Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы
Ахметова Бигайша Зейнулльевна
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі
филол.ғ.к., профессор "ЖОО үздік оқытушысы - 2011ж"
Телефон: +7 (7142) 390189
Кабинет: 206, 1 ғимарат
E-mail: bigajsha@mail.ru
Білім беру бағдарламасы:
Бакалавриат:
- 5В020500/6В02301-филология (қаз.)
- 5В020500/6В02301-филология (орыс.)
Магистратура:
- 6М020500/7М02301-филология (қаз.)
- 6М020500/7М02301-филология (орыс.)
Докторантура:
- 6D020500/7D02301-филология (қаз.)
- 6D020500/7D02301-филология (орыс.)
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылар құрамы
- Ахметова Биғайша Зейнуллақызы
- Абсадықов Алмасбек Ахметбекұлы
- Досова Алма Төлегенқызы
- Қайпбаева Айжамал
- Оразбаева Айбиби Сұлтанқызы
- Тасмағамбетова Зейнат Жансұлтанқызы
- Тулегенова Шынар Исланбекқызы
- Абубакирова Гүляйм Нұрманқызы
- Дускенова Динара Оразалықызы
- Кушкинбаева Қарлыға Теміржанқызы
- Мұхамеджанова Назгүл Балғабайқызы
- Иргизбаева Құралай Байқуанышқызы
Байланысу телефоны: 8 (7142) 39-01-89
Мекен-жайлар: Байтұрсынов көшесі 47, корпус – 1, 206 аудитория
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының жұмысы мамандықтың мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес терең теориялық және практикалық дайындығы, мықты кәсіби білімі, ікерлік пен дағдысы бар мамандарды дайындауға бағытталған.
Білім беру қызметінің сапасын арттыру саласындағы кафедраның мақсаты – тұтынушыларды білім беру мемлекеттік стандарттарына сәйкес білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейінде оқу іс-әрекетін жүзеге асыру болып табылады.
Кафедраның ғылыми-педагогикалық қызметі Қазақстан Республикасы үшін қазақ/орыс тілі, қазақ/орыс әдебиетін оқыту әдістері шеңберіндегі мамандарды дайындауға бағытталған.
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы қазіргі уақытта жоғары кәсіби білім беру саласында білім беру қызметін жүзеге асырады: бакалавр, магистратура, PhD доктарантура (5В020500/6В02301-Филология, 6М020500/7М02301-Филология,6D020500/8D02301 -Филология)
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы
- Отандық филология (қазақ/орыс тілі мен әдебиеті);
- Аударма ісі;
- «Кәсіби қазақ/орыс тілі», «Іскерлік лингвистика» 5В020500/6М02301 - Филология оқыту кафедрасының бірегейлігі «Аударма ісі» болып табылады, ол әр мекемелерде аудармашы, білім беру мекемелерінде басшы-ұйымдастырушы, мемлекеттік қызметші, түрлі ұйымдарда іс жүргізуші ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, іскерліктері мен дағдылары басым машықталған мамандарды даярлауға бағытталған.
Шетел университеттерімен ынтымақтастық:
Острав университеті, Чеш Республикасы, Острав қ.;
Польша университеті, Лодзь қ.;
Челябинск мемлекеттік университеті, Ресей, Челябинск қ.;
Тюмен мемлекеттік университеті, Россия ,Тюмень;
Қазан (Приволжский) федералды университеті, Қазан қ.
Кафедра оқытушылары жыл сайын тағылымдамадан өтеді:
- Түмен мемлекеттік университеті(Тюмень қ., Ресей);
- Қазан (Приволжский ) университеті(Қазан қ.);
- РАН (Мәскеу қ.);
- Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.)
- "Өрлеу" ҚР БҒМ
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс істейді: кафедра оқытушыларын радио мен теледидарға бағдарламалардың қатысушылары ретінде шақырады. Кафедраның өткізілген ғылыми және қоғамдық іс-шараларының нәтижелері А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ және Қостанай қ.баспа басылымдарында жарияланады.
