Мамандықтар және білім беру бағдарламалары
Код |
Мамандық |
Кафедра |
БАКАЛАВРИАТ |
||
5В080600 |
Аграрлық техника және ехнология (Агроинженерия) |
Машина, трактор және автокөлік кафедрасы
|
5В072400 |
Технологиялық машиналар және жабдықтар |
Техникалық сервис кафедрасы
|
5В071300 |
Көлік, көліктік техника және технологиялар |
Техникалық сервис кафедрасы
|
5В060400 |
Физика |
Электроэнергетика және физика кафедрасы
|
5В071800 |
Электроэнергетика |
Электроэнергетика және физика кафедрасы
|
МАГИСТРАТУРА |
||
6М080600 |
Аграрлық техника және технология (Агроинженерия) |
Машина, трактор және автокөлік кафедрасы
|
6М072400 |
Технологиялық машиналар және жабдықтар |
Техникалық сервис кафедрасы
|
6М060400 |
Физика |
Электроэнергетика және физика кафедрасы
|
6М071800 |
Электроэнергетика |
Электроэнергетика және физика кафедрасы
|
Жұмыс берушілердің және еңбек нарығының талабына сай мамандықтар бойынша келесі білім беру бағдарламалары жасалынды және іске қосылуда:
Бакалавриатта оқыту күндізгі және сырттай нысандары бойынша, мемлекеттік білім беру гранттың негізінде және ақылы негізінде жүргізіледі.
Күндізгі бөлімінде оқыту келесі түрде жүргізіледі:
- орташа жалпы білім беру негізінде негізгі білім беру бағдарламасы бойынша;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру негізінде қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша.
Сырттай бөлімінде оқыту келесі түрде жүргізіледі:
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру негізінде қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша;
- жоғары білім беру негізінде қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша.
Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру негізінде қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту 5В071800-Электроэнергетика, 5В080600-Аграрлық техника және технология, 5В071300- Көлік, көліктік техника және технологиялар мамандықтары бойынша бұрын ұқсас мамандықтар бойынша оқыған тек колледж түлектері үшін жүргізіледі.
Магистратурадағы оқыту тек күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстың негізінде және ақылы негізінде жүргізіледі.
Магистратурада ғылыми, педагогикалық және басқарушылық кадрларды даярлау екі бағыт бойынша жүргізіледі:
- ғылыми және педагогикалық 2 жылдан кем емес оқыту мерзімімен;
- профильдік 1 жылдан кем емес оқыту мерзімімен.
Қосымша білім беру
Машина, трактор және автокөлік кафедрасында студенттерді қосымша жұмыс мамандықтары бойынша даярлау үшін оқу-техникалық базасы бар.
- «В», «ВС» категориялар көлік құралдарының жүргізушісі;
- 2-3 класс тракторшы-машинисті.
Курс соңында білім алушылар жүргізуші және тракторист куәліктерін алу үшін мемлекеттік техникалық қадағалау мен жол полициясында біліктілік емтиханын тапсырады. Осы куәліктермен өндірістік практика өту барысында студенттер дайын және сұранысқа ие болады.