6D120100 – Ветеринарлық медицина мамандығы
6D120100 – Ветеринарлық медицина мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:
Эпизоотологиялық циклі |
|
Берілген білім беру бағдарламасының пәндерін оқу иммунология мен аллергологияда қолданылатын негізгі ұғымдарды; жануарлардың иммундық жүйесінің құрылымдық-қызмет ерекшеліктерін; иммундық жүйенің негізгі гуморалдық факторларын (антиденелер, комплемент, цитокиндер, хемокиндер және т. б.), олардың туа біткен және жүре пайда болған иммунитет реакцияларындағы рөлін зерделеуге мүмкіндік береді. |
|
Паталогиялық циклі |
|
Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқу барысында патологиялық материалдарды гистологиялық, гистохимиялық зерттеулерге дайындау әдістерін, гистологиялық препаратты оқу және сипаттау әдістемесін меңгеруге мүмкіндік береді. |
|
Паразитологиялық циклі |
|
Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқу барысында паразиттің, қожайынның және басқа да симбионттардың өзара қарым-қатынасының теориялық негізін, паразиттер фаунасының аймақтық ерекшеліктерін, қоршаған ортаның паразиттер қоздырғыштарына әсерін және биогеоценоздағы паразиттік экожүйелердің түрлік және сандық құрамына адамның шаруашылық қызметінің әсерін игеруге мүмкіндік береді. |
|
Фармакотерапевтік циклі |
|
Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқу барысында клиникалық фармакологияның негізгі қолданбалы міндеттерін қолжетімді шешу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді; өнертабысқа, пайдалы модельге және рационализаторлық ұсынысқа өтінім жасау. |
Модульдік оқыту бағдарламалары
Әр мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламасы әзірленеді. Олар оқытушылардың құзыреттілік білімі бір деңгейге жеткізуге және біліктіліктерін көтеруге бағытталған.
6D120100-Ветеринарлық медицина мамандығының түлегіне 6D120100-Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша "философия докторы" (PhD) академиялық дәрежесі беріледі.