Логвин Виктор Николаевич
Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Сұрғыт университеті Объ жағындағы ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі.
1943 жылы дүниеге келген. Өз еңбегін 1959 жылы Солтүстік-Қазақстан геология басқармашылығы Торғай геофизикалық экспедициясының жұмысшысы ретінде бастаған. 1962-1965 жылдар аралығында Кеңес одағы кезінде әскерде қызмет етті. 1966 – 1967 ж. Қостанай нанкомбинатында ағаш ұстасы, кейін Қостанай етікбасу фабрикасының тырна цехында ауысымды бригадир болып жұмыс істейді. 1968 жылы Қостанай педагогикалық институты тарих факультетіне 1 курсқа түседі. Ең бірінші археологиялық экспедициясы – 1969 жылы Алексеев археологиялық кешеннің қазбалары.
1973 жылы Қостанай педагогикалық институт «Тарих» мамандығы бойынша оқуын бітірген соң Торғай облыстық өлкетану мұражайына жұмысқа жолдамамен жіберіледі (Арқалық қ.). 1977 жылы конкурс бойынша Қостанай педагогикалық институты, кейін университетке айналдырылған, тарих факультетінің тарих кафедрасына жұмысқа қабылданады. Осы кезден 1998 жылдың тамыз айына дейін Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, ежелгі және орта ғасырлар тарихы кафедрасының меңгерушісі ретінде қызмет етеді. Торғай археологиялық экспедицияны басқарады, ал 1980 жылдан бастап Қостанай университетінде өзі құрған Археологиялық зерттеу зертханасында жұмыс істейді. Зертхананың ең басты мақсат-міндеті - археологиялық мұраны зерттеу және сақтау болып табылады.
Оның жетекшілігімен жүздеген археологиялық ескерткіштер табылды, сонымен қатар стационарлы түрде 50 шамасында зерттеуге алынды.
1988 жылдың наурыз айында Кеңес одағы кезінде ҒА Археология институтында Археология мамандығы “Қыр Тобыл жағындағы неолит және энеолит кезеңдері” тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғап шығады. 1990 жылы тарих кафедрасының доценті ғылыми атағына ие болады.
1996 жылы Қустанай мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңес шешімімен университет профессоры атағына иеленді.
1998 жылы Сұрғыт мемлекеттік университетіне археология бойынша маман ретінде шақырылды. Содан 2003 жыл аралығында тарих кафедрасында доцент лауазымында, кейін Сұрғыт мемлекеттік университеті жалпы тарих кафедрасында істейді.
2013 жылдың қыркүйегінен бастап – жалпы тарих кафедрасының профессоры.
«Археология негіздері», «Алғашқы қауым тарихы», таңдау бойынша «Археологиялық жұмыстарды өткізу әдістемесі» атты курстарды оқиды.
2000 жылы Сұрғыт мемлекеттік университеті Объ жағындағы ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі болып тағайындалады.
2002 жылы РҒА Археология және этнография институтында ( Новосибирск қ.) «Мезолит-энеолит кезеңдеріндегі Торғай бүгілісі» атты тақырып бойынша докторлық диссертациясын қорғайды.
2000 жылдан бастап Логвин В.Н. тарих факультетіндегі ғылыми-мәселелер кеңесінің, Мәдениет департаменті және аймақ өнері Үкіметі қарауындағы Ханты-Мансийск автономиялы аймағының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және қолдану мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік мүшесі ретінде қызмет атқарды.
В.Н.Логвинның ғылыми зеерттеу нәтижелері Ресей мамандарына ғана емес, ТМК елдері, Ұлыбритания және АҚШ зерттеушілеріне әбден мәлім.
Солтүстік Еуразияның тас және қола дәуірінің тарих мәселесі бойынша 50-ден астам ғылыми жұмыстары, сонымен қатар 3 монографиясы жарыққа шықты.