Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Математика

 

 

     Утемисова Анар Алтаевна

     Математика кафедасының меңгерушісі

     Педагогика ғылымдарының кандидаты

     Телефон: +7 (7142) 39-06-19

     Кабинет: 217, корпус 1а

     E-mail: anar_utemisova@mail.ru


 

О кафедре

 

Білім беру бағдарламасы:

 

 Бакалавриат:

  • 5B060100-Математика

 Магистратура:

  • 6М060100 – Математика

 


 

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

  • Утемисова Анар Алтаевна
  • Майер Федор Федорович
  • Ысмагул Роза Сапабековна
  • Капанова Бахытжан Хамитовна
  • Рыщанова Сания Мухамедьяровна
  • Берденова Гульнар Жалгасовна
  • Жарлыгасова Эльмира Закировна
  • Хабдуллина Гульнар Жумабековна
  • Джакетова Сауле Джаксылыковна
  • Нургельдина Асель Ермековна

 


 

Оқу курстары

 

Оқу және ғылыми лаборатория

 

Ғылыми бағыты

 


 

 

 

     Телефон: +7 (7142) 39-06-19

     Адрес: Қостанай қ, Байтұрсынов көшесі, 47, корпус 1а

     кабинет 217 (каф.меңгерушісі)

     кабинет 207 (Оқытушылар)

 


 

О кафедре

 

Математика кафедрасы университеттің ұжымдық және дәстүрлермен қалыптасқан ең көне кафедрасы болып табылады.

Математика кафедрасының тарихы 1939 жылы ашылған Қостанай педагогикалық училищесінің базасынан құрылған екіжылдық мұғалімдік институтынан бастау алады. Сол кезде құрылған кафедралардың бірі болып физика және математика саналды. 1955 жылдың шілдесінде мұғалімдік институт педагогикалық институт болып аталғандықтан, физика және математика кафедрасы бөлініп шықты.

 

Алғашқы кафедра меңгерушісі Янкелевич Г.Р. болды. Кейін математикалық кафедраны әр түрлі жылдарда Шамгунов К.Д., Елфимов Л.И., Чумаченко В.А., Коренцова М.М., Омаров Р.Б., Вебер В.А., Майер Ф.Ф., Сейдалин Т.М., Кужукеев Ж.М, Даулетбаев Т.Е., Абатов Н.Т., Ысмагул Р.С., Калжанов М.У, Утемисова А.А., Поезжалов В.М. басқарды. Қазіргі уақытта математика кафедрасының меңгерушісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Утемисова Анар Алтаевна.

Математика кафедрасының құрылуы техникалық, экономикалық, іргелік және т.б. мамандықтардың арнайы пәндерін сапалы меңгеру үшін математиканың іргелі негіздерін оқытуды қамтамасыз ететін университеттің құрылымдық бірлігі болып табылады. Кафедра 5В060100 - «Математика» мамандығы бойынша бітіруші бакалаврларды дайындайды.

 

Кафедрада жоғары білікті математиктер жұмыс істейді. Әртүрлі жылдарда жұмыстағы жақсы көрсеткіштері үшін марапатталғандар:

 

Майер Ф.Ф, Тастанов М.Г., Муслимова А.З., Ысмагул Р.С. - Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгісі,

 

Майер Ф.Ф - «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төсбелгісі,

 

Капанова Б.Х. - «КСРО ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі,

 

Тастанов М.Г. - «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісі.

 

Рыщанова С.М. – «ҚМУ үздік қызметкері» төсбелгісі.

 

Кафедра оқытушылары жоғары деңгейде ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары жалпы кафедралық тақырыптың аясында жүргізіледі: «Дифференциалдық теңдеулер шешімдерінің асимптотикалық мінездемесі». Кафедраның оқытушылары республикалық және халықаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысып, республикалық және халықаралық мерзімді басылымдарда өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерін жариялайды. Кафедраның аға оқытушылары математика пәні бойынша қалалық, аймақтық олимпиадаларда үнемі әділ қазылар алқасы ретінде таңдалып алынады.

