Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ғылыми бағыттар

Кафедраның ғылыми бағыты – деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру.

 

ҚР ХҒБ мемлекеттік грант алуға 2 ғылыми жоба жіберілді:

 

 

1.Журсиналина Г.К. Солтүстік  Қазақстан  аймағы  бойынша қазақ тілінің даму  ерекшеліктерін салыстырмалы - салғастырмалы талдау.


Жобаның мақсаты- тілдің дамуын әлеуметтік – лингвистикалық тұрғыдан зерттеу. Тілдік мәселе кешенді мәселе болып табылады, ол әлеуметтік, экономикалық, саяси-құқықтық, аймақтық, жергілікті және басқа да ерекшеліктермен тығыз байланысты. Жобаның мақсаты- қазақ тілінің даму ерекшеліктерін салыстырмалы талдаулар арқылы , Қазақстанның солтүстік өңірдегі қазақ тілінде сөйлей білу деңгейлерін анықтау.

 


  

Міндеттер:

 

  1. Мемлекеттік тілдің аймақтық  ғылыми- лингвистикалық базасын құру ( жергілікті  қазақ тілінің ерешеліктерін көрсету мақсатында зерттеулер жүргізу, қоғамның сөйлеу мәдениетін кеңейту мен тереңдету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тереңдету мақсатында лингвоәлеуметтік (мәдени) елтану зерттеулері мен  оқу құралдарын дайындау;
  2. Зерттеудің инновациялық сипаты : заң саласында мемлекеттік тілдің аймақтық ерекшелігін анықтау.
  3. Аймақтың экономикалық - әлеуметік, тарихи – географиялық , демографиялық ерекшеліктеріне байланысты қазіргі қазақ тілін дамыту барысында ғылыми-зерттеу бағдарламасының негізгі және қосымша саласында жаңа тенденцияларды салыстыру, сипаттау керек.

   

 

Күтілетін нәтижелер  


Зерттеудің инновациялық сипаты : аймақтық ерекшелікке байланысты мемлекеттік тілдің қызметі Солтүстік аймақтың  заңды-құқықтық, әлеуметтік- экономикалық, демографиялық, географиялық, саяси- аумақтық салаларында байқалады. Бұл мәселе  жеткілікті түрде өңделмеген, әлеуметтік- лингвистикалық зерттеулер жүргізілмеді. Бұл мақсатта   әкімшілік, әлеуметтік, қоғамдық органдардың тіл туралы статистикалық мәліметтер көрсетілмеген. Жобаны іске асыру барысында келесі міндеттер шешіледі:

  1. Аймақтағы тілдің даму динамикасы анықталады.
  2. Солтүстік аймақ бойынша статистикалық талдау жүргізіледі.
  3. Қазақстан және шетел баспаларына мемлекеттік тілдің әлеуметтік- экономикалық, демографиялық, географиялық, саяси- аумақтық ерекшеліктерінің қызметі зерттеулердің нәтижелері туралы мақалалар дайындалады.  

 

 

 2.Нурсеитова А.К. Пути формирования коммуникативной компентенции полиязычной личности студента на    занятиях по русскому языку. 


 

Зерттеудің мақсаты келесі міндеттерді шешуде іске асады:


  1. Орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің барлық деңгейлерінде тілдік әмбебаптығын анықтау.
  2. Жоғары оқу орындарында қос және көптілділік тұлғаны  дамыту саласында  мемлекеттік тілде оқитын  барлық мамандық  студенттері үшін,   орыс тілі пәні бойынша оқу -әдістемелік кешеніне талдау жасау.
  3. Пәнаралық және тілдік пәндер арасындағы байланыс принциптерін іске асыруда  тәсілдер мен әдістерді анықтау.
  4. Орыс тілі сабақтарында студенттің тілдік қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыруда тиімді әдістемелік жүйесін жасау.

Біздің зерттеу жұмысымызда ҚР жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесіндегі қос және көптілділікті дамыту мәселесі  және анықтау ерекшелігі болып табылады.

 

Жобаның ғылыми жаңалығы және өзектілігі


Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік- лингвистикалық қостілділік қарқынды дамуда. Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша қостілділік ешқандай кедергісіз даму керек; біздің қоғамның ауқымды міндеттері билингвистикалық білім беруді қайта құруды талап етеді, әсіресе бұл жағдай  жоғары оқу орындарындағы қазақ және орыс тілінде жүргізілетін топтарда қарастырылған.

Өз ана тілін, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін білу болашақ маманның көзқарасын кеңейтеді, оның жан-жақты дамуына, толеранттылығының қалыптасуына әсер етеді.

 

 Күтілетін нәтижелер


-         халықаралық ғылыми- практикалық конференцияларға қатысу (2 баяндама);

-         ҚР ЖАК журналдарына 2 мақала дайындау;

-         Тілдік еме мамандықтардың  1 курс студенттеріне арналған «Орысша-қазақша-ағылшынша сөздігін » баспаға дайындау( қазақ бөлімі);

-         Факультет оқытушылары мен магистранттарына ғылыми- әдістемелік семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру және өткізу;

-         сарапшы ретінде жұмыс.

 

Күтілетін нәтижелердің ғылыми – практикалық құндылығы мынада:

 

-         жоғары оқу орнында студенттің қос және көптілділік тұлғасын қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық негіздерін анықтау;

-         дидактикалық мақсаттарда қос және көптілділік құбылыстарының лингвоәдістемелік сипаты;

-         болашақ маманның көптілділік коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында әдістемелік жүйелерді жасау.


PDF