Қабылдау уақыты мен мерзімі
● Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар қабылданады.
|
|
●Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау емтихандары ағымдағы жылдың 8 мен 16 тамыз аралығында өткізіледі.
● Докторантураға түсу кезінде үміткерлер білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау емтиханың тапсырады, ал емтихан университетте бекітілген бағдарламалар бойынша өткізіледі.
Емтихан 100 баллдық шкала бойынша бағаланады.
|
|
● PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсын университеттің қабылдау комиссиясы жүргізеді. Конкурсқа білім беру бағдарламаларының топтары бойынша және шетел тілінде қабылдау емтихандарының көлемі бойынша кемінде 150 балл жинаған тұлғалар қатыса алады.
● Конкурстық ұпайлардың бірдей көрсеткіштері болған жағдайда, таңдалған мамандықтың профиліне сәйкес келетін ғылыми жетістіктері бар адамдарға қабылдау үшін басым құқық беріледі: ғылыми басылымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми журналдарда; ғылыми даму туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттар беру туралы куәліктер; ғылыми жарыстарға және конференцияларға қатысқаны үшін сертификаттар / дипломдар.
|
|
● Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторанттарға мақсатты түрде оқуға қабылдауды конкурстық негізде осы даярлауға қатысатындар арасында жүзеге асырады.
● Докторантураның білім беру бағдарламаларына қабылдау ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі. |
Абитуриент күнтізбесі
|
№ | Қабылдау комиссисының жұмыс істеу реті |
Мерзімі | |
---|---|---|---|---|
1 |
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау емтихандарына өтініштер қабылдау |
шілденің 3-нен 25 шілдеге дейін | ||
2 |
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау емтиханы |
тамыздын 8-нен 16 тамызға дейін |
||
3 |
Докторантураға қабылдау |
28 тамызға дейін |
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне мемлекеттік тапсырыс бойынша докторантура мамандықтары
№ |
Код |
Мамандықтың атауы |
Мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттік орындар саны |
2017-2018 оқу жылына |
|||
1 |
6D020300 |
Тарих |
1 |
2 |
6D020500 |
Филология |
3 |
3 | 6D030100 | Құқықтану | 0 |
4 | 6D050400 | Журналистика | 1 |
5 | 6D050600 | Экономика | 0 |
6 | 6D060200 | Информатика | 1 |
7 | 6D072400 | Технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) | 1 |
8 | 6D080100 | Агрономия | 2 |
9 | 6D080200 | Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы | 1 |
10 | 6D080600 | Аграрлық техника және технология | 1 |
11 |
6D120100 |
Ветеринарлық медицина |
3 |
12 |
6D120200 |
Ветеринарлық санитария |
1 |