 

Кафедраның алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру болып табылады. Бұл тапсырманы сәтті шешу оқытушылардың кәсіби деңгейін үнемі жоғарылатуға ықпал етеді. Атап айтқанда, кафедра оқытушылары республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсене қатысады, оқу үрдісінде инновациялық технологияларды табысты енгізеді. Ол үшін елдердің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми кадрлар даярлау жүзеге асырылуда. Шығарылатын мамандардың деңгейіне баса назар аударылады.

 

Кафедра 5В060100- «Математика» мамандығы бойынша білікті түлектерді дайындайды. «Математика» мамандығы студенттерінің көпшілігі осы мамандық бойынша барлық оқу барысында өздері нақтылайтын мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері болып табылады.

 

Біздің түлектерді жоғары және орта оқу орындарынынан, банктер мен сақтандыру компаниялары, қаржылық және мемлекеттік құрылымдарынан кездестіруге болады. Мысалы, математика кафедрасының түлектері: білім беру басқармасының басшысы Шек Г.Г., оқу ісі жөніндегі проректор және ҚМУ ТҰК Майер Ф.Ф., ЧелМУ-нің қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі проректор Пряхин.Г., қалалық әкімшілігінің жетекші маманы Жақсыбергенов М.Ж. және басқа да көптеген. Қазіргі уақытта кафедра түлектерінің 100-ден аса жоғары білікті мамандары - Қазақстан, Ресей, Германия және басқа елдерде жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің факультетте «Математика» мамандығының түлектері - доцент Утемисова А.А., аға оқытушылар Рыщанова С.М., Берденова Г.Ж., Каримова А.А және басқада көптеген түлектер жұмыс істейді.

 

Cтуденттердің ғылыми-зерттеу жұмысы 5В060100 – «Математика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған дайындау бағыты бойынша және білім беру бағдарламасының кәсіби дайындығынның міндетті құрамдас бөлігі болып табылады.

 

Oқу мамандықтары студенттердің жыл сайынғы ғылыми-тәжірибелік конференцияларына, ҚР-ның жоғарғы оқу орындары мен алыс және жақын шет елдерде өткізілетін олимпиадаларға, жаратылыстану, техникалық, экономикалық ғылымдары бойынша Республикалық студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары байқауларына қатысады.

Мамошкина Е. «Наука и инновации в XXI веке: актуальные вопросы, достижения и тенденции развития» ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Пенза, 2017 ж.

Шалагина А., Утегенова К. «WORD SCIECE PROBLEMS AND INNOVATIAONS» XVI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Пенза, 25 желтоқсан 2017 ж.

Шуматова А. «Актуальные проблемы математики» Халықаралық Қазақстандық математиктер конференциясына қатысты. Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан 27-28.04.2018

Гинолла Т., Машаева К., Давлеткалиева А., Кәрім А. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Цифровое образование - передовые знания и компетентность» тақырыбында «Төлегенов оқулары-2018» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Арқалық қаласы, 12 сәуір 2018ж.

Касымова М. «NAUKOWA PRZESTRZEN EUROPY» XX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Польша, 07-15 сәуір 2018ж.

 

«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Жас ғалым» V Республикалық студенттердің ғылыми жұмыстар сайысында 2 курс студенттері Умиртаева Динара, Ғинолла Тоғжан 1 орынды және Колесникова Анна 3 орынды жеңіп алды. Ғылыми жұмыстар Берденова Гульнар Жалгасовна және Рыщанова Сания Мухамедьяровнаның жетекшілігімен орындалды.

 

Умиртаева Д., Гинолла Т., Жумартова Б., Нерознак Д. 2018 жылдың 26 -31 қазаны аралығында Өзбекстанда өткен Әл–Хорезми атындағы 1-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға қатысты.

