Оқу және ғылыми лабораториялар
Лингвистикалық ғылыми – зерттеу зертханасы
Лингвистикалық ғылыми-зерттеу зертханасы ГӘФ тілдер кафедраларға лингвистика және лингводидактика саласындағы теориялық-әдіснамалық деңгейін және ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін көтеруге, және де педагог-зерттеушілердің әдіснамалық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
ЛҒЗЗ қызметін негізгі екі бағытта жүзеге асырады:
1.А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғалымдары, докторанттар, магистранттар және студенттер күшімен лингвистика және лингводидактика, теория мәселелері, әдістеме және аудару дидактикасының мәселелерімен ғылыми ізденістер жүргізу.
2.Оқыту практикасындағы білім беру, қоғамдық және басқа да мекемелердің зерттеу нәтижелерін енгізу.
ЛҒЗЗ мақсаттарын іске асыру үшін келесі қызмет түрлерін жасайды:
- Лингвистика, филология, лингводидактика және аудару саласындағы ҚР, алыс және жақын елдердегі жетекші зерттеушілердің тәжірибесін қорытындалау және зерттеу;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындап, зерттеу нәтижелер мен жаңа педагогикалық практикаларды енгізу;
- Жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын көтеруге бағытталған жетекші ғылыми-педагогикалық жетістіктер жүйесінің өзара байланысын дамыту;
- Лингвистика, лингводидактика және аудару саласындағы база көрсеткіштері мен бағдарламалық-ақпараттық білім беру нәтижелерін қалыптастыру;
- Зертхананың негізгі бағыттары бойынша ҚР, алыс және жақын елдердегі оқу орындарымен ғылыми байланысын қолдап отыру.
Зертхананың сапалық мақсаттарын шешу үшін материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етуі жеткілікті. Аудиторияда 108 жаңа техникалық оқу құралдары бар: интерактивті тақта, 2 мультимедиялық проектор, DVD AIWA бейнемагнитофон, LG 29 К 30 теледидар, ресивер (қазақ, ағылшын, неміс, француз тілдерінде көптеген каналдарды қолданады ), Медиум 524 Р оверхедпроектор, Canon LBP 1120 принтер, Интернетке шығатын 3 компьютер, HP SJ 2400 сканер.
ЛҒЗЗ кітапханалық қорымен қамтамасыз етілген: «Вопросы языкознания», «Педагогические технологии», «Иностранные языки в школе», «Иностранные языки в высшей школе», «Қазақ тілі», «Қазақ әлем әдебиеті», «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл», «Русский язык в школах и вузах Кахастана», Вестники МГУ, НГУ, КазНУ им. Аль-Фараби және т.б. ғылыми және ғылыми-әдістемелік журналдар, басылымды және электронды оқулықтар, оқу-әдістемелік нұсқаулар, кандидаттық диссертациялардың авторефераттары, ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары; ақпараттық-коммуникативті құралдар: электронды оқулықтар, компьютерлік сөздіктер, оқу-әдістемелік әдебиетінің электронды каталогтары; экранды- дыбыстық құралдар: аудиожазбалар, бейнекассеталар және дискілердегі бейнефильмдер.
ГӘФ тілдер кафедралардың ПОҚ және «Шетел филологиясы» мамандықтарының магистранттары үшін зертханада үнемі оқу ғылыми және ғылыми-әдістемелік «Актуальные вопросы современной лингвистики», «Проблемы современной лингводидактики», «Школа молодого исследователя-лингвиста» атты семинарлар жүргізіледі.
ЛҒЗЗ келесі ғылыми тақырыптар бойынша зерттеулер өткізіледі: «Когнитивный, деятельностный, мотивационный аспекты изучения языковых явлений в коммуникативной среде Северного Казахстана» (Монгилева Н.В., ф.ғ.к., ШФ кафедрасының аға оқытушысы), «Стратегия воздействия коммуникативно-прагматических особенностей на стилистические способы выражения личности в структуре художественного текста» (Самамбет М.К., ф.ғ.к., ШФ кафедрасының доценті ), «Сопоставительный анализ стратегий речевого воздействия в юридической коммуникации (на примере казахского, русского и английского языков)» (Никифорова Э.Ш., ШФ кафедрасының аға оқытушысы), «Портфолио как средство формирования профессиональной компетентности будущих специалистов» (Мустафина К.Е., ШФ кафедрасының аға оқытушысы), «Қазақ тіліндегі этномәдени сипаттағы лексикалық бірліктердің табиғаты» (Досова А.Т., ф.ғ.к., доцент ВАК, тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының доценті), «Риторикалық мәдениет қалыптастырудағы ойталқының прагмастилистикалық сипаты» (Журсиналина Г.К., ф.ғ.к., ПЛ кафедрасының меңгерушісі ), «Формирование коммуникативной компетенции полиязычной личности студента на зантиях по русскому языку в ВУЗе» (Нурсеитова А.К., п.ғ.к., профессор, ПЛ кафедрасы), «Развитие этнокультурных качеств личности при обучении иностранному языку» (Федорова М.Л., ШФ кафедрасының аға оқытушысы).