Білім беру бағдарламасы
Мұрағат ісі
Бұл бағдарлама бойынша оқып шыққан студенттер келешекте жалпы кәсіби және арнайы пәндер, мұрағат ісі мен құжаттық жұмыстын, ақпараттық қоғам құрылымындағы мұрағаттар мұрағат ісінің теориясы мен әдістемесінінің негізін меңгеріп шығады. Бағдарлама аясында мұрағат ісі мен құжаттану бойынша кәсіби біліктілігі қалыптасу негіздері көзделген. Құжаттарды сараптау, сақтау, бағалау жұмысы қарастырылған, соңымен қатар жалпы гуманитарлық білім алады.
«Мұрағат ісі» білім беру бағдарламасын меңгеріп шыққан студенттер міндетті:
Білімі мен танымы:
• мамандық шеңберінде фундаменталды ғылымдар негіздері;
• әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі философиялық мәселелері;
• білім беру аясында басқару теориясы және менеджменті;
• жаңа инновациялық-әдістемелік технологиялар және белсенді білім беру әдістері;
• ғылыми нәтижелерді жазып орындауға талаптар;
• ғылыми мәліметтерді мазмұндау үшін бірнеше шет тілдердің арасында бір шет тілді толық меңгеру;
• ғылыми мақалаларға аннотация жасау;
• студенттермен психология және педагогика қарым-қатынастары;
• ғылыми мәліметтерді іздеу және айырбастау жолдары;
Біліктілігі:
• ғылыми-педагогикалық қызметте оқу-таңым, ғылыми-зерттеу, кәсіби-шығармашылық дайындықты интеграциялау;
• өз кәсіби қызметін жоспарлау және жүзеге асыру;
• кәсіби шешімдерді қабылдау және олардың нәтижелерін қабылдау;
• кәсіби қызметте дұрыс стратегия мен тактиканы қолданып шығармашылық іздену; өз кәсіби қызметін қайта құру;
• кәсіби қызметінің стратегиялық бағыты мен тұтастығын;
• педагогикалық шығармашылықты және педагогикалық шеңберлікті жетелдіру;
• оқу жағдайын анализден өткізу, нақты шешімдерді қабылдау, олардың әлеуметтік салдарын қарастыру;
• ғылыми қорытындыларды ойлап шығару, алған материалды жалпылау, мәліметтерді және тезистерді, рефераттарды,іскерлікті хаттарды жазу;
Дағдылығы:
• ақпарат және білім беру технологиялар арқылы өз білімдерін жетілдіріп, тереңдету;
• қисын және критикалық әдістері;
• өз шешімдерін негіздеу және сендіру әдістері;
• конструктивтік-әдістемелік және ғылыми шешімдер технологиялары;
• жоғары оқу орында білім беру процесстердің басқару және ұйымдастыру дағдылары;
• ғылыми жобалық қызметінің жалпы әдістері;
• кәсіби қарым-қатынастар және мәдениаралық коммуникация;
• тарихи материалдарды жинақтаудың аналитикалық жүйелік операцияларын жүзеге асыру;
• зерттеуде тарихнамалық, деректелік анализ және математикалық әдістері.
Білім беру бағдарламасының пәндер каталогы
Білім беру бағдарламасының пәндер каталогында эр пәннің сипатамасы, пререквизиттері мен постреквизиттері, кредит саны, сабақ түрі мен бағдарлама жетекшісі жайында мәлеметтер бар.
Базалық пәндер
Әлеуметтік басқару қисыны / Логика социального управления / The management socialis logistik– 2 кредит
Пререквизиттер: педагогика, психология.
Курстың қысқаша мазмұны: Басқару ұғым ретінде. Әлеуметтік басқарудың ерекшеліктері және қисын. Әлеуметтік үрдістерді басқарудағы ерекшеліктер және қисынды ойлау. Әлеуметтік басқарудағы бей-берекеттілік пен саналының ара-қатынасы. Әлеуметтік басқарудағы объект пен субъект. Жеке және жалпы әлеуметтік үрдістерді басқарудағы қисынды ойлау. Әлеуметтік басқару және қисынды ойлау, педагогика, психология байланысы.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Колдыбаев С.А.
Әлеуметтік танымның әдістемесі / Методология социального познания / Methodology of social knowledge – 2 кредит
Пререквизиттер: тарихи процесс және тарихи таңым теориясы.
Курстың қысқаша мазмұны: Әлеуметтік танымның ерекшеліктері. Әлеуметтік таным ерекшеліктері. Нақты ғылым пәндерінің танымынан әлеуметтік таным ерекшелігі. Әлеуметтік таным ерекшелігін неокантиандық мұра ретінде зетрттеу. В.Дильтей көзқарасының сараптамасы. Әлеуметтік таным принциптерін анықтау. Түсіндіру, интерпретация сараптамасы әлеуметтік танымның ерекше амалдарының түсіндірмесі. ретінде.
Постреквизиттер: Әлеуметтік басқару қисыны.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Колдыбаев С.А.
Профилдық пәндер
ХХ ғасыр тарихи ойының тарихы / История исторической мысли в ХХ веке / The historical thinking of the XX the centure– 3 кредит
Пререквизиттер: Қазақстан тарихының тарихнамасы, шет елдер тарихының тарихнамасы.