 

A.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында 2018 жылдың 28 мамырынан 4 маусымына аралығында 5В060100 - Математика мамандығының бірінші курс студенттері Арне А және Нұртазин А. Г.И. Носов атындағы ММТУ-нің қолданбалы математика және информатика кафедрасында, физика-математика ғылымдарының докторы Кадченко С.И. басшылығымен оқу практикасынан өтті

 

атематика" мамандығының студенттері әскери кафедрада "құрлықтағы әскерлерде байланысты ұйымдастыру"мамандығы бойынша оқиды. Оқыту ер балалар мен қыз балалар үшін де мемлекеттік грант бойынша жүзеге асырылады. Бітіргеннен кейін түлектер әскери билет пен лейтенант атағын алады.

 

5В060100 - "Математика" мамандығы бойынша сақтандыру ұйымдарының басшыларымен, оқу ұйымдарының өкілдерімен, әр жылдың түлектерімен кездесулер өткізіліп тұрады.

 

 

 

 

Оқу курстары

 

 

Математика кафедрасына оқытуға, 

 

бекітілген пәндердің тізімі

 

 

 

Бакалавриат

 

Курстың атауы

Кредит саны

Бағдарлама жетекшісі

МК/ ТК

Математикалық талдау 4

3

Рыщанова С.М.

Ысмагул Р.С.

Хабдуллина Г.Ж

Майер Ф.Ф.

МК

Сызықтық алгебра

2

Утемисова А.А.,

Жарлыгасова Э.З.

МК

Аналитикалық геометрия

3

Жарлыгасова Э.З.

Берденова Г.Ж.

МК

Дискретті математика және математикалық логика

3

Жарлыгасова Э.З.

Джакетова С.Д.

ТК

Актуарлық математикаға кіріспе

3

Нургельдина А.Е.

Хабдуллина Г.Ж.

ТК

Қаржылық математика

2

Берденова Г.Ж.

Нургельдина А.Е.

ТК

Жай дифференциалдық теңдеулер

3

Ысмагул Р.С.

МК

Актуарлық математика

3

Хабдуллина Г.Ж.

Рыщанова С.М.

МК

Математикалық есепті шығару практикумы

3

Рыщанова С.М.

Джакетова С.Д.

ТК

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

3

Утемисова А.А.

Рыщанова С.М.

Нургельдина А.Е.

МК

Математикалық физика теңдеулері

2

Ысмагул Р.С.

МК

Аналитикалық функциялар теориясы

3

Ысмагул Р.С.

ТК

Функционалдық талдау

2

Берденова Г.Ж.

МК

Нақты талдау

3

Берденова Г.Ж.

МК

Сақтандырудың математикалық модельдері

3

Рыщанова С.М.

ТК

Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер

3

Ысмагул Р.С.

ТК

Операторлар теориясы

3

Берденова Г.Ж.

ТК

Тәуекелдік теориясы

3

Жарлыгасова Э.З

ТК

Активтер мен инвестицияларды басқару

2

Рыщанова С.М.

Нургельдина А.Е.

МК

Қолданбалы математика

3

Рыщанова С.М.

Джакетова С.Д.

ТК

Кәсіби орыс тілі

2

Рыщанова С.М.

МК

Кәсіби қазақ тілі

2

Ысмагул Р.С.

МК

Зейнеткерлік және өзге жәрдемақылары есептеулердің математикалық әдістері

3

Рыщанова С.М.

Нургельдина А.Е.

ТК

 

Магистратура

 

Курстың атауы

Кредит саны

Бағдарлама жетекшісі

МК/ ТК

Көпбейнелі математикалық анализ және стохастикалық анализ

3

Ысмагул Р.С.

МК

Математикалық физиканың және дифференциалдық теңдеулердің қосымша тараулары

3

Ысмагул Р.С.

ТК

Оқыту үрдісіндегі заманауи білім беру технологиясы

3

Утемисова А.А.

ТК

Зерттеу жұмысының негіздері

3

Утемисова А.А.

ТК

Сызықтық дифференциалдық операторлар

3

Берденова Г.Ж.

ТК

 

 


PDF