Кафедра туралы
Қазақстан тарихы құжырасының құрылуы ХХ ғасырдың 90-шы жылдардың басына жатады. Дәл осы кезде Қазақ КСР білім беру Министрлігі 26 қараша 1990 жылы жоғары оқу орны ректорларына жолдаған №02-03/4 хатында Қазақ КСР тарихын жеке пән ретінде оқытуын және барлық республикалық жоспарлардың бөлшегі ретінде еңгізуін сұрап, талқылауды ұсынған еді. КСРО толық ыдыраған соң 1991 жылдың желтоқсанында кезінде қызмет жұмыс жасаған КОКП құжыралары Қазақ КСР тарихы құжырасы болып қайта құрылды. 1992 жылы КСРО 50-жылдық атындағы Қостанай педагогикалық институті Қостанай мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. 1 қыркүйектен бастап ҚМУ тарих факультетінде Қаз.КСР тарих және мәдениет тарихы құжырасы жұмыс істей бастады, ол кейін 1994 жылы екі жеке құжыраға бөлінді. Оқытушылар ұжымының бір бөлігі тарих факультетінде жұмысын жалғастырса, басқасы университеттің тарихи емес факультеттерінде Қазақстан тарихы пәнін оқытуын жалғастырды. 2000 жылы ҚМУ мен Қостанай ауыл шаруашылық институты бірігіп, осы екі жоғары оқу орнының тарих құжыралары бірікті.
Қазақстан тарихы құжырасын әр кезеңдерде басқарғандар: т.ғ.к. Джумабаев Н.М. (2000-2002жж.), т.ғ.к., доцент Айтмухамбетов А.А. (2002-2004жж.), т.ғ.к., доцент Мукатаева Л.К. (2004-2008жж.), т.ғ.к. Урдабаева Л.Е. (2008-2010 жж.), қазіргі уақытта құжыраны басқарып отырған т.ғ.к., доцент Турежанова С.А.
Біздің мамандыққа түскен соң, сен біртүтас біріккен студенттер тобының бөлігі боласың, олар тек жақсы оқып қана қоймайды,сонымен қатар бос уақытын сапалы өткізеді.Мамандықтарды даярлау қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Құжыраның Қазақстан мен Ресейдің және басқа да шет елдердің ірі жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас орнатуда үлкен тәжірибесі бар:
Біздің студенттер «Erasmus Mundus» халықаралық бағдарламасы бойынша Ресей, Швеция, Словакия жоғары оқу орындарында білім алады. Базалық білім алған соң, сен магистратурада білім алуыңды жалғастыра аласың.
Біз сені күтеміз!
Құжыра 5В020300-Тарих пен 5В050500-Аймақтану мамандықтары бойынша бакалаврларды және 6М020300-Тарих мамандығы бойынша магистрлерді даярлайды.
5В020300-Тарих
Археологиялық-этнографиялық практикасы
Археологиялық деректерді, этнографиялық материалдарды негізге алып студенттерҚазақстан территориясындағы тарихқа дейінгі кезең туралы, Қостанай облысының жергілікті этникалық топтар туралы ғылыми түсінік қалыптасыра алады.
Мұрағат практикасы
Меңгерілген теоретикалық білімдер негізінде мұрағат мекемелерінде іс-қағаздар жүргізуін ұйымдастыру принципін игеру
Педагогикалық практика
Кәсіби-педагогикалық қабілеті мен дағдысын қалыптастыру, сонымен қатар теоретикалық білімдерді тереңдету және бекіту, оқыту пәні мазмұнын, мектепте сыныптан тыс жұмысты жүргізу қабілетін меңгерту.
Практикалар базалары:
- Қостанай қаласы мен Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаттары;
- Археологиялық ескерткіштер;
- Білім беру ұйымдар;
- Мұражай
5В050500- Аймақтану
Оқу практикасы
Қазіргі кездегі мемлекеттің сыртқы саяси бағытының дамуына негізделіп, жергілікті үкімет мекемелерінің,әртүрлі үкіметтік емес ұйымдардың және т.б. жұмыстарымен таныстыру, студенттерде осы бағыттағы іс жайында түсінік қалыптастыру.
Өндірістік практика
Әртүрлі мекемелердің, мемлекеттік және өндірістік объектілердің, халықаралық құрылымдардың қызметімен таныстыру. Негізгі қызметін
Практикалар базалары:
- Қазақстан Республикасының шет істер Министірлігі;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқармалары мен мекемелері;
- Халықаралық ұйымдар өкілдіктерінде (БҰҰ, ЕҚКҰ);
- Мәдени орталықтарында;
- Трансұлттық компанияларда және шетел коммерциялық ұйымдарда;
- білім беру ұйымдарда.
«Қазақстан тарихы» құжырасында жоғары білікті мамандар мен дарынды адамдар жұмыс істейді, олар саған нағыз кәсіби маман болуыңа көмектеседі. Біздің құжыра әрбір студентке оқыту барысында жеке талап қояды. Құжыра оқытушылары оқыту барысында қазіргі кездегі интербелсенді жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әрбір студенттердің жеке қабілетін дамытуына назар аударады.
Құжырада жоғары білікті оқытушылар штаты жұмыс істейді, олардың ішінде 2 тарих ғылымының докторы, 4 тарих ғылымының кандидаты, 2 гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушылар мен оқытушылар.