6D080100 – Агрономия мамандығы
6D080100 – Агрономия мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:
Дәнді және техникалық дақылдарды өсіру технологиясы |
|
Егін шаруашылығында өндірістік үдерістерді орындауды ұйымдастыра алатын білікті мамандарды дайындау, жаппай және жеке іріктеу жүргізу; сорттық егістерге құжаттаманы ресімдеу; сортты ауыстыру және сорт жаңартуды жоспарлау; егіншілікті интенсивтендірудің нақты жағдайлары мен деңгейі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын таңдау; селекция үшін бастапқы материалдарды таңдау, селекциялық материалға талдау жүргізу; өңделетін дәнді және техникалық дақылдардын түрлері бойынша ажырату. |
|
Дала және шабындық мал азығы өндірісі |
|
Геоақпараттық жүйесі, жаһандық позициялау жүйесі және GPS – жабдықтар көмегімен егістіктің электрондық картасын жасауға қабілетті білікті мамандарды дайындау; дәл себу және өсіру жүргізу; егістіктің жай – күйін сәйкестендіру, егін жинау процесінде өнімділік есептегіштерін пайдалана отырып шығымдылықты анықтау; GPS-құралдарын пайдалана отырып, топырақ жамылғысының микроқұрылымына және егістіктін жай-күйіне сәйкес тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын саралап еңгізу; ауыл шаруашылығында топырақ ресурстарын ұтымды пайдалану және жем-шөп өндіру үшін экологиялық таза өнім алу мәселелерін шешу үшін егіншіліктің конвенциялық және органикалық жүйелерінің фундаменталды негіздері бойынша алынған білімді кәсібін пайдалану |
Модульді білім беру бағдарламалары
Әрбір мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламасы – білім алушылардың белгілі бір дәрежені және/немесе біліктілікті алу үшін қажетті негізгі құзыреттілікті меңгеруіне бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы жасалады.
6D080100 – Агрономия мамандығының түлегіне 6D080100 – Агрономия мамандығы бойынша ауылшаруашылығы бакалавры дәрежесі беріледі.