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының филиалы негізінде (Л. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана) «Әдеби альманах» ЭП - жобасы, сондай-ақ Рухани жаңғыру аясында «Қостанай облысы: адам, тарих, оқиғалар. Қостанай облысы бойынша әдебиет бөлімі. «Қостанай қаласының Л. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы» КММ базасында (Дюсибаева Д. Т. – жоба жетекшісі, Абсадыков А. А., Тулегенова Ш. И.– жоба мүшелері).
Шетел филологиясы, тіл және әдебиет теориясы кафедрасы бірлесіп "Тіл білімінің өзекті мәселелері"," Лингвистика және лингводидактиканың қазіргі мәселелері "атты ғылыми-әдістемелік семинар-форум, дөңгелек үстелдер өткізді»; тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары оқушылардың ғылыми жұмыстарын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді (пікір) жүзеге асырады (Досова А. Т., Тасмағамбетова З. Ж., Тулегенова Ш. И., Кайпбаева А. К., Абубакирова Г. Н.) тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының мүшелері 10-11 сынып оқушыларының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті бойынша қалалық және облыстық олимпиадаларының қазылар алқасының жұмысына қатысады (Тулегенова Ш. И., Досова А. Т., Дускенова Д. О.).
Бітірушілердің жұмысқа орналасуы:
5В020500 - Филология (бакалавриат) және 6М020500 – Филология (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыру Қостанай қаласы мен Қостанай облысының қажеттіліктеріне негізделген. 3 курстан бастап, бакалавр-студенттермен, 2 курстан бастап магистрант-студенттермен аймақтық еңбек нарығында бейімделу жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын университетте "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі" өткізіледі, оған әлеуетті жұмыс берушілер – қаланың мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарының өкілдері шақырылады. Облыс ұйымдары түлектер үшін қаланың және облыстың орта оқу орындарында бар бос орындар тізімін ұсынады.
Студенттердің теориялық және практикалық дайындығының жоғары деңгейі Қостанай қаласы мен облыстың еңбек нарығында олардың білімдерін жүзеге асыруға ықпал етеді. "Филолог" біліктілігін алған бакалаврлар мен магистрлер білім беру саласындағы ұйымдастырушылар, қазақ/ орыс тілі мен әдебиеті оқытушылары, аудармашылар, баспасөз хатшылары, жарнама жөніндегі менеджерлер, бизнес саласындағы мамандар, корректорлар, іс қағаздарын жүргізуші және т. б. жұмыс істейді.
Оқу аяқталғаннан кейін кафедра түлектері 6М020500 – Филология және 6D020500-Филология докторантура білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Кафедра оқытушылары: Абубакирова Г. Н., Ш. И. Тулегенова қалалық "Дарын" орталығының оқушыларымен пәндік олимпиадаларға (қазақ тілі) дайындау бойынша сабақтар өткізеді.
Жыл сайын кафедра Қостанай қ. студенттері мен тұрғындарына арналған "жаппай диктант" (орыс және қазақ тілдерінде) өткізеді.
5В020500/6М020500-Филология бойынша шетел ғалымдарын дәріс оқуға және сабақ өткізуге сұраныс жүргізу. Олардың сапарлары барысында (Ресей профессорлары Минненгулов Ю. Х., Қараболатова И. С.) тіл байланысы, ономастика, психолингвистика, лингвофольклористика, Мәдениетаралық коммуникацияның этнопсихолингвистика мәселелері бойынша студенттер мен магистранттарды оқытудағы лекциялар оқылды, оқытушылар, магистранттар мен филолог студенттер үшін олармен консультациялар жүргізіледі.
Ішкі академиялық ұтқырлық аясында және ғылыми-шығармашылық ынтымақтастықты дамыту мақсатында 03.04.-10.04.2019 ж. аралығында тіл және әдебиет теориясы кафедрасына Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Нуртазина Марал Бекеновна шақырылды. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ докторанттары, жас оқытушы – филологтары үшін «Методы, модели и парадигмы обучения языку в ракурсе компетентностного подхода» атты мастер класс және докторанттар мен оқытушылар үшін тіл білімінің өзекті мәселелері бойынша семинар өткізді.
