Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Оқыту формалары, технологиялары

Бакалавриат

 

Бакалавриатта оқыту күндізгі және сырттай нысандары бойынша, мемлекеттік білім беру гранттың негізінде және ақылы негізінде жүргізіледі.
  

 

  Күндізгі бөлімінде оқыту келесі түрде жүргізіледі:

 

  • орташа жалпы білім беру базасындағы негізгі білім беру бағдарламасы бойынша;
  • техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасындағы қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша.

 

Сырттай бөлімінде оқыту келесі түрде жүргізіледі:

 

  • техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасындағы қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша;
  • жоғары білім беру базасындағы қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша.

 

  

 

Магистратура

 

 

Магистратурадағы оқыту тек күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстың негізінде және ақылы негізінде жүргізіледі.

 

Магистратурада ғылыми, педагогикалық және басқарулық кадрларды даярлау екі бағыт бойынша жүргізіледі:

 

  • ғылыми және педагогикалық 2 жылдан кем емес оқыту мерзімімен;
  • профильдік 1 жылдан кем емес оқыту мерзімімен.

 

 

Білім беру бағдарламасын сәтті игеріп, қорытынды аттестация өткен соң ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистранттарға 6M030100-Құқықтану мамандығы бойынша «Заң ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі, профильдік бағыттағы магистранттарға 6M030100-Құқықтану мамандығы бойынша  «Құқықтану магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

 

Заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу 6D030100-Құқықтану мамандығы бойынша докторантурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.


PDF