Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Археологиялық лаборатория

  

Тарихи ақиқаттарды іздестіруде


 

Понимание своего места в истории, гордость предками в обще­нацио­нальном смысле в истории

огромной Евразии – это мощный и абсолютно современный способ национальной консолидации

 

Н. Назарбаев

 

Өткінді білу арқылы, елдің болашағын бағамдауға болады

 

М. Қозыбаев

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде   1980 жылдан бастап В.Н.Логвин арқасында   археологиялық лаборатория өз қызметін атқарып жатыр. Ең бірінші Қостанай, кейін Торғай археологиялық экспедицияның ұйымдастырушысы, бастамашысы болған В.Н.Логвин.

 

Дұзбай 2 қоныс қазбалар. 1979 ж. 1970-жылдары барлау.


 

 

1998 жылдан бастап А.В.Логвин  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті археологиялық зерттеулер лабораториясын меңгерушісі, Торғай археологиялық экспедициясының бастығы болып  қызметін атқарады.

 

   
   А.В. Логвин –  археологиялық лабораторияның менгерушісі  

 

Жылдар бойы өткізіліп жатқан лаборатория мамандар еңбегінің арқасында облыс маңайында 600-ден астам археологиялық ескерткіштер табылды, неолит (маханжар)  және энеолит (терсек) кезеңінің екі археологиялық мәдениеті  белгіленді.

 

Мақанжар мәдениетінің қыш ыдыстары. б.з.дейінгі 7-5 мың жылдықтар

Неолит дәуірі.

 

Дөңгелек тас бұйым оюлы. б.з.д. 7-5 мың жылдықтар

Неолит дәуірі.

 

 

 Ізденістердің негізгі бағыттары:

 

-өлкенің бұзылып жатқан археологиялық объектілердің құтқару жұмыстарын өткізу

-Торғай өлкесі тас дәуірін зерттеу

-Торғай өлкесіндегі қола дәуірі ежелгі арий ескеркіштерді

зерттеу («Мәдениеттік мұра» бағдарламасы бойынша  Бестамақ

атты   обаны зерттеу)

-ежелгі қоғамдар палеоэкономикасын (мысалы, Торғайдың ең ежелгі қышшылықты зерттеу) табиғи ғылымдардың  тартуымен   зерттеу (петрография, химиялық саралау, магнитометрия, изотоптық саралау, палеозоология)

-Торғай өлкесіндегі ежелгі тайпалардың антропологиялық типті зерттеу.

 

Қазастан Республикасы тәуелсіздік жылдары Қостанай төңірегінде лаборатория мамандары 258 археологиялық ескерткіштер тапты  (тас дәуір тұрақтары, қола дәуірінің ауылдары мен обалары, ерте тас дәуірі және орта ғасыр кезең обалары). Жиырма ескеркіштерде тұрақты археологиялық зерттеулер өткізілді.  

 

Біріншіден, Бестамақ  обасын атап өту керек. Өйткені сирек кездесетін оба екені мойындалып, ҚР Президенті бастамашысы болған «Мәдениеттік мұра» республикалық бағдарламасына кірді.

 

Зерттеу нәтижелері бойынша лаборатория мамандары ҚР, шетелде мақалаларын шығарып тұрады. Мысалы, тек  қана соңғы үш жылдың ішінде өлкеміздің зерттеу нәтижелері бойынша 23 мақала жарықққа шықты. Сондай-ақ, лаборатория қызметкерлері республикалық және шетел халықаралық археологиялық конференцияларға белсенді қатысуда.

 

Өлкеміздің археологиялық мұра зерттеуінде шетел мамандары да қатысады.

 

 

2009 жылғы Халвай 3 қорганындағы құтқару жұмысы. Тарихшы студенттерінің археологиялық тәжірибесі.

 

 Халвай 4  қоныс қазбалар 2010 жылы.  Тарихшы студенттерінің археологиялық тәжірибесі.

 

Археологиялық лабораторияда 20жылдай  Археологиялық үйірме, қызметі университеттен де тыс істейді.

 

 

 

Сондай-ақ, лабораториямен қатар археологиялық мұражай өз қызметін атқарып жатыр. Мұражай экспонаттары Қостанай облысының төңірегінде табылған. Мұражай экспозициясында өлкенің әрбір археологиялық дәуірі көрсетілген, ежелгі тас дәуірінен бастап орта ғасырға дейін. 

 

 
Археологиялық үйірмесінде оқушыларымен сабақ

PDF