Лингвистикалық ғылыми – зерттеу зертханасы
Лингвистикалық ғылыми-зерттеу зертханасы ГӘФ тілдер кафедраларға лингвистика және лингводидактика саласындағы теориялық-әдіснамалық деңгейін және ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін көтеруге, және де педагог-зерттеушілердің әдіснамалық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
ЛҒЗЗ қызметін негізгі екі бағытта жүзеге асырады:
1. Қазақ және орыс лингвистиканың мәселелері бойынша ғылыми ізденістер жүргізу және тіл және әдебиеттің ПОҚ сұрақтарын іске асырады;
2.Тәжірибе жүргізудегі зерттеу нәтижелерін енгізу.
ЛҒЗЗ мақсаттарын іске асыру үшін келесі қызмет түрлерін жасайды:
- Лингвистика, аудару саласындағы ҚР, алыс және жақын елдердегі жетекші зерттеушілердің тәжірибесін қорытындалау және зерттеу;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындап, зерттеу нәтижелер мен жаңа педагогикалық тәжірибелерді енгізу;
- Жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын көтеруге бағытталған жетекші ғылыми-педагогикалық жетістіктер жүйесінің өзара байланысын дамыту;
- Жетекші ғылыми-педагогикалық жетістіктер жүйесінің байланысын дамыту, оқу орындардағы білім сапасын арттыру.
Зертхананың сапалық мақсаттарын шешу үшін материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етуі жеткілікті. Аудиторияда 108 жаңа техникалық оқу құралдары бар: интерактивті тақта, 2 мультимедиялық проектор, DVD AIWA бейнемагнитофон, LG 29 К 30 теледидар, ресивер (қазақ, ағылшын, неміс, француз тілдерінде көптеген каналдарды қолданады ), Медиум 524 Р оверхедпроектор, Canon LBP 1120 принтер, Интернетке шығатын 3 компьютер, HP SJ 2400 сканер.
ҒЗЗ кітапханалық қорымен қамтамасыз етілген: «Вопросы языкознания», «Педагогические технологии», «Иностранные языки в школе», «Иностранные языки в высшей школе», «Қазақ тілі», «Қазақ әлем әдебиеті», «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл», «Русский язык в школах и вузах Кахастана», Вестники МГУ, НГУ, КазНУ им. Аль-Фараби және т.б. ғылыми және ғылыми-әдістемелік журналдар, басылымды және электронды оқулықтар, оқу-әдістемелік нұсқаулар, кандидаттық диссертациялардың авторефераттары, ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары; ақпараттық-коммуникативті құралдар: электронды оқулықтар, компьютерлік сөздіктер, оқу-әдістемелік әдебиетінің электронды каталогтары; экранды- дыбыстық құралдар: аудиожазбалар, бейнекассеталар және дискілердегі бейнефильмдер.
ГӘФ тілдер кафедралардың ПОҚ және «Филологиясы» мамандықтарының магистранттары үшін зертханада үнемі оқу ғылыми және ғылыми-әдістемелік «Актуальные вопросы современной лингвистики», «Қазіргі қазақ/орыс филология сұрақтары» атты семинарлар жүргізіледі.
ЛҒЗЗ келесі ғылыми тақырыптар бойынша зерттеулер өткізіледі: «Қостанай облысының бала мәдениетін зерттеу» (Ахметова Б.З. профессор), «Юрислингвистика сұрақтары» (Оразбаева А.С., доцент), «Қазақ тіліндегі этномәдени сипаттағы лексикалық бірліктердің табиғаты» (Досова А.Т., ф.ғ.к., ТжӘТ кафедрасының доценті).
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасында жазғы лингвистикалық лагерь жұмыс істейді. Лингвистикалық лагерьдің мақсаты – балабақшалардың тәрбиеленушілерін, мектеп және университет оқушыларын қазақ және орыс тілдерін үйрету. Оқу бағдарламасы үш деңгей бойынша құрастырылған (1, 2, 3). Бұл бағдарлама дамыған мемлекеттердің тәжірибелеріне және жазылым, айтылым және тыңдалым арқылы тілдерді оқытудың отандық әдістемесінің үздік дәстүрлеріне негізделген. Бағдарламаның тақырыптарын меңгеру мақсатында келесі жұмыс түрлері жүргізіледі: ойындар, викториналар, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыстар және т. б.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жай бойынша байланыса аласыздар: Байтұрсынов көшесі 47, корпус – 1, Гуманитарлық-әлеуметтік факультет, Тіл және әдебиет теориясы кафдрасы, №206 аудитория, телефоны 39-01-89.
