Кафедра туралы
А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректорының 2009 жылғы 15 маусымдағы № 73 бұйрығының негізінде Оқу кеңесінің шешімімен Практикалық лингвистика кафедрасы құрылды.
Кафедрада көп жылдар бойы Қостанай педагогикалық институтының 1973 жылғы түлегі, Ленин стипендианты, педагогика ғылымының кандидаты, профессор Нұрсейітова Ә.Қ. жетекшілік етті. 2011 жылдан бастап филология ғылымының кандидаты Жүрсіналина Г.Қ. жетекшідік етеді.
Кафедрада университеттің және педагогикалық институттың әр жылғы түлектері жұмыс істейді. Олар: Сарманова Ф.Т., Әбілбекова Б. Т., Бекбосынова А.Ж., Манахова Т.Е., Құсайын Ж.Қ., Ақдаулетова Ж.А., Нұрсейітова А.А., Алтыбаева А.Б., Испандиярова А.Т., Миркемелова А.Б.; Көлбаева М.М., Көшкінбаева Қ.Т., Өтебаева А.Қ, Құсаинова М.М., бірнеше жылдан бері кафедрада Ахметова Ф.Қ. лаборант ретінде өз жұмысын тиянақты атқарып келеді.
Кафедра мүшелері «Жоғары оқу орнында қазақ тілі мен орыс тілін оқыту әдістемесі» атты кешендік ғылыми-зерттеу тақырыбын жасауда. 2009-2011 жж. 33 ғылыми мақала, 9 электронды оқулық шығарылды.
Кафедраның аға оқытушысы Иргизбаева Қ.Б. – «Мемлекеттік тілдің үздік оқытушысы» атты Республикалық конкурстың дипломанты.
Кафедра оқытушылары студенттердің шығармашылық және патриоттық сана-сезімін ояту мақсатында мемлекеттік тілге байланысты конференция, семинар, дөңгелек үстел шараларын өткізуде. Оқытушылар Әбілбекова Б.Т, Алтыбаева А.Б., Сарманова Ф.Т., Иргизбаева Қ.Б. қазақ тілінен сабақ беретін қала және облыс мұғалімдеріне «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» атты семинар өткізді. Кафедраның тәжірибелі оқытушылары университет оқытушылары мен қызметкерлерге арналған қазақ тілін тереңдетіп оқыту курсын ұйымдастырған.
Кафедра ұжымы халықаралық, республикалық конференциялар және семинарларға қатысып, үнемі өз шеберлігін көтеріп отырады. Олардың педагогикалық шеберлігі дипломдармен және сертификаттармен бағаланып отырады.