демографиялық жағдайдың дамуы.  Бебибум және әлемдегі қоныстану мәселесі. Әр түрлі елдердегі урбанизация және халықтың тығыз орналасуы. Демографиялық келешек. Демография түсінігі және мазмұны, халық және демографиялық жағдай. Тарихи демография кезеңдері, Қазақстандағы демографиялық жағдайдың дамуы, тарих және келелі мәселе. Аштық және ұжымдастыру, оның демографиялық салдары М.Б. Татимовтың  «Урбанизация мәселесі және халықтың тығыз орналасуы  «Қазақстандағы демографиялық келешек» атты жұмыстарындағы демографиялық теория зерттеулерінің енгізілуі.

Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Исмаилов С.С.

 

Әлем тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас / Новые подходы к фундаментальным проблемам Всемирной истории / New approaches to fundamental problems of the World history – 2 кредит
Пререквизиттер: Әлем тарихы.
Курстың қысқаша мазмұны: Дүниежузілік тарихтағы мемлекеттік құқықтық процесстер. Қайта құру кезеңінен Реформациялауға дейінгі кездегі еуропалық қоғамның дамуы. XIX ғасырдың екінші жартысындағыпозитивизм және материализмнің дамуы. Өркенитеттер анализінің мәдени-тарихи әдістемесі. Тарихи синтез және «жаңа әлеуметтік тарих». Қазіргі замандағы әлем тарихының жаңаша қөзқарастық мәселелер. 
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Легкий Д.М.

 

Хозяйственно-культурные типы / Шаруашылық - мәдени типтер / Economic-cultural types – 3 кредит
Пререквизиттер: Қазақстан тарихы.
Курстың қысқаша мазмұны: Шаруашылық мәдениет түрлерінің қалыптасуында ауа-райының табиға факторы. Шаруашылық мәдениеттің жіктелуі. Қазақтардың шаруашылық мәдениетінің динамикасын теориялық зерттеу. Қазақтардың шаруашылықты жүргізудегі практикалық жағдайы. Шаруашылықтың типтері мен түрлері.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Айтмухамбетов А.А.

 

Эпоха Возрождения как интеллектуальная формация / Қайта өрлеу дәуірі интеллектуалдық негізде / Renaissance as an intellectual form – 3 кредит
Пререквизиттер: дүниежүзілік өркениеттер тарихы.
Курстың қысқаша мазмұны: Қайта құру дәурінің кезеңдеуі. Италиядағы қайта құру кезеңі: Монтескье, Л. Да Винчи.  Франциядағы Ренессанса дәуірі: Вольтер, Д.Дидро, Руссо. Әлем мәдениетінің және ғылыми ойдың дамуы мен қалыптасуына қайта құру кезеңінің қайтраткерлерінің қосқан үлесі.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Легкий Д.М.

 

Теоретико-методологические проблемы источниковедения и историографии / Тарихнама мен деректанудың теориялық-әдістемелік мәселелері / Theoretic – methodological problems of a source study and a historiography – 2 кредит
Пререквизиттер: деректану және тарихнама.
Курстың қысқаша мазмұны: Ғылыми ұғымдар. Категориялар мен  принциптері. Тарихтың позитивистік әдістемесі. Тарихи зерттеудегі негізгі қазіргі әдістемелік концепциялар. Заңдылық және сәйкестік. Тарихи ғылымды зерттеудегі қазіргі мәселелер. Деректік анализ және синтез. Тарихи таңымның принциптері. Тарих зерттеулердің негізгі әдістері. 
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Колдыбаева С.С.

 

Периодизация истории (Отечественной и всемирной) / Тарихты кезеңдендіру (Отан тарихи және дүниежүзілік) / Periodization of history (Domestic and world) – 3 кредит
Пререквизиттер: Отан тарихының өзекті мәселелеріне қазіргі теоретикалық-әдістемелік  жаңаша қөзқарастары.

Курстың қысқаша мазмұны: Тарих ғылымының дәуірлерге бөлу мәселесі. Тарих құбылыстарын зерттеуде жаңа методологиялық шешімдерді табу. Тарихи оқиғаларды бағалау белгісінің өзгеруі. Тарих ғылымының дәуірлерге бөлу мәселесін ой елегінен қайта өткізу қажетілігі. Зерттеушілердің ғылыми көзқарасына әсер ететін факторлар. Қазақстан тәуелсіздігі және дүние жүзілік тарих үрдісіндегі жергілікті тарих мәселесі.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Колдыбаева С.С.

 

 


PDF