Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қабылдау уақыты мен мерзімі

Докторантураға «магистр» дәрежесі  және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар қабылданады.


Докторлық бағдарламаға қабылдау бюджеттік негізде PhD докторларын даярлау және ақылы негізде мемлекеттік тапсырыс бойынша мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу арқылы жүзеге асырылады.


Өтініштерді қабылдау, соның ішінде мақсатты дайындық шеңберінде, ағымдағы жылдың 3 шілдесінен бастап 25 шілдеге дейін PhD докторларын даярлайтын жоғары оқу орындарында өтеді.


Докторантураға азаматтарды қабылдау білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша және шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификаттың болуы негізінде конкурстық негізде жүзеге асырылады.

 

 

Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау емтихандары ағымдағы жылдың 8 мен 16 тамыз аралығында өткізіледі.

 

 

Докторантураға түсу кезінде үміткерлер білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау емтиханың тапсырады, ал емтихан университетте бекітілген бағдарламалар бойынша өткізіледі.

 

Емтихан 100 баллдық шкала бойынша бағаланады.

 

 

 

PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсын университеттің қабылдау комиссиясы жүргізеді. Конкурсқа білім беру бағдарламаларының топтары бойынша және шетел тілінде қабылдау емтихандарының көлемі бойынша кемінде 150 балл жинаған тұлғалар қатыса алады.

 

Конкурстық ұпайлардың бірдей көрсеткіштері болған жағдайда, таңдалған мамандықтың профиліне сәйкес келетін ғылыми жетістіктері бар адамдарға қабылдау үшін басым құқық беріледі: ғылыми басылымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми журналдарда; ғылыми даму туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттар беру туралы куәліктер; ғылыми жарыстарға және конференцияларға қатысқаны үшін сертификаттар / дипломдар.

 

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторанттарға мақсатты түрде оқуға қабылдауды конкурстық негізде осы даярлауға қатысатындар арасында жүзеге асырады.

 

  Докторантураның білім беру бағдарламаларына қабылдау ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі. 

 

 

Абитуриент күнтізбесі

 

 


Қабылдау комиссисының жұмыс істеу реті

Мерзімі

1

Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау емтихандарына өтініштер қабылдау

шілденің 3-нен 25 шілдеге дейін 
2

Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау емтиханы

тамыздын 8-нен 16 тамызға дейін

3

Докторантураға қабылдау

28 тамызға дейін 

 

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне мемлекеттік тапсырыс бойынша докторантура мамандықтары

 

 

Код

Мамандықтың атауы 

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттік орындар саны

   2017-2018  оқу жылына

1

6D020300

Тарих

1

2

6D020500

Филология

3

3 6D030100 Құқықтану 0
4 6D050400 Журналистика 1
5 6D050600 Экономика 0
6 6D060200 Информатика 1
7 6D072400 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) 1
8 6D080100 Агрономия 2
9 6D080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы 1
10 6D080600 Аграрлық техника және технология 1

11

6D120100

Ветеринарлық медицина

3

12

6D120200

Ветеринарлық санитария

1

 

 


PDF