Курстың қысқаша мазмұны: Постмарксистік орыс тарихи ойы. ІІ Дүние жүзілік соғыстан кейінгі тарихи ой. Батыс тарихнамасының теоретикалық-методологиялық тарихнамасын жетілдіру. М. Вебердің тарихи-теоретикалық көзқарасы. Тарихи ғылымның жалпы дағдарысының басталуы. Соғыс, революция және орыстың тарихи-философиялық ойы. Й.Хейзингидің мәдени-тарихи концепциясы.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Турежанова С.А.
Әлем тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас / Новые подходы к фундаментальным проблемам Всемирной истории / New approaches to fundamental problems of the World history – 2 кредит
Пререквизиттер: Әлем тарихы.
Курстың қысқаша мазмұны: Дүниежузілік тарихтағы мемлекеттік құқықтық процесстер. Қайта құру кезеңінен Реформациялауға дейінгі кездегі еуропалық қоғамның дамуы. XIX ғасырдың екінші жартысындағыпозитивизм және материализмнің дамуы. Өркенитеттер анализінің мәдени-тарихи әдістемесі. Тарихи синтез және «жаңа әлеуметтік тарих». Қазіргі замандағы әлем тарихының жаңаша қөзқарастық мәселелер.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Легкий Д.М.
Проблемы социально-экономического и культурного развития казахского населения на территории Российской Федерации (на примере Южного Урала в 1917-1940 гг.). / Ресей Федерациясы территориясындағы қазақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму мәселелері (1917-1940 жж. Оңтүстік Орал мысалында) / Problems socially-economic-economic and cultural developments of the Kazakh population in territory of the Russian Federation (on an example of Southern Ural Mountains in 1917-1940) - 3 кредит
Пререквизиттер: Қазақстан тарихы.
Курстың қысқаша мазмұны: «Диаспора», «ирредента» терминдерінің анықтамасы және мәні. Ресей Федерациясында тұратын қазақ халқының тарихын зерттеу барысында тарихнамада туындаған басты мәселелер. 1920-1930жж .Ресей Ферациясы мен Қаз АССР шекарасын бөлудегі әкімшілік-территориялық мәселе.Орынбор қаласына Қаз АССР-ның астанасы мәртебесі берілгенде туындаған мәселелер.. 1920 жж аштық және оның оңтүстік Оралдағы демографиялық жағдайға әсер етуі. Оңтүстік Оралдағы ауыл шаруашылығының дамуына қазақ халқының қосқан үлесі. Оңтүстік Орал аймағындағы өнеркәсіптің дамуына қазақтардың қосқан үлесі. Оңтүстік Оралдағы білім жүйесінің дамуы. Оңтүстік Оралдағы ақпараттық бұқара құралдарының дамуы. Оңтүстік Орал территориясындағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуы. 1920-1930жж. Оңтүстік Оралдағы демографиялық жағдайды зерттеудегі қиыншылықтар.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Исмаилов С.С.
Ақпараттық қоғам құрылымындағы мұрағаттар / Архивы в структуре информационного общества / Archives in structure of an information society – 3 кредит
Пререквизиттер: философия, әлеуметтану.
Курстың қысқаша мазмұны: Ақпараттық қоғам түсінігі. Мұрағат тарихнамадағы құрылым ретінді.Ақпараттық қоғамның дамуындағы мұрағаттардың рөлі. Мұрағаттық құрылым ақпараттық және журналистік қызметте. Мұрағат құжаттық негіз ретінде.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарламаның жетекшісі: Маканов Ж.К.
Мұрағаттану теориясы мен әдістемесі / Теория и методика архивоведения / The theory and archival science technique-– 3 кредит
Пререквизиттер: іс-жүргізу.
Курстың қысқаша мазмұны: Мұрағаттану ғылыми пән ретінде.Қазақстандағы революцияға дейін мұрағаттық іс. Кеңес билік кезінде алғашқы жж (1918-1922гг.) Қазақстан мұрағаттары. Қазақстан мұрағаттары 1922-1936 жж. 1936-1945 жж. Қазақстан мұрағаттары 1946-1991 жж. Республиканың дыбысжазушылары және мемлекеттік орталық мұрағаттың қызметі. Қазақстан Республикадағы мұрағаттық ісінің құрылуы. Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің халықаралық қарым- қатынастары.Қазақстан Республикасының мұрағаттардың қызметінің құқықтық негіздері. Мұрағатқа құжаттарды даярлау және жіберу ретімен. Мұрағатта құжаттарды қалыптастыру негізгі ережелері. Құжаттардың құндылығы. Мұрағаттағы құжаттардың есебі Ғылыми- мәліметтік мұрағаттік аппарат.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Легкий Д.М.
Теоретико-методологические проблемы источниковедения и историографии / Тарихнама мен деректанудың теориялық-әдістемелік мәселелері / Theoretic – methodological problems of a source study and a historiography – 2 кредит
Пререквизиттер: деректану және тарихнама.
Курстың қысқаша мазмұны: Ғылыми аңықтамалар. Категориялар мен принциптер. Тарихтың позитивистік әдістемесі. Тарихи зерттеудегі негізгі қазіргі әдістемелік концепциялар. Заңдылық пен сәйкестік. Тарих ғылымын зерттеудегі қазіргі мәселелер. Деректік анализ және синтез. Тарихи таңым принциптері. Тарихи зерттеудің негізгі әдістері.
Аудиторлық сабақтар түрлері: дәріс, практикалық.
Бағдарлама жетекшісі: Колдыбаева С.С.