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасына бекітілген оқу пәндердің тізімі
5В020500/6В02301-Филология
Пәндер |
Түркі филологиясына кіріспе |
Тіл біліміне кіріспе |
Русский язык |
Қазақ халық ауыз әдебиеті |
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы |
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы |
Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті |
Орыс әдебиетінін тарихы |
Әдебиеттануға кіріспе |
Кәсіби орыс тілі |
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы |
XҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы |
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы |
Әлем әдебиетінің тарихы |
Орфография және пунктуация практикумы |
Нормативтіқ қазақ тілі |
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы |
Мәнерлеп оқу |
Шешендік өнер |
Жалпы тіл білімі |
XX ғ.басындағы қазақ әдебиетінің тарихы 1900-1930 |
Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі |
XX ғасырдың II-жартысыңдағы қазақ әдебиеті |
Қазіргі қазақ әдебиеті |
Қазақ әдеби тілінің тарихы |
Салыстырмалы грамматика |
Аударманың теориясы мен практикасы |
Ономастика теориясы мен практикасы |
Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі |
Стилистика және тіл мәдениеті |
Шешендік өнер және мәнерлеп оқу |
Кітапханатану |
Кітапханалық қорлар мен тізімдемелерді ұйымдастыру |
Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі |
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау |
Аудармашы жұмысындағы Интернет-технология |
Әдебиеттің сыны / Әдебиет сыны |
Қазақ тілің оқытудың әдістемесі |
Кәсіби казак тілі |
6М020500/7М02301-Филология
Тіл білімінің/әдебиеттанудың жана багыттары |
Этнопсихоәлеуметтік лингвистика |
Постмодернизм әдебиеті |
Ғылыми мәтіндер құрылымы |
Лингводидактика тарихы |
Тіл экологиясы: ауызша және жазбаша сөйлеудің мәдениеті |
Юрислингвистика |
Қазақстандағы қазіргі әдеби үрдіс |
Ақпараттық дәуірдегі мәтін |
Іскерлік орыс тілі |
Іскерлік риторика |
Лингвистикалық ілімдердің тарихы |
Контрастивтік лингвистика |
Әдебиеттегі фольклорлық дәстүрлер |
Әдебиеттанымдық зерттеудің әдіснамасы |
Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау |
Көптілді тұлғаның коммуникативті құзіреттілігін дамыту |
Көптілдік аймақтағы ұлттық тілді және мәдениетті қалыптастыру және дамыту |
Актуальные проблемы русского языкознания/русского литературоведения |
Этнопсихосоциолингвистика |
Юрислингвистика |
Литература постмодернизма |
Современный литературный процесс в Казахстане |
Построение научных текстов |
Организация и планирование научно-исследовательской работы |
История лингводидактики |
Экология языка: культура устной и письменной речи |
Контрастивная лингвистика |
Фольклорные традиции в литературе |
Текст в информационную эпоху |
Іскерлік қазақ тілі |
Деловая риторика |
История лингвистических учений |
Методология литературоведческого исследования |
Развитие коммуникативной компетенции полиязычной личности |
Формирование и развитие национального языка и культуры в полиязычном регионе |
Іскерлік қазақ тілі |
6D020500/8D02301 -Филология
ХХ ғ. екінші жартысы - ХХІ ғ. басындағы қазақ филологиясының ғылыми басымдықтары/Научные доминанты русской филологии второй половины ХХ в. - начала ХХІ в. |
Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы/Методология научных исследований |
Нарратология |
Этнопоэтика |
Дискурс теориясы: дискурсивтік талдаудын әдістері және контент-талдау / Теория дискурса: методы дискурсивного анализа и контент-анализ |
Гендерлік лингвистика / Гендерная лингвистика |
Тілдік контакт және тілдік қақтығыс / Языковой контакт и языковой конфликт |
Әдеби зерттеу ұстанымдары мен әдістері / Позиции и методы литературного иссследования |
Әлем көркем әдебиетінін философиясы / Философия мировой художественной литературы |
Қазақ әдебиетінін даму үрдістері және әдеби сын / Процессы развития русской литературы и литературная критика |
Семиотика |
Оқу түрі:
Бакалавриат
Білім беру қызметі күндізгі және сырттай бөлімдер бойынша, келісім шарт негізінде және мемлекеттік грант негізінде жүргізіледі.
