Ғылыми бағыттары
Тақырыбы « Солтүстік Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістері: ХХІ ғ. жаңа талаптары» - Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық саясаты бойынша ғылыми зерттеу.
Айтмухамбетов Айдар Абаевич –тарих ғылымының докторы, доцент,
Исмаилов Серикжан Сагиндыкович – тарих ғылымының кандидаты,
Нурсеитов Бауржан Назарович –аға оқытушы.
Мақсаты: ХХІ ғ. басындағы Солтүстік Қазақстан халық санының өзгеруін зерттеу.
Міндеті:
- Миграциялық жағдайға әсерін тигізетін факторларды анықтау.
- Миграциялық жағдайдың әлеуметтік-этникалық құрамын анықтау.
- Солтүстік Қазақстандағы репатрианттардың жерсіну мәселесін сараптау.
- Ішкі және сыртқа миграциялық жағдайды зерттеу.
- Миграциялық жағдайдың аймақтын әлеуметтік- экономикалық жағдайына тигізген әсерін зерттеу.
- ҚР мен РФ Кедендік кеңес пен Ортақ экономикалық аймақ мүшелері ретінде миргациялық жағдайдың салдарын зерттеу.
Күтілетін нәтиже: Келесі факторларды анықтау арқылы қазақ репатрианттардың жерсіну мәселесі бойынша экономикалық, әлеуметтік, мәдени жағдайын қарастыру. Ұлттық, жыныстық, мамандық негіздерін анықтау, сонымен қатар сыртқы және ішкі миграциялық себептерін анықтау.
Жергілікті халықты миграциялық жағдайдың аймақтын экономикасы мен әлеуметтік дамуына тигізер әсері жайында ақпараттандыру.
Жинақталған зерттеу нәтижелері монографиялық басылымдар мен оқу құралдары, мемлекеттік мекемелерге ұсыныстар ретінде шығуы жоспарланған.
Тақырып « ХХғ 20-30 жылдарындағы Солтүстік Қазақстандағы қазақ қызметкерлерінің қоғамдық-саяси мінездемесі».
Бұл тақырып тарих ғылымының докторы, доцент Айтмухамбетов А.А., және т.ғ.к. Исмаилов С.С., аға оқытушы Нурсеитов Б.Н. ұсынылған.
Мақсаты: мемлекеттегі социалистік модернизация кезіндегі қазақ қызметкерлерінің құрылу тарихы мен қызметін анықтау.
Міндеті: мұрағат, мұражай, статистикалық құжаттарына сүйеніп қазақ қызметкерлерінің қызметі мен құрылымын сараптау.
Күтілетін нәтижелер: қазақ қызметкерлерінің сан және аймақтық мінездемесі мен әлеуметтік- мүліктік көрсеткіштерін қарастыру. Зерттеу барысында қазақ зиялыларын қоғамдық және кеңестік номенклатурасында, білімі бойынша қызметтерге тарту мүмкіндігін анықтау. Жинақталған нәтижелерін монография мен оқыту құралы ретінде шығарылуы жоспарланды.