Күндізгі бөлімінде білім беру қызметі:
- жалпы білім беру негізінде білім беру бағдарламасы;
- техникалық және кәсіби білім беру негізінде қысқартылған білім беру бағдарламасымен жүргізіледі.
Сырттай бөлімінде білім беру қызметі:
- техникалық және кәсіби оқу бағдарламасы негізінде білім беру бағдарламасы;
- жоғарғы білім беру базасында қысқартылған білім беру бойынша жүргізіледі.
Техникалық және кәсіби білім беру негізінде қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметі 5В020500-Филология: қазақ тілі тек қана бұрын туыстас мамандықтар бойынша білім алған колледж түлектері үшін.
Магистратура
Ғылыми-педагогикалық бағыт.
Профильді
Оқу тек күндізгі бөлімде өтіледі. Магистранттар ақылы және мемлекеттік білім тапсырмаларымен оқытылады, яғни мемлекеттік грант бойынша.
Докторантура
Ғылыми-педагогикалық бағыт.
Оқу тек күндізгі бөлімде өтіледі. Докторлар ақылы және мемлекеттік білім тапсырмаларымен оқытылады, яғни мемлекеттік грант бойынша.
Ғылыми бағыт
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы: «Языковая картина в русском и казахском языкознании».
Кафедраның ОПҚ ғылыми қызметінің негізгі бағыты:
- іргелі, қолданбалы ғылыми-зерттеу жымыстарын өткізу;
- оқу үрдісіне ҒЗЖ нәтежиелерін енгізу;
- студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.
Кафедра ғалымдарының зерттеу барысында алған ғылыми нәтижелері оқу үрдісінде белсенді түрде қолданылады: дәрістік курстарда, курстық, дипломдық жұмыстарды, магистрлік және докторлық диссертацияларды жазу.
Жетістіктер
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы тілдердің тоғысу мәселелерін, аймақтық этнолингвистика, қазақ және орыс говорларының , көркем мәтіннің семантикалық аспектілер мәселлерін қосады. Кафедра оқытушылары ғылыми жобалар жасауда.
Қазіргі уақытта кафедра ұжымы «Этникалық аймақтағы тiл және мәдениет экологиясы: Қостанай облысындағы диаспораларының тiлдерi» және «Аймақтық этнолингвистика: Қостанай облысының топонимия деректері бойынша» атты тақырыптар бойынша ҚР Ғылым және Білім министрлігінің гранттық қаржы бойынша мәселелерді зерттеуін жалғастыруда, сонымен қатар кафедра ұжымы «Қостанай облысының топонимдік сөздік» атты сөздікті жарыққа шығару бойынша жұмыс істеуде.
2017 жылы кафедра доценті Қайыпбаева А."А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ құрметті қызметкері" медалімен марапатталды. Кафедраның аға оқытушысы Тасмағамбетова З. Ж. - А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректорының алғыс хаты берілді. Кафедраның аға оқытушысы Тулегенова Ш. И. - "жылдың үздік кураторы"атанды.
Кафедра профессоры А. А. Абсадыков-ҚХА Қостанай филиалының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінің номинанты.
Кафедра доценттері Берденова С. Ж. "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (2016 ж.), Досова А. Т. "Үздік монография" (2017ж.) номинациясының жеңімпазы атанды.
Қазақстанда 2018 жылы алғаш рет Elsevier компаниясы Scopus нұсқасы бойынша елдің үздік ғалымдарын марапаттады. Зерттеушілер 9 номинация бойынша марапатталды деп хабарлайды Zakon.kz. Elsevier ақпараттық-талдау компаниясы Scopus ең ірі ғылыми-талдау платформасының нұсқасы бойынша жетекші қазақстандық ғалымдардың аттарын жариялады. Олардың ішінде Ахметова Б. З., канд.ф.ғ.ғылымдар тіл және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры Scopus Award беделді сыйлығын алды.
Студент және магистранттардың зерттеулері.
Кафедра дарынды жастарды әртүрлі конкурстарға, конференцияларға және түрлі іс-шараларға белсенді қатысуы арқылы анықтайды.
Ғылыми конференцияларға 5В020500-Филология: Ақылбек Алмагүл, Пішенбай Орынкүл, Нұрман Айым, Шахадинова Айниса белсенді қатысады.
Филология мамандығының студенті Қасым Нұрсұлтан атаулы шәкіртақы алды. Ал Бағдаулет Арысбек, Жанагүл - Федоров ауданы әкімінің грантының иегері, 4 курс студенті Шопанова Гүлнұр-Әулиекөл ауданы әкімінің грант иегері.
Магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. Олар жыл сайын халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалармен сөз сөйлейді. 6М020500-Филология факультетінің барлық магистранттары оқуды аяқтау кезеңіне 2-ден 5-ке дейін жарияланған ғылыми мақалаларға ие, бұл магистранттарға докторантураға түсуге немесе университетте еңбек жолын бастауға мүмкіндік береді.
студенттік өмір
«Алтын босаға» клубын университет қабырғасында тіл және әдебиет кафедрасының аға оқытушысы Шынар Исламбекқызының бастауымен 2014 жылы ашылған болатын. Бұл клубтың негізгі мақсаты: студентер арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеп, насихаттау.
«Ахмет ұрпақтары» дебат клубы:
Дебат кулыбының мақсаты саяси және экономикалық сауаттылығын дамыту, өзінің ой-пікірін анық, дәл айты. Дебаттың негізгі мақсаты екінші бір тұлғаны тындап, өз кезегінде өз ойын толық жеткізу. Тақырыптың өзектілігін ашу. Жыл сайын дебат клубы халықаралық және республикалық деңгейде өтеді.
Негізгі қызметтерінің бағыттары:
- Дебат клубын дамыту, клыбқа жаңа мүшелерді тарту олармен белсенді жұмыстар жүргізу;
- Қазақ тілінде үгіт насихаттар жүргізу;
- Студенттердің патриоттық сезімін дамыту;
- ЖОО, ұйымдарға белсенді қатысу;
- Республикалық және қалалық дебат турнирларына қатысу;
- Атақты ұйымдық қызметкерлермен кездесу;
«Мәнерлеп оқу» үйірмесі
Мәнерлеп оқу үйірмесінің мақсаты - көркем шығармалардағы адамның өмірге араластыратын рухын, танымын көтеретін студенттік жастардың шығармашылыққа деген ынтасын ояту.
Мәнерлеп оқу және сөйлеу әдеби тілінің бейнелі жеткізуге жағымды әсер етеді.
Студенттердің шығармашылығы:
Шығармашылық жұмыстарында студенттер өзіне жақын, өзі қызығатын жұмыстармен айналысады. Кейбір студенттер КТК, «Факультет аруы», Халықаралық студент күніне арналған, Наурыз және басқа да өзіне жақын бағдарламмаларға қатысады.
Қапезов Жанат, филология мамандығының 3 курс студенті А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Жайдарман тобының мүшесі.
«Шаңырақ» студенттік театрында 5В020500-Филология мамндығының: Толеген Каракоз, Капезов Жанат, Есенгелди Ерназар студенттері басты рөл атқрады.
Жетістіктер:
Пішенбай Орынкүл , 3 курс студенті Республикалық «Үздік студент - 2018» қатарына еніп медаль және сертификат, алғыс хатпен марапатталды.
Қазақ бөлімінің 3 курс студенті Хасенова Жадыра орыс тілінің білгірлері үшін «Язык клуч всем знаниям» атты мәнерлеп оқу конкурсына қатысып облыстық байқаудың 2 орынына иеленді.
Касымов Нурсултан, 4 курс студенті Республикалық және аудандық айтыста 2орынға ие болған.
Жумакенов Нурислам, 4 курс студенті Республикалық дебаттық турнирлердің жеңімпазы. (Астана қ.; Актобе қ.; Кокшетау қ.; Алматы қ.) Алматы қ. өткен Техно-Cupта «Спикер топ-2» номинациясын жеңіп алды.
Садманов Жарбол, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ кұресінен Қостанай қаласының «Қостанай қыраны» ІІ кезеңі іріктеу турнирінде бас жүлде, яғни І орынды иеленді.